Просмотр содержимого документа
«"Ю ?рпіні? жазылуы" »
Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты: Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йу дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ
1. Кіріспе бөлім
а) Тақтаға аю мен оюдың суреті ілінеді. Оқушылар аю, ою сөздерін дәптерлеріне жазады.
Аю мен ою сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.
Аю - екі буын, екі әріп, үш дыбыс.
А - жуан дауысты дыбыс.
Ю - дауысты дыбыс.
ә) «Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға бірнеше кеспе әріптер батырмамен (кнопкамен) бекітіледі. Оқушылар дауыссыз дыбыстарды бір бөлек, жуан дауысты дыбыстарды бір бөлек және жіңішке дауысты дыбыстарды бір бөлек қояды.
- Қай әріп артық қалды?
- Ю әрпі.
- Неліктен?
- Ю - дауысты дыбыс. Бірақ ол екі дыбыстан (йу) тұрады.
2. Негізгі бөлім.
Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.
1. Жұмбақтар шешу.
Апанда алты ай ұйықтайтын, Білесің бе батырды?
Ұзын құлақ, қысық көз
Орғып-орғып сай кезген.
Аю, қоян сөздерін тақтаға бір оқушыға жазғызу. Дұрыс-бұрыстығын тексеру.
- Аю сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?
- Аю сөзінде «иу» дыбыс естілгенмен, ю әрпін жазамыз.
- Тағы ю әрпі жазылатын қандай сөздерді білесіңдер?
- Қоян сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?
2. Оқулықпен жұмыс.
Осы сабақтағы жаттығулар я, ю әріптерінің жазылуына арналады.
3. Үлестірмелі қима қағаздары таратылып беріледі.
4. Сурет бойынша жұмыс.
Тақтаға бақшада жұмыс істеп жүріп, аяғын жарақаттап алған баланың суреті ілінеді.
— Сурет бойынша не айтуға болады?
— Балаға не болды?
- Бақшадағы құрттарды не деп айтуға болады? (Зиянкес).
- Аяқ, зиянкес сөздерін кім тақтаға жазып көрсетеді?