| Сыныбы: | 2 сынып |
| Пәні | Әдебиеттік оқу |
| Мұғалімі: | Ильясова Гүлім Нақыпқызы |
| Сабақтың тақырыбы: | Батылдық |
| Сабақтың мақсаты: | Мәтін мазмұны мен негізгі идеясын ашу |
| Сілтеме: | Әдебиеттік оқу. Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2- сыныбына арналған оқулық. Алматыкітап баспасы 2013ж |
| Сабақтың міндеті: | -Кейіпкерлердің іс- әрекетін дәлелдеуге өз көзқарасын көркем тілмен жеткізе алуға үйрету. -Оқушуларды шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға, қиялдауға, шешен сөйлеуге жағдай туғызу. Жолдас баланың батылдығын, талпынысы мен табандылығын үлгі ету. |
| Күтілетін нәтиже: | Баланың батылдығы туралы біледі. Өз бетінше ой қорытуды меңгереді. Сыни ойлау, танымдық – шығармашылық белсенділігі артады. |
| Түйінді идеялар: | Мәтінді талдай отырып, күнделікті өмірмен байланыстырып, салыстыра біледі. Мәтіндегі түйінді ойды тауып, ой түйеді. |
| Тапсырма көздері: | Диалог әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қояды. Топтық жұмыстар: өз ойын еркін жеткізу, қосымша деректер, дәлелдеу. |
| Көрнекілігі: | Интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. |
| Қолданылған модульдар: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту мен оқудағы көшбасшылық. Жас ерекшелігіне сай оқыту. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау. |
| Сабақтың жүрісі |
| Сабақтың кезеңдері: | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс – әрекеті |
| I. | Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер. Танысу. Сәттілік тілеу. | Әр оқушы аттарын атап, бір- біріне сәттілік тілейді. |
| II. | Психологиялық ахуал. Амансың ба? Алтын күн! Амансың ба ? Көк аспан! Амансың ба? достарым, Сендерге қарап қуандым! Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу. (Топ басшысын анықтау) | Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ топ басшысын сайлайды. |
| III. | Үй тапсырмасын тексеру. | Мәтінді түсініп оқу. Сурет салу. |
| IV | Жаңа сабақ. «Батылдық» Мәтінмен жұмыс. Дәптермен жұмыс жасау. | Мәтінді өз бетінше оқып, дәптердің ортасындағы сөздерге тән сипаттауларды сызып, жұмыс жасайды. |
| V | Топпен жұмыс I - топ: Бұзылған ойын. II – топ: Қорқынышты жеңген батылдық. III- топ: Балалардың ойы. | Топқа берілген тапсырмалар бойынша, жұптасып бір – бірімен ой бөліседі, диалог құрады. Сыни ойланады, талдайды, сараптайды, болжамдар айтады, қорытынды шығарады. Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта талдап, бір шешімге келеді. Постер жасап қорғайды. |
| VI | Сергіту сәті: | Интерактивті тақтадан көрсетілген қимылдар бойынша. |
| VII | Деңгейлік тапсырма: | I-топ: Қорқақ мың рет өледі, Батыр ............ өледі. II-топ: Батырдың ... өлмейді. III- топ: Қорыққанға ...... көрінер |
| VIII | Қорытынды: | Мәтінді оқып, өзің үшін қандай қорытынды жасадың? |
| IX | Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма: | Мәтінді мазмұндау, 148-149-бет. «Қорқынышқа хат» немесе «Мен қорқынышты қалай жеңдім?» деген күлдіргі әңгіме жаз. |
| X | Кері байланыс: | «Бағдаршам» Қызыл – түсінген жоқпын. Сары – әліде практика қажет. Жасыл – барлығы түсінікті. Осы ұғымдар бойынша текшелерді көтереді |
| XI. | Бағалау: Бірін – бірі бағалау. Формативті бағалау. | Топ басшылары бағалау парағын толтырады. |