Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға шешендік сөздер терең оймен,шебер тілмен айтылатын халық шығармасы екені жайлы түсіндіре отырып,Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би жайлы олардың өмірінен қысқаша мағлұмат беру.
2.Оқушылардың ойлау,сөйлеу сөздерді дұрыс қолдану дағдысын жетілдіре түсу.
3.Тапқырлыққа,шешендікке баулу,мейірімді болуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:Қазыбек би,Әйтеке би,Төле бидің суреті,шешендік сөздер жайлы кітаптардан бұрыш.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.
Жаңа сабақ:Мұғалім:-Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілетін шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ.Яғни саяхат сабағын өткіземіз.Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған.Сонымен бірге олар – тәрбие құралы.Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді, одан үлгі - өнеге алуды тоқтатқан емес.Шешендер, билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған.Шешендіктің негізгі мақсаты – адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіруі.Шешендердің сөз тапқыш, сезімтал, суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған.Олар жалпы өмір туралы, ел қорғау туралы хабардар етіп отырады.Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен, Бопан би,Шоқ би,Ақтайлақ шешен және т.б. Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі, олардың шешендік сөздері, төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында жүргізбекпіз.Саяхат сабағының өтуі ретін жақсы білеміз (мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды).Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін,берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады.Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып, сол қағаздағы сұраққа жауап бересіздер.
Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы.Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер(оқушылар шығып, қағаздағы сұраққа жауап береді).
1.Төле би кім?
2.Төле бидің қандай толғау, шешендік сөздері бар?
1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ, Қыз өссе өріс.
2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,
Ерттеулі тұрған атың ғой.
Ел ішінде қарияң болса,
Жазулы тұрған хатың ғой.
Мұғалім: - Ия,балалар біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік.Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.Енді біздің келесі ауылымыз - Әйтеке бидің ауылы.
1.Әйтеке жайлы не білесіңдер?
2.Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?
1-оқушы:Қысқаша Әйтеке би туралы мәлімет береді.
2-оқушы: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
Бай болып еш пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін.(толғауды толық айтуына болады).
Мұғалім:-Біз, балалар, Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық.Ендігі біздің үшінші ауылымыз – Қаз дауысты Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағазды ретімен алып,ондағы сұрақтарға жауап береді).
1-оқушы:
Алтын ұяң – Отан қымбат
Құт берекең атаң қымбат
Асқар таудай әкең қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Туып - өскен елің қымбат
Ұят пенен ар қымбат.
2-оқушы: «Өркенің өссін десең.»
3-оқушы: «Жалтылдайды екен деп.»
4-оқушы: «Жақсылық пен жамандықтың белгісі.»-деген Қазыбек бидің толғаулары бар.
Ал енді «Қазыбектің Төле бимен кездесуі» деген әңгімені оқыту.
Мәтінмен жұмыс:Берілген сұрақтарға жауап алу.
1.Қазыбек би Төле бимен кездесуге неге құмар болды?
2.Қазыбектің әкесі неге қарсы болды?
3.Төле би Қазыбекті қалай сынады?
4.Қазыбек не деп жауап берді?
5.Қазыбектің жауабын Төле би қалай қабылдады?
Мұғалім:-Балалар, біз шешендік сөз өнерінен алған мәліметтердің қаншалықты терең екендігін байқадық.Халқымыздың атақты үш биінің Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің ауылында болып, өнегелі сөздерін есімізге түсірдік,көп нәрселер үйрендік.
Мұғалім:Біздің ата – бабаларымыз данышпан,шешен болған.Олар кез – келген сұрақтарға, жұмбақтарға ойланбай жауап берген.
- Алты алаш деген кім?
Оқушы: - Алты алаш – Алаша ханның балалары:Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылған.
Мұғалім: - Үш жүз деген кім?
Оқушы: - Үш жүз – Қазақтың ағайынды үш баласы:Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс.
Просмотр содержимого документа
«Асыл сөз-шешендік»
Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Нұрғалиева Д.Б..
4-сынып
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Асыл сөз-шешендік
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға шешендік сөздер терең оймен,шебер тілмен айтылатын халық шығармасы екені жайлы түсіндіре отырып,Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би жайлы олардың өмірінен қысқаша мағлұмат беру.
2.Оқушылардың ойлау,сөйлеу сөздерді дұрыс қолдану дағдысын жетілдіре түсу.
3.Тапқырлыққа,шешендікке баулу,мейірімді болуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:Қазыбек би,Әйтеке би,Төле бидің суреті,шешендік сөздер жайлы кітаптардан бұрыш.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.
Жаңа сабақ:Мұғалім:-Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілетін шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ.Яғни саяхат сабағын өткіземіз.Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған.Сонымен бірге олар – тәрбие құралы.Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді, одан үлгі - өнеге алуды тоқтатқан емес.Шешендер, билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған.Шешендіктің негізгі мақсаты – адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіруі.Шешендердің сөз тапқыш, сезімтал, суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған.Олар жалпы өмір туралы, ел қорғау туралы хабардар етіп отырады.Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен, Бопан би,Шоқ би,Ақтайлақ шешен және т.б. Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі, олардың шешендік сөздері, төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында жүргізбекпіз.Саяхат сабағының өтуі ретін жақсы білеміз (мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды).Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін,берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады.Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып, сол қағаздағы сұраққа жауап бересіздер.
Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы.Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер(оқушылар шығып, қағаздағы сұраққа жауап береді).
1.Төле би кім?
2.Төле бидің қандай толғау, шешендік сөздері бар?
1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ, Қыз өссе өріс.
2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,
Ерттеулі тұрған атың ғой.
Ел ішінде қарияң болса,
Жазулы тұрған хатың ғой.
Мұғалім: - Ия,балалар біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік.Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.Енді біздің келесі ауылымыз - Әйтеке бидің ауылы.
1.Әйтеке жайлы не білесіңдер?
2.Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?
1-оқушы:Қысқаша Әйтеке би туралы мәлімет береді.
2-оқушы: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
Бай болып еш пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін...(толғауды толық айтуына болады).
Мұғалім:-Біз, балалар, Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық.Ендігі біздің үшінші ауылымыз – Қаз дауысты Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағазды ретімен алып,ондағы сұрақтарға жауап береді).
1-оқушы:
Алтын ұяң – Отан қымбат
Құт берекең атаң қымбат
Асқар таудай әкең қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Туып - өскен елің қымбат
Ұят пенен ар қымбат.
2-оқушы: «Өркенің өссін десең...»
3-оқушы: «Жалтылдайды екен деп...»
4-оқушы: «Жақсылық пен жамандықтың белгісі...»-деген Қазыбек бидің толғаулары бар.