Просмотр содержимого документа
«Ана тілі ?азбек биді? шешендігі 4-сынып »
Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 4 сынып
Cабақтың тақырыбы:Қазбек бидің шешендігі.
Сабақтың мақсаты: Шешен Қазбек бидің тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра
отырып, оқушыны тапқырлыққа, шешендікке, үлкенді сыйлауға
тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін,
байқағыштығын жетілдіру; сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: кітап,суреті, сызба, кесте.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. . Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.. ---Балалар, сендерге қандай үзінді ұнады?
--Кім жатқа айтар екен?
---Тезек төре қандай жұмбақ жасырды?
--- Бөлтірік шешен оны қалай шешті
--Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем жабылған қара нар)
--Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт.
---- Сырым Малайсарыға неге ренжіді?
--Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен досыңа қандай бата – тілек айтар едің?
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Қазбек бидің қандай өсиетін 3 класта оқыдық? Мәтінді түсініп , іштей, жалғастырып, рөлмен оқу; шешендік сөздерге көңіл бөлу. Қазбек бидің сұрақтарына берілген жауапты тауып оқы.
Сөздік жұмыс: Кемеңгер кісі – дана, данышпан адам.
Несие – бұл жерде: берген тәрбиенің жемісі.
Жанары таю – көзі нашар көру.
Ү.Жаңа сабақты пысықтау:
1. Төлеби Қазбектен не сұрады?
Қазбек бидіңалыс, жақын, тәтті деп жұмбақтап сұрағаны нелер екен?
Қазбек бидің сөзге шешен, тапқыр екенін жұмбақтап сұраған қай сөздерінен байқауға болады?(Әкеме жете туған баласы болармын. ... Төле биге қойған сұрағынан оның тапқырлығын, шешендігін білуге болады.)
ҮІ. Қорыту: Кестемен жұмыс: зер сал, өз ойыңды тұжырымда. Төле бидің Қазбекке қайырған жауабының мәнін кестегесүйеніп жаз.
Мәні
Жауаптары
Сұрақтары
Алысыңыз қандай? Алысым жақын. Жақыннан көру
Төле би
Қазбек
Тәттіңіз қандай? Тәттім сирек. Ұйқысының сирегені
Несиеңіз қандай? Несием өсіп жатыр. Балаларының күтімі