|   Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Сабақтың мақсатын хабарлау.  1) Абай туралы мәлімет (imektep)   Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты – Ибраһим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибраһим дейтін шын аты аталмай, ел арасына Абай атанып кетеді.   Абайдың 169 өлеңі, 3 поэмасы, 54 аудармасы, 45 қара сөзі бар. Абай алғашқы өлеңдерін Көкбай Жанатайұлының атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай даңғылы, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан, әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.   2) Сөздік жұмысы  Алауыз – береке-бірлігі жоқ, ынтымақсыз  Күндейді – қызғанады    Мертігеді – бір жері сынады, шығады  Міндейді – мін тағады, жамандайды  3) Өлеңді мәнерлеп оқу (видеоролик)  4) Оқушыларға оқыту (әр топтан бір оқушы)  Өлеңнің негізгі ойын ашу   - Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?  - Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті, ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты......  - Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?  - Адамның жағымсыз мінез-құлықтары     |