|   Математика  |    Уақыты:25.10.2017ж  |    Мұғалім: Кузембекова С.Ж  |  |
|   Сабақ тақырыбы:  |    7 – ге көбейту және бөлу кестесі  |  ||
|   Сілтеме:  |   
  |  ||
|   Жалпы мақсаттары  |   
  |  ||
|   Оқушылар үшін оқу нәтижелері:  |   
 
 Өзін өзі реттеуді Өз бетімен ізденуге, топпен жұмыс жасауды үйрету.  |  ||
|   Негізгі мақсаттар  |  |||
|   Топқа бөлу  |    Қатар бойынша 3 топқа бөлу. 
  |  ||
|   Мұғалімнің іс-әрекеті  |    Оқушының іс-әрекеті  |  ||
|   Ынтымақтастық атмосферасы  |    Мұғалімнің оқушыларға тілегі: 5-тік болсын бағамыз  |    Әрбір адам- досым, сыныптасым. Әрбір ісің -тірлік, тірек, адамдық Әрбір сөзің- шындық, бірлік, адалдық Әрбір сабақ- үйрену, оқу, іздену  |  |
|   Үй тапсырмасын сұрау  |    Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру  |  ||
|   Қызығушылықты ояту  |    Жұмбақ жасыру Өзі тау сан Өзі бір сан 6 мен 8-дің Ортасында тұратын сан (7) Сабақтың мақсатын хабарлау. 1.Білу: - Балалар, бүгін санды 7 – ге көбейту, бөлу жағдайларын қарастырамыз. Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері болмақ: Адамның басшысы - ақыл, Жетекшісі – талап, Жолаушысы – ой, Жолдасы – кәсіп, Қорғаны - сабыр, Қорғаушысы – мінез, Сынаушысы - халық. Осы 7 нәрсені жадымызда сақтайық. Істі ақылмен істеп, талаптанып, ой елегінен өткізіп, бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болсақ, мінезіңе ие бола білсең, міне артыңда сынаушың – халқың отыр. Атам қазақ 7 санын – киелі сан деп атайды. 7 санына байланысты ұғымдар аз емес. Қане, ойланайықшы, өздерің не айта алар едіңдер? Жеті нота – жеті дауыс (до, ре, ми, фа, соль, ля, си.) 
 «Жеті рет өлшеп, бір рет кес», «Жеті атасын білген ер, ел – жұртының қамын жер», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс жеті өнер көп емес». Балалар,біз бүгінгі сабағымызда еліміздің астанасы Астана қаласының керемет жерлеріне саяхатқа шығамыз. Біздің тәуелсіз еліміздің астанасы Астана да 7 керемет бар екен. Берілген тапсырмаларды орындай отырып сол кереметтерді көрейік. 2.Түсіну. Астанадағы керемет ̵ Бәйтерек. 1-есеп ауызша талдап кету. Яғни 7-ге көбейту дегенімізді қалай түсінесіңдер?(мысалы 7*6 дегеніміз 7 санын өз-өзіне 6 рет қосу деген сөз) Енді тақтаға назар аударалық мына берілген бос орындарға тиісті сандарды қою керек: 3.Қолдану.Нұр ̵ Астана мешіті. Тақта және дәптермен жұмыс. 2-есеп «Кім жылдам?» Әр қатардан 3 оқушыдан шығып тақтаға орындайды. а) Қараөрік -63 кг Салынды – 7 қорапқа Әр қорапта - ? кг өрік Ш: 63: 7=9 Ж: әр қорапта 9 кг қараөрік бар Кері есеп Қараөрік -63 кг Әр қорапта – 9кг-нан Қорап -? Ш: 63:9 =7 Ж: 7 қорап қажет ә) Ш: 7х8= 56 Ж: Жүйектен барлығы 56 кг картоп жиналды Кері есеп б) 1 қойдан – 7 кг жүн 56 кг жүн қырқу - ? қой қажет Ш: 56:7=8 Ж: 56 кг жүн қырқу үшін 8 қойды қырқу қажет Кері есеп 8 қойдан -56 кг жүн қырықты 1 қойдан - ? жүн Ш: 56:8=7 Ж: 1қойдан 7 кг жүн қырқылды 4.Ақ Орда.Деңгейлік тапсырмалар. 3-есеп Тақтаға шығып орындау 5.Талдау.Аспалы көпір. 4-есеп. Кесте бойынша есеп құрастырып шығару 6.Жинақтау. Пирамида. 5-есеп. Берілген кесінділердің үштен бір бөлігіне тең болатын кесінділер сызу  |  ||
|   Сергіту сәті  |    7 саны туралы сергіту сәтін жасайық.  |    Оқушылар сергіп алады  |  |
|   Ой толғаныс  |    7. «Үш би» ескерткіші. Логикалық тапсырмалар 8-есеп. Маржан мен Жанардың әрқайсысында 12 қараөріктен болды. Маржан 7 қараөрік жеді. Ал Жанар Маржанда қанша қалса, сонша қараөрік жеді. Қыздар бірігіп қанша қараөрік жеді.  |  ||
|   Бағалау критерилері:  |    - Тапсырмалардың қатесіз, жүйелі орындалуын - Жылдам есептей, өз ойларын дәлелдей білуін - Сұрақтарға толық жауап беруін - Сандарды дұрыс атауын - Топпен, жұппен жұмыс жасаудағы белсенділігін  |  ||
|   Үй тапсырмасы  |    №6,7,8 77-бетте  |    Күнделіктеріне жазады  |  |
|   Бағалау  |    «Жетістік баспалдағы» арқылы оқушылар өздерін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды.  |  ||
«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп» МКМ
7 санын көбейту және бөлу кестесі
3 «г»сынып
Сынып жетекшісі: Кузембекова С.Ж
Өтеген батыр кенті
2017 жыл




                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    