Б) Мерекелік шыршаны безендіру. Ол ?шін ?р тапсырмада?ы д?рыс шешім, ?р топ?а ?пай болып, шырша?а ойыншы? болып ілінеді. Кім к?п ?пай жинаса, сол топ же?імпаз.
В)1 ?ырк?йекте берілген «Алтын кілтке» ие болу?а талпыну.
III. Ж?мыс реті
1 тапсырма
«?оз?амаса су сасиды, ойламаса ми сасиды» деген халы? ма?алын еске ала отырып, кілтке ие болу м?мкіндігі ?шін «ми?а шабуыл » деп аталатын ойын?а ?атысып ?пай жинайы?.
Просмотр содержимого документа
«1-5 сандарыны? ??рамын ?айталау »
Математика 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: 1- 5 сандарының құрамын қайталау.
Сабақтың мақсаты 1.Оқушылардың сандар қатарын, сандар құрамын, сабақтың құрамын, сандарды және ұзындықтарды салыстыру, қосу және азайту амалдарының мағынасы туралы білім, білік дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптасу деңгейін анықтау.
2.Ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру.
3.Топ болып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кеспе цифрлар, суреттер, ұпай белгілері т.б.
Пән аралық байланыс: дүниетану, еңбек, дене тәрбиесі
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Көңіл күй кезеңі. Ынталандыру
Оқушылар көздерін жұмып отырады және мұғалімді мұқият тыңдайды, әрбір сөз тіркесінің соңғы сөзін хормен айтады.
Біз сабақта ------(отырмыз) .
Біздің көзіміз зер сала қарайды, барлығын ---( көреді)
Біздің құлағымыз мұқият тыңдайды----(естиді )
Басымыз жақсы ----(ойлайды )
Біз сабаққа ----(дайынбыз )
II Сабақтың мақсатын түсіндіру
Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді .Тренинг-сабақ дегеніміз -топтасып жұмыс істеу, ұйымшыл болуға ойларыңды бөлісіп ашық айтуға көмектеседі.
А) Топқа бөлу
Б) Мерекелік шыршаны безендіру. Ол үшін әр тапсырмадағы дұрыс шешім, әр топқа ұпай болып, шыршаға ойыншық болып ілінеді. Кім көп ұпай жинаса, сол топ жеңімпаз. В)1 қыркүйекте берілген «Алтын кілтке» ие болуға талпыну.
III. Жұмыс реті
1 тапсырма
«Қозғамаса су сасиды, ойламаса ми сасиды» деген халық мақалын еске ала отырып, кілтке ие болу мүмкіндігі үшін «миға шабуыл » деп аталатын ойынға қатысып ұпай жинайық.
- Бүгін желтоқсан айының қай күні?
- Аптада неше күн бар? Бүгін аптаның нешінші күні?
- «Жоғарыды-төменде, сол жақта –оң жақта» сөздеріне сәйкес әрекет ету.
- Санды немен белгілейміз? ( цифрмен)
-10-см-де неше дм бар?(1дм)
- Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
- Заттарды бөліп алуда қандай амал қолданамыз?
- Қосудың компоненттерін ата?
- Азайтудың компоненттерін ата?
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы не білесіңдер?
- Бүгінгі күннің ауа райы қандай? (әр топтан бір бала шығып, шартты белгімен көрсетіп жазу)
2 тапсырма
Суретпен жұмыс . Есеп құрастыру.
тапсырма
- Сандар әлемі «Көршісін тап» ойыны . - тура санау, кері санау
- 0-ден бастап бір сан аттап санау
- 1-ден бастап бір сан тастап сана
- 0-ден бастап екі сан тастап сана
4 тапсырма
Дәптермен жұмыс
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0
5 тапсырма Санамақ (еске түсіру)
6 тапсырма Геометриялық фигураларды атайық
(нүкте,үшбұрыш, төртбұрыш, сәуле, кесінді, түзу)
- Фигуралардан дене құрастыру
- Окулыкпен жұмыс 81 бет № 6
7 тапсырма Сергіту сәті Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары ,төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
8 тапсырма Сандар құрамы
9 тапсырма Математикалык салыстыру танбалары ()
10 тапсырма (өрнекті тап, белгіле )
11 тапсырма Логикалық есеп -1 кг темір мен 1кг мақтаның қайсысы ауыр ?
- суда қандай тас жоқ ?
- ненің айдарымен шашты тарай алмайсың ?
- Беспайда бар бес іні,Естайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні, неше болады шешуі?(7 )
-Көлден ұшты 7қаз, Қайтып қонды 2 қаз,
Қонбады оның нешеуі , Қане кім тез шешеді.? (5)
- Арыстан,қасқыр және түлкі ұшақпен 3 сағат ұшты. 1 сағат әуеде ұшақ тұрды. Барлығы аспанда неше сағат болды?