| Ортасы | Топ жетекшісі: - Рахмет, ал, енді біз бүгін саяхатқа шығамыз. Саяхатымызды бастамас бұрын мына менің сөздерімнен не туралы айтқанымды табуларыңыз керек. Онда ертедегі көне заттар бар. Біз сол заттар арқылы өткен тарихымызды білетін боламыз. Сендер қызықты көп нәрселерді көре аласыңдар. Қане кім айтады? Мен қандай мәдени орын туралы айтып тұрмын?» /Жауап: мұражай/ - Иә, балалар дұрыс таптыңдар мұражай біз үшін өте құнды мәдени орын. Ендеше мектебіміздің мұражайына саяхат жасап өтейік - Қандай саз аспаптарын білеміз? /жауап: домбыра, шертер, жетіген, қобыз, сыбызғы, үскірік, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, дабыл, асатаяқ / «Жалғасын тап» ойыны - 6 балаға чупа – чупстың басына жапсырылған мақал – мәтелдердің жартысы ғана жазылған қызыл, жасыл түсті қималар таратады, қызыл алғандар бір топ, жасыл алғандар бір топ болып тұра қалады да мақалдарды жалғастырып айтып береді/ 1. Өнерлі... /өрге жүзер/ 2. Өнер алды... /қызыл тіл/ 3. Өнерлінің... /өрісі кең/ 4. Шебердің қолы ортақ... /шешеннің сөзі ортақ/ 5. Өнер... /киелі/ 6. Жігітке жеті... /өнер де аз/ Жетекші: - Өте жақсы! Жарайсыңдар! Тамаша! Енді, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Ол үшін тағы менің жұмбақ сөзімнің шешуін табыңдар. Ішінде әншілер, ақындар, бишілер, күйшілер, т. б өнерпаздар және өнер көрсететін сахнасы бар үлкен үй. Онда жақсы - жақсы мерекелер, концерттер өткізіледі. Ол қандай мәдени орын? /Жауап: мәдениет сарайы/ - Дұрыс айтасыңдар. Біздің ауданымызда, ауылымызда мәдениет сарайы бар ма? /балалар жауап береді, мәдениет үйлерінің суреттерінен тұратын буклет көрсетіледі/ - Осы мәдениет сарайының үлкен сахнасында өнер көрсететін өнерпаздың бірі күй, бірі шығарма, бірі ән, енді бірі сырнай, сыбызғы, қобыз, терме айтады, би билейді. Солай емес пе? - Сахна – киелі орын. Ал, өнер дегеніміз – адам бойындағы атаның қанымен, ананың сүтімен дарыған ерекше қасиет. Ән айту, күй шерту, сурет салу, қолөнер дегеніміз, яғни тоқыма тоқу, құрақ тігу, ағаштан, темірден бұйымдар жасау, ою ою, тігін тігу т. б. 1: Ән мен күйді төгілтіп Інжу - маржан шашайық! Қонақтарды тамсандырып. Өнерден шашу шашайық. 2: Домбыраны қолға алып, Терме айтамын толғанып. Қобыз да аспап киелі, Оны бәрі сүйеді. 3: Сыбызғыны үрлейміз, Жалқаулықты білмейміз. Сал күйіңді домбыра, Атадан қалған бұл мұра. Домбыра дастан, жыр дастан, Енді алайын қолыма. Өнерді сүйген жасынан, Біз осындай Жас Ұлан! Жетекші: Ұғымды, ойлы ететін... ------------------- зерде – зейінің /екі қолмен бастарын ұстап/ Сені өрге сүйрейтін... --------------------- өнер – өрісің /айналып/ Тек ілгері бастайтын... -------------------- талабың /төмен қарай қолдарын жайып/ Ешқашан алдамайтын... ------------------ тапқырлығың /қолдарын алдыға созып, жайып/ Қиындықта сыналатын... ----------------- қайратың /қолдарын жоғары көтеріп/ Бәрінен де күшті... ------------------- тәртібің мен білімің /әсем күй ойналады/ | Сөздер арқылы не туралы айтқанын табады Саз аспаптарды атайды Ойынның жалғасын табады | Саз аспаптар |