|   Сабақтың тақырыбы   |     «Ұйқышыл» Қадір Мырза Әли.         |  
  |   Сілтеме   |    Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет   |  
  |   Жалпы мақсаты   |    Қадір Мырза Әлидің «Ұйқышыл» өлеңімен таныстыра отырып, ақынның өлеңінен өзіндік тұжырым жасай білуге үйрету; мәнерлеп оқуға жаттықтыру, негізгі ойды анықтау, әдеби сөйлеу қабілетін дамыту.   |  
  |   Күтілетін нәтиже   |    Өлеңнен негізгі идеяны анықтап, өзіндік тұжырым жасай алады, оқушылардың әдеби тілде сөйлей білуге дағдыланады.     |  
  |   Негізгі идеялар   |    Диалогті оқыту   |  
  |   Тапсырмалар   |    Қадір Мырза Әлидің кітаптары, мақал-мәтелдер жинағы, «кубизм» стратегиясы, «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі, «Ой қозғау» стратегиясы, ВЕНН диограмасы, «Ойға шабуыл» тәсілі, топтастыру стратегиясы, «Менің күн тәртібім?» эссе жаздыру,     |  
  |   Сабақ бойынша мұғалім жазбалары   |    Уақы-ты     |    Мұғалімнің іс-әрекеттері.   |    Оқушының іс-әрекеттері   |  
  |       Ұйымдастыру кезең.   |    3 мин   |    Оқушыларға түсті асық тарату арқылы сыныпты үш топқа бөлу. Әр топты нөмірлеу.   |            Оқушылар қолына алынған асық түстеріне қарай топқа бөлініп отырады       |  
  |   Білу.Үй тапсырмасы Ғабит Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгіме» мәтіні бойынша    білімін анықтау. Қызығушылы-ғын ояту, әдеби сөйлеуіне көңіл бөлу   |    5 мин   |    Кубизм стратегиясы.    А) Үйге берілген «Автобиографиялық әңгіме» мәтінінің әр бөлігіне ат қойған. Әр бөлікті топ бойынша әңгімелету.  Жоспар:   «Оқу оқисыңдар»  Екі сыныптық орысша мектеп.  Аздаған мақтаншақтық.    Ә) Мазмұнын айтуына қарай «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша көрші топқа рефлексия жазады.   |    Білгендерін жылдам айтуға тырысып, қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді.    А) Әр топ берілген тапсырма бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелеп береді.  Ә) Әр топ көрші топқа екі ұсыныс, бір тілекті стикерге жазып жапсырады.   |  
  |   Түсіну. Оқулық мәтінін игеру.       |    5 мин   |    «Ой қозғау» стратегиясы.    А)1-топ.  Ғабит Мүсірепов туралы білетіндерін ортаға салу, әңгімелету.  Ә) 2-топ. «Білгенің – бір тоғыз, білмегенің –тоқсан тоғыз» деген нақыл сөзді қандай кейіпкерге айтса блады? Осы мәтіндегі оқиғаға байланысты тағы қандай мақал-мәтел білесіңдер?  Б) Сол замандағы мектеп пен қазіргі мектепті салыстыр. ВЕНН диограмасы.  Оқушылар баспармақ арқылы бағалайды.   |    Берілген тапсырмалар бойынша жауап алу.   |  
  |   Қолдану. Жаңа сабақты меңгеру. Тақырыпқа сай тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру           |    15 мин   |    Кіріспе.Ребус шешу.    Мақсатын қою. Видиожазбалар арқылы Қадір Мырза Әли туралы түсінік беру.    «Ұйқышыл» өлеңін өз бетінше түсініп оқыту. Жұппен оқыту. Қадағалау. Мәнерлеп оқыту.    Баспармақ арқылы бағалайды.   |    Ребус шешеді.  Әр топ ребус құрастырады. Шешеді.  Слайдтарды пайдаланып, Қадір Мырза Әли туралы түсінік беру. Жазған еңбектерімен таныстыру.  Өлеңді өз бетінше оқыту. Сыңарына оқып беру. Мәнерлеп оқып береді.     |  
  |   Сергіту сәті   |    1 мин   |    Әуен қою. Сегіз салу.   |    Оқушылар мұғалім артынан қайталайды.   |  
  |   Талдау. Шешім шығару. Әдеби сөйлеуді қадағалау       |    9 мин   |    «Ойға шабуыл» тәсілі. 1. Қадір Мырза Әлидің өлеңіне сүйеніп, берілген сұрақтарға жауап алу.  1-топ.Мысықбайды ұйқыдан құтқару үшін қандай айла жасауға болар еді?  2-топ.Ақын өлеңде Мысықбайды қандай көңіл күйде жазған?  3-топ. Ұйқышылдық салдарынан адамға келетін зиянды топтастырып жаз?      Оқушылардың жауабына қарай әр топқа күлдіргіш таратады.   |    Әр топ берілген сұрақтарына жауап әзірлейді. (құм сағат қолдану 2 мин.)    1-топ. Жазып шығу.  2-топ. Сәйкестендіру. А) Мысқыл мен күлкі;  Ә) Реніш пен уайым. Дәлелдеу.  3-топ. Топтау стратегиясын құру.           |  
  |   Жинақтау.         |    6 мин   |    «Менің күн тәртібім?» тақырыбы бойынша эссе жазу.  Шағын шығармасы ұнаған топқа күлдіргіш іледі.     |    Әр топтан бір оқушыға жазған шығармаларын оқыту.       |  
  |   Бағалау.      Үйге   |    1 мин   |    «Күн сәулесі» тақырыпқа сай мақал-мәтел жаттау. Түсіндіру.   Рефлексия парағын жазып қою.  Мәнерлеп оқу.   |    Жалпы сыныппен жұмыс   |  
  |   Дерексөздер мен жабдықтар   |    АКТ, суреттер, бейнежазба, сергіту, флипчарт, түсті маркерлер, қарындаш, сызғыш, стикерлер.   |