Просмотр содержимого документа
«С?т ?алай ?йы?тайды? »
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды мысал мазмұнымен таныстыру, мысалдағы негізгі ойды ұғындыру,өз ойына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
ә)Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,мысал ертегідегі «сүт ұйып қапты»,« сүт іріп қапты», «айран ашыпты», «айран бықырапты»,т.б. сөз тіркестерін пайдалана отырып ,оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
б)Ұлттық тағам түрлерін,олардың пайдасын,жасалу жолдарын білгізе оты- рып ,асты қадірлеу, дұрыс тамақтану мәдениеттілігіне үйрету,жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажырата білуге үйрету.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылардың назарларын сабаққа аудару
ә) Оқушыларды топқа бөлу.
Үй тапсырмасы: Әр топтан «Салақтық» әңгімесінің мазмұнын айтқызу. Әр топқа әр түрлі тапсырмалар беру.
Топ тапсырмасы:1.Керім қандай болды?
2.Керімге адамдар не деп айтушы еді ?
3.Керім ылғи қалай жауап қайтарады ?
4.Керімге жуынбағанның салдарынан не болды ?
5.Ол ауырғанда жұрттар одан не сұрайтын ?
Топ тапсырмасы : 1.Керім ауру болғанын қашан түсінді ?
2. Ауырып қалған жігітті қайда апарды?
3. Ем алғаннан кейін Керім қалай жазылды ?
4.Егер не істесең ауруға душар болмайсың?
5.Ауруханадан шыққан соң ол қайда жұмысқа тұрды?
Топ тапсырмасы: 1.Зауыттағы бояулар қандай болды ?
2.Қожасы Керімге нені бұйырды?
3.Керім кейін нанды қалай жейтін болды?
4.Жеп отырған нанына не жабысты?
5.Сосын Керімге не болды?
Топ тапсырмасы:1. «Салақтық» кімнің әңгімесі?
2. Автордың тағы қандай шығармасын білесің?
3.Салақтық сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөз?
4.Мәтін неліктен «Салақтық» деп аталған?
5.Әңгімені қалай аяқтар едің?
Ассоциация әдісі: Біз қандай жаман әдеттерді білеміз?
Ой қозғау әдісі:Жаман әдеттердің бірі- ұйқышылдық екен, неге?
Балалардың пікірін білемін, сөйлетемін.
Осы ұйқышылдыққа байланысты жаңылтпашты айтқызу.
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
Бүгінгі оқитын ертегіміз осы кереғар қасиеттің төңірегінде құрылған.Ертегі авторы Оспанхан Әубәкіров- сықақшы, оның шығармаларында қоғамға жат қылықтар өткір тілмен сыналады.
1.Ертегіні мәнерлеп оқып беру
2. Өз беттерінше мысалды оқыту
Топтық тапсырмалар:1.топ БотақанЕртегіні мәнерлеп оқиды, негізгі ойды білдіретін жолды табу.Қатты әсер еткен тұстарды жазу.
2.топ Бұзауқан. Ертегідегі тыныс белгілерді анықтау,ертегіде қанша сөз,сөйлем бар?
3.топ Құлыншақ. Ертегідегі елдің сөзін тауып оқу, «ұйықтады»сөзіне дыбыстық талдау жасау
4.топ Қошақан. Ертегіден сүттің ,айранның әрекетін білдіретін сөз тіркестерін табу,мақалды тауып ,мәнін ашу.
Сергіту сәті: Ақ сиырдың сүтін іш,
Ақ сүт береді саған күш.
Шым-шым мөлдір суға түс,
Тұмау тисе қуа түс!
Ботақан тобына:Тақырыпқа қатысты ырым- тыйым сөздерді табу
1.Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара әңгімелесуі
2.Ертеде жазылған үгіт – насихатқа толы кітап
3.Ұрпақты жалғастырушы дегеннің мағынасы
4.Нақыл сөзді аяқта «Атаңа не қылсаң ...»
Сүттен жасалатын тағамдарды жазу
Сүт
Осы тағамдардың адам денсаулығына келтіретін пайдасы туралы,тамақ ішкенде дастархан басында әдептілік «Кісіге қарап есінеме, есіней қалсаң аузыңды қолыңмен қалқала», т.б. Әдептілік жайлы әңгімелету арқылы сабақты қорыту.
Оқушыларды бағалау,үйге тапсырма беру.Ертегіні мәнерлеп оқып келу,тыйым сөздер жаттау.