|   Пәннің аты   |    Уақыты:   |    Кабинет:   |    Мұғалім   |  
  |   Сабақтың атауы   |    Сөз және оның мағынасы   |  
  |   Мақсаты  Күтілетін нәтиже   |    1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; 2. Сөздік қорын молайту; 3. Зейінділікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.   |  
  |   Психологиялық ахуал   |    Біз балдырған баламыз,  Құстай қанат қағамыз.  Дүниені аралап,  Оқып білім аламыз.   |    Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.   |  
  |   Қызығушылықты ояту  1. Көркем жазу Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі. • Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер. • Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы. 2. Бұл қандай сөздер? • Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер) • Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер) • Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)   |  
  |   Сергіту сәті   |    Жұмбақ шешу ● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр. Жақыннан әкеп хабарды. Ренжітер барлық адамды. Алыстан әкеп хабарды, Қуантар барлық адамды. ( жеделхат) Жеңілдікпен аршылар, Көзіңнен жас тамшылар. Қиындықпен аршылар, Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз) ● Бес жолды өлең құрастыру 1. Пияз 2. Ащы, пайдалы. 3. Аршылады, ашытады, өседі. 4. Жуа 5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.   |    Ой сергітеді,шашағандары  басылады   |  
  |   Ой толғаныс   |    1-топ  Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз. қатты -...... жүру -.......... таяз -.......... кию -............ жылы -........ кіру -........... кең -.......... сөйлеу -......... әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау; 2-топ   Тасымалданбайтын сөзді табу.  Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту • Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт. • Досым допты домалатты. • Суық сумен сүртіндім.   |  
  |   Үйге тапсырма   |    Оқулықтағы тапсырмаларды орындау   |    Күнделіктеріне жазып беремін   |  
  |   Бағалау   |    Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау       |    Бағалау парақшасын толтырады.   |  
  |   Кері байланыс   |        |    Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады   |