Ендеше математика п?нінен де білімдері?ді тексерейік. Осы амалдарды? м?ндерін тауып, ?су ретімен ?ріптерді ?ойып жасырыл?ан с?зді табайы?. ?рнектерді шешу ар?ылы жа?а та?ырып?а шы?у. (Флипчарт №4)
Та?ырып?а шы?у.
-Санама? дегеніміз не? Кім біледі?
-Сендер ?андай санама?тарды білесі?дер?
О?ушылар жауап беріп, мысалдар келтіреді.
О?ушылар ?рнектерді? м?нін тауып, саба?ты? та?ырыбын айтады
О?ушылар ?ліппеден кейінгі кезе?інде таныс?ан санама?ты еске т?сіреді.
Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу п?нінен "Санама?" та?ырыбыны? саба? жоспарыны? ?лгісі »
«Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№ 26 мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Шахманова Самал Зиядовна
Пәні: Сауат ашу. 1-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Санамақ. Заттың санын білдіретін сөздер.
Оқытудың негізгі мақсаттары:
Білімділік: заттың санын білдіретін сөздер мен санамақтар айтып үйрену, түрлерін білу;
Дамытушылық: топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;
Білімділік: бірлесіп жұмыс жасауға баулу;
Белсенді оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер: ОмОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ОЖЕСОжО, АКТ, ОБжК, Диалогтік оқыту.
Оқу нəтижелері: Санамақ түрлері мен заттың санын білдіретін сөздерді біледі, сөйлеу дағдысы қалыптасады, бірлесіп жұмыс істейді.
Бағалау: Өзін – өзі бағалау “Бағдаршам”, бірін-бірі.
Жұмыс формасы: Жеке, жұптық, топтық, күрделі тапсырма
Негізгі дереккөздер: АКТ, маркерлер, қарындаш, өшіргіш
Сабақ кезеңдері
Уа-
қыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру
кезеңі
2 мин
Сабақта психологиялық көңіл күй орнату. Оқушылар шаттық шеңберін құрады. (Флипчарт №3)
-Екі көзің не үшін керек?
-Құлақ деген не үшін керек?
-Екі қолың не үшін керек?
Онда, әрқашанда бір-бірімізге көмекке келуге дайын болып, сабағымызды бастаймыз.
Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына іс- қимылды көрсетіп айтады. -Жақсыларды көру үшін. -Ақыл-кеңес тыңдау үшін! - Елге көмек беру үшін!
функцационалдық-орындаушылық кезең
3 мин
-Балалар, сабақтың басында мен заттың санын білдіріп тұрған сөздерді қолдандым ба? Қандай?
-Бұл сөзді басқа сөзбен алмастыруға бола ма?
-Ол сөздерге қандай сұрақтар қоясыңдар? Мысал келтіріңдер.
Осы сөздерді біз қай сабақта жиі қолданамыз?
Ендеше математика пәнінен де білімдеріңді тексерейік. Осы амалдардың мәндерін тауып, өсу ретімен әріптерді қойып жасырылған сөзді табайық. Өрнектерді шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу. (Флипчарт №4)
Тақырыпқа шығу.
-Санамақ дегеніміз не? Кім біледі?
-Сендер қандай санамақтарды білесіңдер?
Оқушылар жауап беріп, мысалдар келтіреді.
Оқушылар өрнектердің мәнін тауып, сабақтың тақырыбын айтады
Оқушылар әліппеден кейінгі кезеңінде танысқан санамақты еске түсіреді.
6 мин
«Білу»
-Балалар, тақтадағы бейнежазбаға көңіл аударайық. (Флипчарт №5)
-Сонымен, балалар неге ойнай алмайтын болды?
-Ойын ойнайтын кезде, ойынды кім бастайды? Ал бұны қалай анықтайсыңдар? Санамақтың қандай маңызы бар? Демек санамақ ойынның бастаушысын анықтауға көмектеседі.
Санамақтың түрлерімен таныстыру. (Флипчарт №6)
Санамақ түрлері:
1.Саусақ санамақ.
2.Сан санамақ.
3.Ұлттық санамақ.
4.Күн санамақ.
5.Тағы да басқа.
Оқушылар бейнежазбаны көреді.
жауап беріп, өздері білетін санамақтарды айтады.
4 мин
«Түсіну» Оқулықтағы «Санамақ» өлеңімен таныстыру.
Өздері білетін санамақ арқылы бастаушыны анықтап, жұппен оқиды. Бұл санамақтың қай түріне жатады? Сөздік жұмыс жүргізу. Санамақта заттың санын білдіріп тұрған сөздерді тауып, оларға сұрақ қойғызу.
Оқушылар санамақты мәнерлеп оқып, не туралы екенін айтады. Мағынасын түсінбеген сөздердің мағынасын ашу.
7 мин
«Қолдану»
Санамақты осылай айтуға болады ма екен?
1-рет айтқанда кідіріс жасап, 2-рет айтқанда қарамен жазылған сөздерді бір оқушыға тоқтап айтамын.
Алма /кетті /домалап/
Көше/ бойын /жағалап
Кім /алманы /табады
Сол/ ойыннан /шығады.
-Демек, санамақта ЫРҒАҚ болады.
Сергіту сәті (Флипчарт №7)
Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы 140-жаттығу.
Оқушылар тыңдап, өздері қорытынды шығарады.
Ырғақ деген сөзбен және оның мағынасымен танысады.
Оқушылар әнді айтып, қимылын көрсетеді.
Өлеңді оқып, көшіріп жазып, Неше? сұрағына жаап беретін сөзді табады.