Білім беру саласы: Қатынас  
 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу
 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: С с дыбысы және әрпі
 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:  
 1.Өткен әріптерді еске тусіре отырып, ойлау қабілетін арттыру.
 2.С с дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.
 3.Дыбыс, буын, сөздерді айыра білуге үйрету.  
 Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, ойын, топтастыру.
 Көрнекілігі: кеспе әріптер,суреттер,слайд-шоу, проектор, әліппе дәптері,
  таяқшалар, ойыншықтар, лазер.  
 Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, айналамен таныстыру.
 Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
 Психологиялық дайындық: Мейірімді жүрекпен,
  Ақ пейілді тілекпен.
  Амандасып алайық,
  Бір жадырап қалайық.
 -Амансыңдар ма, балалар? Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар?
 -Қош келдіңіздер!
 2. Өткенді қайталау.
 Өткен дыбыстарды қайталап шығу. Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл,Уу, Шш, Йй,
  Оо, Ққ, Дд, Мм, Бб.
 Дидактикалық ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
 Шарты: Слайдтағы көрсетілген суреттердің қай дыбыстан басталып  
 тұрғанын лазер арқылы көрсетулері керек.  
 Дидактикалық ойын: «Орнын тап»  
 Шарты: Дауысты дыбыстарды қызыл киіз үйге, дауыссыз дыбыстарды
 көк киіз үйге орналастырулары керек.
 3. Жаңа сабақ.
 Сюжетті- рольдік ойын «Ойыншықтар дукені»
 -Балалар, мен сатушы боламын, сендер сатып алушысыңдар.
 Балалар қалаған ойыншықтарыңды алу үшін сатушының тапсырма-
 ларын орындауымыз керек.Егер тапсырманы орындай алмасақ
 ойыншық дукенде қалып қояды.
 Сатушы жыланның ойыншығын көрсетіп, сұрақтар қояды.
 -Мынау не?
 -Жылан.
 -Жылан қайда журеді?
 -Жерде, топырақта.
 -Жылан қандай дыбыс шығарады?
 -с с с с с с
 -Қане, барлығымыз қайталайықшы с с с с с
 -Ендеше, бүгін біздің өтетін жаңа дыбысымыз С с дыбысы.
 -С дыбысын айтқанымызда дыбыс кедергіге ұшырап тұр, олай болса
  С дыбысы дауыссыз дыбыс екен.  
 -С дыбысын қай киіз үйге орналастырамыз?
 -Көк киіз үйге орналастырамыз екен.
 -Ойнымызға қайта оралайық.  
 -Сен қандай ойыншық сатып алғың келеді?
 -Сағат.
 -Сағат деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр?
 -С дыбысынан.
 -Сағат деген сөзді қол шапалақтау арқылы буынға бөлейікші.
 -Са-ғат.
 -Тапсырманы орындадың ойыншығыңды ала ғой.
 -Сен қандай ойыншық сатып алғың келеді?
 -Асық
 -Асық деген сөзде с дыбысы қай жерінде келіп тұр?
 -Ортасында.
 -Сен садақ сөзіне дыбыстық талдау жаса.
 -с-дауыссыз, а дауысты, д дауыссыз, а дауысты, қ дауыссыз.
 -Жарайсың ойыншығыңды ала ғой.
 -Сен қандай ойыншық алғың келеді?
 -Сандық.
 -Сандықтың ішін ашып қарап, тапсырманы орындасаң сандықты аласың.
  Жұмбақ: Сыртылдайды кунімен.
  Сыртылдайды түнімен.
  Білгің келсе уақытты
  Көрсетеді тілімен. ( Сағат)
 -С дыбысының әріп таңбасы неге ұқсайды?
 -Айға, бананға ұқсайды екен. Қане, барлығымыз ауада жазып  
 көрейікші.
 Сергіту сәті: Қанат жайып қалықтап,
  Құс сияқты куйге енем.
  Асықпаймын мен үйге,
  Жаңа әріппен танысып,
  Жазу жазып үйренем.
 Дәптерге с әрпін екі жолға толтырып жазу.
 Дидактикалық ойын: «Тез ойла»
 Шарты: Дыбыс, буын, сөзді айтып балаларға допты лақтырамын,
 балалар дыбыс па немесе буын, сөз екенін ажыратып айтып допты кері
 лақтырады. Мыс: с, са, сағат, б, бе, шар т.б.
 4. Қорытынды.
 -Бугін қандай дыбыспен таныстық?
 -С дыбысы қандай дыбыс екен?
 -Әріп таңбасы неге ұқсас?
 Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығың да жақсы қатыстыңдар  
 Жарайсыңдар, балалар.
 Серік Сапиевтің суретін көрсетіп, Серік ағамыз секілді салауатты өмір  
 салтын ұстанайық.