| Мектеп: Архипов орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Қалиева Д.Н. Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Өзім туралы Күні: Сынып: 2 |
| Сабақ №2 | Қатысқандар саны: 6 Қатыспағандар саны: 0 |
| Сабақ тақырыбы | Мен сегіздемін. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.3.1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация\суреттер\сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру. |
| 2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде өз ойын айту. |
| 2.3.1.1 мәтінді мәнерлеп және қатесіз дауыстап оқу. |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: қарапайым сұрақтарға жауап береді. |
| Көбі: мәтінді мәнерлеп және қатесіз дауыстап оқиды. |
| Кейбірі: сюжетті сурет негізінде өз ойын айтады. |
| Күтілетін нәтиже | Сурет бойынша әңгімелеуді үйренеді. Достарымен сөйлеседі. |
| Жаңа сөздер: | Нешедесің? Жетідемін, сегіздемін, жақсы көремін. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | тақта, слайдтар, түрлі-түсті суреттер, кестелер, суреттер, маркер. |
| Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы. |
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға қайталатады. Біз мектепке барамыз, Қолға қалам аламыз. Кітапты да оқимыз, Суретті де саламыз. | Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғаліммен бірге өлеңді қайталайды. Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын! |
| Өткен сабақты тексеру | Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| І. Қызығушылықты ояту | Оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратып береді. Оқушылардан жіктік жалғауының 1 жағын пайдаланып \мен оқушымын, мен алтыдамын...\ , өзі туралы кластер құрауларын сұрайды. | Кластер құрайды. |
| ІІ. Мағынаны тану | 1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Олар оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды. |
| Ә) «Дұрыс айт» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
| 2.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді. | Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды. |
| 3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады | Айтылым. Суретке қарап айтады. |
| Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Сөйлемдерді толықтырып жазады. |
| 4.Мәнерлеп оқу. «Кел, жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады. | Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды. |
| 5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бой жазуы үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады. Ал, балалар тұрайық, Алақанды ұрайық! Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық! | Орындарынан тұрып, сергіту жаттығуын жасайды, мұғаліммен бірге тақпақты қайталайды. |
| ІІІ. Ойтолғаныс | Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Досымен сөйлеседі. |
| IV. Бекіту | Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім «Сен нешедесің?» ойынының шартын 5-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Ойын шартын орындайды. |
| «Есте сақта» айдарында берілген сөздерді жаттатады. | Берілген сөздерді жаттайды. Қайталайды |
| V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір бірін бағалайды. |
| VI. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 3 тапсырманы орындатады | 4-т 9 б |
| VII. Рефлексия | Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді | Оқушылар сабактан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл-күйлерін білдіреді. |