| Пәні: | Сауат ашу | Сыныбы: 1 «ж» | Күні: 19.01.2018ж |
| Тақырыбы: | Табиғатқа саяхат . Пп дыбысы мен әрпі. |
| Мақсаты: | Білу: Пп дыбысының дауыссыз екенін, оның қатаң екенін білу. Түсіну: Пп дыбысының өзіндік ерекшелігін түсіну. Қолдану:Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту; Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту: Талдау: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылау. Жинақтау:Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту. Каллиграфиялық талапқа сай жазу. Бағалау:Пп дыбысы бойынша алған білімдерін бағалау. |
| Күтілетін нәтиже | Біледі: Пп дыбысының дауыссыз екенін ,оның ұяң екенін біледі. Түсінеді: Пп дыбысының айтылу ерекшелігін түсінеді. Қолданады:Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айтады; Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айтады: Талдайды: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Жинақтайды :Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айтады. Каллиграфиялық талапқа сай жазады. Бағалайды:Пп дыбысы бойынша алған білімдерін бағалайды. |
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
| Сабақтың құрылымы | І.Ақпарат блогы ІІ.Логикалық тапсырмалар блогы ІІІ.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы ІV.Интеллектуалдық тренинг блогы V. Күтілетін нәтиже блогы |
| І.Ақпарат блогы (8 мин) |
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут
Өткенге шолу | Қайырлы күн деп айтамыз, Үйге бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! -Ж дыбысы қандай дыбыс? -Ж дыбысы бар сөздер айтайық? |
| Жоспар:1) Өлеңді оқы. Түсіріп қақпанға, Жыланды ол ұстайды. Тып-тыныш жатқанда, Шөткеге ұқсайды. «Кірпі» сөзіндегі саған таныс емес қай әріп? -Пп -Ол қандай дыбыс? -Дауыссыз қатаң дыбыс. 2) Бағандағы сөздерді оқу 1-топ: Апа апан пана ІІ-топ: сап, қап, тап ІІІ-топ: арпа, атпа , теппе ІV-топ: ақпан, қақпан, кептер Дәптермен жұмыс |
| Сергіту сәті 2 минут | Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады) Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды) Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
| ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы . 4 мин |
| №2 Оқылым. Жаппай және жеке оқылымды ұйымдастыру. Топқа бөліп тапсырма беру. 1-топ Кірпінің сұрағына жауап беріңдер 2-топ Әдемі сөзіне мағынасы жуық сөздер тап. 3-топ Мәтін бойынша сахналық көрініс дайындаңдар. 4-топ:Рөлге бөліп оқиды. |
| ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы . 13 мин |
| 1-деңгей: 1)Түсіп қалған әріпті жазу А...а ...ана ...арта 2)Сөздерді буынға бөл : жақсы , жаман ІІ- деңгей 1)Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Жауын парта          Сәйкестендір Жылқы лақ Қой құлын Eшкі қозы ІІІ-деңгей: 1) Мағынасы қарама-қарсы сөз тап Ақ-_______________________ Биік-______________________ 2)Ребус шешу  |
| ІV.Интеллектуалдық тренинг блогы. 10 мин |
| Апада бар, анада жоқ. Арпада бар, бидайда жоқ. (п) |
| V. Күтілетін нәтиже блогы. 3 мин |
| Сынып ішінен п дыбысы кездесетін заттарды табу парта ,пенал т.с.с |
| Үй тапсырмасы: Бағандағы сөздерді және мәтінді оқу Қалыптастырушы бағалау Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
 |