|   Мерзімі   |     18.09.2014   |  
  |   Тақырыбы   |    № 3. Қ. Мырза Әли «Мұғалима»   |  
  |   Сабақтың мақ .     |    Ұстазды құрметтеуге ,өлең мазмұны бойынша өз ойларын түсіндіруге үйрету ,мәнерлеп оқуға жаттықтыру ,тіл байлығын дамыту,өлең мазмұнын аша білу.     |  
  |   Күтілетін нәтиже     |    Ұстаздың қажырлы еңбегі туралы өз ойларын түсіндіреді,кәсіптік таңдау жасай алады,өлеңді мәнерлеп оқи алады,өлеңнің мазмұнын аша біледі.   |  
  |   Әдіс- тәсілдер     |    «Сұрақты қағып ал» әдісі,Ассосация әдісі,Бес жол өлең,эссе,қанатты сөздер,СТО,Диалогтық оқыту.   |  
  |       Сабақ кезеңдері   |       Мұғалімнің іс-әрекеттері     |        Оқушының іс-әрекеттері     |        Бағалау    |        Уақыты   |        Ресурстар   |  
  |   Ұйымдастыру бөлімі   |    Психологиялық ахуал тудыру    Сәлемдесу      «Кел,балалар,күлейік,  Күлкіменен түлейік.  Қабақ түйген не керек  Көңілді болып жүрейік» -өлең жолын жатқа айтқызамын.   Оқушыларды топқа бөлемін.   |    Көңіл-күй көтеретін өлең шумағын жатқа айтып сабақты бастайды.  Аю,жұлдызша,жүрек стикерлері арқылы үш топқа бөлінеді.    1 топ: «Оқушы»  2 топ: «Мұғалім»  3 топ: «Мектеп»   |    Мадақтау,ынталандыру.     |    2мин   |    Аю,жұлдызша,  жүрек стикерлері  Топ аттары жазылған кестелер.   |  
  |   Білу     |    «Күмән» әңгімесін мазмұнын әңгімелетемін.  «Сұрақты қағып ал» әдісін пайдаланамын.  «Күмән» әңгіме желісін оқушыларға сахналастыруды тапсырамын.       |    Оқушылар «Күмән» әңгімесін әңгімелеп береді.Өздері дайындап келген бірнеше сұрақтарды «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы әр топ бір-біріне сұрақ береді,жауабын алады.  «Күмән» әңгімесіндегі кейіпкерлер  Мұғалім,Әтіркүл,Боранбай, Дәуіт,Рақила өз рөлдерін сомдап шығады.       |    Әр түрлі бейнедегі смайликтер арқылы әр топ бір-бірін бағалады.   |    10 мин   |    Доп,кейіпкерлердің    аттары жазылған макеттер,көзілдірік,  мұғалімнің журналы,смайликтер.   |  
  |   Түсіну     |    Оқулықтағы сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамын.  «Ақын сазы» ойыны арқылы Қ. Мырза Әлидің «Мұғалима» өлеңін мәнерлеп оқытамын.   |    Сөзжұмбақ шешуін сыни тұрғыда ойлану арқылы табады.  Оқушылар «Мұғалім,  ұстаз» туралы өздері білетін өлең шумақтарын айтып шығады. «Мұғалима» өлеңін мәнерлеп оқиды.   |         |    10 мин   |    Сөзжұмбақ,оқулық.   |  
  |   Қолдану   |     «Ассосация әдісі» арқылы «Мұғалім» қасиеттерін жазуға беремін.   |    Әр топ өз ойларын ортаға салып,берілген тапсырманы орындап,оны қорғайды.       |    Басбармақ арқылы әр топ бір-бірін бағалады.       |    7мин   |    Смайликтер.   |  
  |   Талдау жинақтау   |    Ұстаздың қажырлы еңбегі жайлы өз ойларын айтқызамын.  «Ой толғаныс»    1.топ «Мұғалім-сыныптың анасы» тақырыбында эссе жаздырамын.  2 топқа «Бес жол өлең» өз ойларынан шығартамын.  3 топ «Қанатты сөздер» жазуға тапсырма беремін.       |    Оқушылар ұстаздардың қажырлы еңбегі жайлы айтып береді.  Берілген тапсырмаларды әр топ орындайды.  Тапсырмаларын оқып береді.   |    Смайликтермен бағалайды.   |    12мин     |    Ассосация.   |  
  |   Бағалау     |         |         |    «Көрші топты бағала» парақшасы арқылы бағалайды.   |    1 мин   |    «Көрші топты бағала» парақшасы.   |  
  |   Үй тапсырмасы   |    «Мұғалима» өлеңін жаттап,ребус құрастырып келулерін тапсырамын.   |    Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазады.   |         |    1 мин   |         |  
  |   Рефлексия   |    Сабақтан алған әсерін білу үшін «Өрмекші торы»әдісін қолданамын.   |    Оқушылар шеңбер құрады да , оралған жіпті бір-біріне лақтырып өз әсерін айтады.   |         |    2мин   |         |         |