| Ынталандыру. Сезімді ояту. | Шаттық шеңбері. -Балалар,бір-бірімізге күлкі сыйлайық,жүрекке жылы сөздер білдірейік. 
 -Жарайсыңдар! 
 1.Кіріспе бөлім. 
 -Біздің еліміз қалай аталады? -Қазақстан Республикасының елордасы қай қала? 
 | Балалар шаттық шеңберіне тұрады.Бір-біріне күлкі сыйлайды,жылы сөздер айтады. | 
  | Ұйымдастыру кезеңі | 2. Негізгі бөлім. 
 а) Е.Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу. 
 Болашаққа бастаған, Шарықтайды асқақ ән. Елордасы Отанның, Мақтанышым –Астанам. 
 -Өлеңде не туралы айтылған? -Кім Астанаға барды? -Қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? 
 ә)Астана туралы мәлімет беру. 
 Елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын көрсетіп,оларға қысқышы мәлімет беру. 
 -Сулы жасыл бульвар-Астана орталығы жаңа көше. -Ақорда-Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. -Бәйтерек-Астананың басты белгісі. -Тәуелсіздік Сарайы- мемлекеттік ресми іс-шараларды,форумдарды,мәжілістерді,кездесулерді өткізу орны. -Парламаент үйі-Өкімет үйі. -Бейбітшілік пен келісім сарайы -Хан Шатыры-Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы. -Мұхит аралы-мұхит жануарларын көретін орын. 
 -Қазақстан Республикасының елордасы-Астана қаласы. 1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы депжариялау» туралы жарлыққа қол қойды.......... 1998жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті....... 
 -Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады. 
 б)Астана,көшелері,үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып,сөйлем құрату.  Сергіту сәті 
 в) «Ойлан,тап» д\о   шарты:А,С,Т,А,Н,А дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру. А-ана,алма,.... С-су, сан,.... Т-таң,тамаша,..... А-асыл,ата,... Н-нан,нар,..... А-апа,алқа,..... 
 
 | 
 
 
 
 
 Балалар қайталайды. 
 
 
 
 Сұрақтарға жауап береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Балалар мұқият тыңдайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Ойынға барлығы қызығушылықпен қатысады. |