Ее- дыбысы және әрпі.  
     |       Сілтеме:   |        Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспар, әліппе оқулығы, әдістемелер.   |  
  |       Жалпы мақсаты:   |        Ее-дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Ее дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру. Ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту.   |  
  |       Күтілетін нәтиже:   |        Дауысты дыбыс екенін айыра алады. Қатесіз, сауатты жазуға ұмтылады, оқу дағдысы қалыптасады.   |  
  |       Модульдер:   |        Басқару және көшбасшылық. АКТ. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Жас ерекшеліктеріне сай оқыту.   |  
  |       Әдіс- тәсілдер:   |        Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын элементтері, сөздік жұм, сәйкестендіру.   |  
  |       Көрнекіліктер:   |        ноутбук арқылы тапсырмалар, Ее әрпі бар суретті кесте, алфавит, карточкалар.   |  
 
      |   Сабақтың кезеңдері.   |    Мұғалімнің іс әрекеті мен тапсырмалар.   |     Оқушының әрекеті.   |  
  |       1.Ұйымдастыру.   |        Психологиялық дайындық.  Шаттық шеңберіне тұрғызу.   Топқа бөлу - смайлик арқылы  «Емен» - тобы.  «Ешкі» -тобы.     |        Сынып ережесін еске түсіру.  Ашық сабаққа бір- біріне тілек айтады. (сәттілік тілейді)   -Бір-біріне қарап:   Қайырлы күн, досым,   Ісің сәтке толсын,   Кілең бестік болсын!       |  
  |       2.Үй тапсырмасын тексеру. ОүБ \ОБ  Мәтінді оқыту.  Бағалау кестесімен жұмыс.   |        Үй тапсырмасын тексеру.   Бағалау парағымен бағалаймын.  Форматив жүргізіп отырамын.   |         Тізбектеп оқиды.   Қайталап оқиды.   Жеке оқиды.   |  
  |   3.Өткенді қайталау.   |    Оқушылар өтілген әріптер бойынша топпен жарыса отырып сөздер айтады.   |    Алма, орамал, тал, сағат, шана....   |  
  |   4.Қызығушылығын ояту.      Жаңа сабақ.   |    Ертегі айту: Ертеде бір емен ағашы жайқала өсіп тұрыпты. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп жайғасыпты.Ешкі шаршаған, қарны ашқан еді.Ол жапырағын жемек болады.  -Емен, сені жұрт көп мақтайды, мықты ағаш деп. Қане мықтылығыңды көрсетші?  -дейді ешкі.  Ойын: «Жапырақ жинау», арқылы біз еменнің мықты екенін көрсетеміз. Жапырақтың артында сұрақтар бар, соған жауап бере алсаңдар емен ағашына көмектесе аламыз.   |            Сұраққа жауап беру:  1.Дыбыс,әріп дегеніміз не?  2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?  3.Ешкі сөзін буында, неше буын?  4.Көрші сөзін буынға бөл?  5.Еменге ешкі не деді?  6.Е-дыбысынан басталатын сөз айт.  7.«Етік» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?   |  
  |                       Кітаппен жұмыс.      Сергіту жаттығуы.                  |    -Ендеше , емен, ешкі сөздері қандай дыбыстан басталады екен?  Міне ,балалар, бәріміз еменге көмектесе алдық, ағаштарға үнемі осылай қамқор болып жүріңдер!  Мәтінді оқытамын.  Бүгін біз Ее-дыбысы мен әрпімен танысамыз. Ее-дыб-дауысты дыбыс.                   |         Ее-дыбысынан басталады.  Ойын: Ее-дыб басталатын сөздер  айтқызу:ел, емен, ет....   2-топ кезектесіп айтады.  Жоғары қарап ай көрдім,  Төменге қарап жер көрдім.  Оңға, солға қарап,  Егеменді ел көрдім.       |  
  |           5. «Ой қозғау»   |            -Ал, балалар, Егеменді ел дегеніміз не?  Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы айту.  -Е дыбысы әндетіліп еш кедергісіз айтылып тұр, ұзақ айтылып тұр.Демек Е-дыбысы дауысты дыбыс. Жіңішке дауысты    Қандай түске боялған?   Музыкамен тапсырма орындау.   |                 -Өз еркіндігімізді алып, Қазақстан мемлекетін құру.  хор: «Менің елім» (мәнерл.өлең)      Қызыл түске боялған.  «Емен»тобы, «Ешкі» тобы.  1.қызыл түс. 2.көк түсті жапсыру       |  
  |       Дәптермен жұмыс.                  Ойын: «Жоғалған әріптер»   |        Жазу үлгісін көрсетемін. Тақтаға жазамын.  Ауаға бірге жазып көрсетемін.          №2 жұмыс дәптерге жазу үлгісін жазу.  тапсырма орындау:   Ң Р Қ Л Т С     А        |        Дәптерімізді ашайық,  Қолға қалам алайық.  Көлбеу етіп қояйық,    Көркем етіп жазайық.           |  
  |       6.Сабақты бекіту.   Сәйкестендіру.              Шығармашылық тапсырма:   «Постер» әдісі.   |        Есік жегеді.  Етік өседі.  Есек киеді.  Емен ашылды.   |         Сәйкестендіру.                  «Ешкі» тобы ешкі суретін бояйды.  «Емен» тобы еменнің суретін бояйды.   |  
  |       7.Сабақты қорыту.                                       Рефлексия.           Бағалау.   |    Ойын: «Кім тапқыр?» тақтадағы сурет б\а әр бала сөз тіркесін құрайды.  Ойын: «Адасқан сандар мен әріптер»      -Бүгінгі сабақты меңгергендеріңді байқау кезінде «Жарайсың» сөзі шықты.      Бүгінгі сабақты жақсы меңгергендеріңді немесе түсінбегендеріңді жапырақша жапсыру арқылы білемін. Жасыл жапырақ-тамаша түсіндім, ал сары жапырақ түсінбегендеріңді білдіреді.  Бүгін қандай әріппен таныстық?  Сабақтан алған әсерлерің қандай?      Мақтау, мадақтау арқылы форматив жүргіземін.   |        1 2 3 4 5 6 7 8     ж р а а ы й с ң                  Балалар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көңіл-күй арқылы білдіреді.               Білім ағашына апарып жапсырады.   |