| Есік қағылып сырттан әжей кіреді. Әже:  - Сәлеметсіндер ме балалар? - Сәлеметсізбе әже , төрлетініз, қош келдініз Әже жайғасып отырады. Әже ойын ойнатады. Сюжеттік ойын: Қатысушылар: Әсел, әже, әлди. Әсел: - Әже, әлди жылады. Әже: - Әлди-бөпем әжен келе жатыр. Әжең «әлдиді» тербетеді... Әсел: - Әже, әлдиді бесіктен шешіп алайық. Әкеле ғой, көрпесі ме жастығын. Әжесімен әсел әлдиді бесіктен шешіп алады... Әже мен Әсел бесік жырын айтады.   Ойынға кімдер қатысты? - Бұл сөздер қай дыбыстан басталады? Ә әрпін балаларға көрсетемін. - Балалар, Ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздер айта аласындар? - Балалар, әтеш, әпке, сәбіз сөздерін буынға бөлейік. - Балалар, Ә  әріпін айтып көрейікші. - Ә әрпін әндетіп, кедергісіз айтамыз, ендеше Ә әріпі дауысты дыбыс. - Ә дыбысын қандай текшемен белгілейміз ? Сергіту сәті: Әлди-әлди бөпешім,                      Ұйықтай қойшы көкешім.                       Бармақтарын майысып                      Ұста болар ма кенсің?                      Күйші болар  ма екенсің?... Ә әрпін тақтаға жазып көрсетемін. Ә әрпін ауада жаздыртамын. Дәптермен жұмыс: Сергіту сәті: Бір, екі, үш                       Жинап алып күш                       Қолға қалам аламыз                       Ә дыбысын жазамыз. Бір жолға әдемі, сауатты жазу. 
 |