| Пәні: | Әдебиеттік оқу. |
| Аты-жөні: | Аманжолова Айымгүл Жанарбекқызы |
| Сыныбы: | 2 ж |
| Уақыты: | |
| Сабақтың тақырыбы: | Өс, ұлан! Өтебай Тұрманжанов. |
| Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: А) ақпараттық құзіреттілік Ә)коммуникативтік құзіреттілік Б) проблеманы шешу құзәреттілігі | - Ақпарат беру арқылы өлеңнің мазмұнын, тақырыбын, идеясын меңгерту - Өлеңнен алған білім, өнегені өмірде қолдана білуін қалыптастыру. -Өлеңнің мазмұны негізінде өз бетімен сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру мен ойын жеткізе білуге дағдыландыру. |
| Сабақтың түрі: | Аралас сабақ. |
| Сабақтың әдісі: | Сөздік, көрнекілік,сұрақ-жауап. |
| Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: | Дамыта оқыту технологиясы,проблемалық. |
| Пәнаралық байланыс: | Қазақ тілі,бейнелеу. |
| Оқыту құралдары: | Оқулық, суреттер,АКТ |
| Сабақтың барысы | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Күтілетін нәтиже |
| І. Ұйымдастыру бөлімі.  | Амандас; Түгендеу; Кезекшілік қызметті тексереді. Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? Құралдарымызды шығарып, сабағымызды бастайық. Психологиялық дайындық. Айналаға алақанмен, Жылулықты шашайық. Сәттілік тілеп, күлімсіреп, Біз сабақты бастайық | Амандасады. Отырады. - Жақсы, дайынбыз. Құралдарын шығарып, сабаққа кіріседі. Айналаға алақанмен, Жылулықты шашайық. Сәттілік тілеп, күлімсіреп, Біз сабақты бастайық. | Мұғалім мен оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды. Сабаққа деген қызығушылықта-ры артады |
| ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. | -Балалар, өткен сабақтағы тақырыбымыз қалай? Оқушылардан ауызша түсінік сұраймын. | Оқушылар әңгіме бойынша түсінігенін айтады. | Үй тапсырмасына дайындық деңгейлері анықталады . |
| ІІІ.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық. | Қызығушылықты ояту. Енді мен сендерге өлең шумақтарымен сұрақ қойғым келеді? - Әліпбидің А тұрады басында, Әрқашанда Ә тұрады қасында. Байқадың ба Б тұрады үшінші, Ал осының сыры неде түсінші? | Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына өлең шумағымен жауап қайтарады. А деген ол аналар ғой ардақты, Ә деген ол әкелер ғой салмақты. Б деген ол балалар ғой әдемі, Алшақ кетпей сондықтан да расында, Тұрады олар әліпбидің басында. | Өлең жолдарымен қойылған сұраққа мұғалімнің көмегі арқылы өлең жолдарымен жауап береді. Сабаққа деген құлшынысы жақсы екенін көрінеді. |
| IV. Жаңа материалды түсіндіру.  | Дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық..Оқушылар бүгінгі тақырыбымыз: Өтебай Тұрманжанов “Өс,ұлан!” Автор туралы мәлімет беріледі. Өтебай Тұрманжанов 1905 ж 15 – желтоқсанда Бөген ауданындағы «Жалғызағаш» дүниеге келген. Ташкентте №14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Өлеңмен жұмыс. Өлеңді тізбектей оқиды. Өс,ұлан! Сау болсын десең Он екі мүшең – Ерте тұр! Құлақ түр. Тыңда сыр. Жапырақтар жырлар, Гүлдер сыбырлар. Күн нұрын күт, Таза ауа жүт. Жүгір Селмен жарысып. Жүгір Желмен жарысып. Нұрға сылан, Болып қыран Өс,ұлан! -Ақын жас ұланға дені сау болып өсу үшін қандай ақыл айтқан? Өлең соңында шыныққан,шымыр бала неге ұқсайды? | Оқушылар дәптерге күннің жадын жазады. Өтебай Тұрманжанов “Өс,ұлан!” Өтебай Тұрманжанов 1905 ж 15 – желтоқсанда Бөген ауданындағы «Жалғызағаш» дүниеге келген. Ташкентте №14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды, талдайды, қойылған сұрақтарға жауап береді. | Жаңа тақырып бойынша мәлімет жинақтайды, білімдерін кеңейтеді. Автордың өмірбаянымен танысып, білімдерін кеңейтеді. Ө.Тұрманжановтың өмірімен танысады . Тақырып бойынша оз ойларын айтады. Жаңа материалды толық меңгеріп, қабылдауы көзделеді. Дауыстап , түсініп оқу дағдысы қалыптасады. Өлең шумақтары бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ашық білдіріп үйренеді. |
| Сергіту сәті. | Балалар, енді барлығымыз орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық! Видеоролик | Сергіту сәтін бірге орындайды, бойлары сергиді, сабаққа белсенділіктері артады. | Сергіту сәтін қайталап сабаққа деген құлшыныстары арта түсті. |
| V.Жаңа материалды бекіту. | Тапсырма. Өлеңдегі айнала табиғат әсемдігін ақынша 5 жолды өлеңмен дәптеріне жаз. «Қызықты сөз» ойыны Тура оқысаң да , кері оқысаң да сол сөз шығады. Мысалы:Ана, ала, ата, ара,шаш, қызық,нан,апа, қазақ т.б. | Оқушылар тапсырма бойынша өз беттерімен жұмыстанады. | Алған ақпаратты жүйелейді. Ақпараттармен толықтыруға мақсат қояды. |
| VI.Үй тапсырмасы. | Үй тапсырмасы: Өлең шумақтарын жаттап алу. | Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. | Өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру. |
| VII.Бағалау . Қортынды. | Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау. - Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! | Күнделіктеріне баға қойғызады. Марапатталады. - Сау болыңыз! | Өз деңгейлеріне көз жеткізеді. Сабақ қортындылады. |