Просмотр содержимого документа
«Дауысты ж?не дауыссыз дыбыстар. Боранда. »
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Айтиев селосы
Айтиев бастауыш мектебі
Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна
Сынып:1
Сабақтың тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Боранда.
Сабақтың мақсаты:Өлеңді дауымтап,дұрыс,саналы,мәнерлеп оқыту арқылы оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыра отырып,лауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін кеңейту.Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтаң көрнекілігі: сызба,сөзжұмбақ.
Барысы:
1.Бағдарлау-мотивациялық кезең.
«Дыбыстар патшылығы»
-Әлдеқандай патшалықта емес,әлдеқандай мемлекетте емес,тура өзіңнің ауызыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр.Ал олардың үйі,міне,қандай әдемі/аузыңды көрсетші,аша ғой,қане/. Үйдің төбесі бар/тіліңді тигізіп көр,өзіңнің үйіңнің төбесін ізде,таптың ба?/
Еден дегеніміз төменгі таңдай,есік-еріндер.Есік бекем болуы үшін қойылған сүйек шарбақтар да бар/тістерін көрсетсін/.
Бәрі жақсы болар ма еді,қайтер еді,бірақүй ішіне бір айдаһар кіріп,орнағып алды./тілдің ұшын қимылдатыңыз/
Сөйтіп,ол өзінің зұлымдық істерін жасай бастады.Кейбір дыбыстарды ол емін-еркін өткізіп жіберді,міне былай,менен кейін қайталап айтып отырындар: (а) (ә) (о) (ы) (и) ... Бұл дыбыстар еріннен,яғна есіктен еркін өтіп жатты және олардың киіп алған мынадай қызыл көйлектері бар еді./оқушыларға қызыл карточканы көрсету/.Ал басқаң жолына айдаһар түрлі кедергілер тұрғызды немесеесікті жауып қояды(м-м-м).Ол (т) дыбысын төбеге итеріп,жасырып қояды.Айдаһар дыбыстарды біресе ысылдап шырылдауға (ш),пысқырынуға (ф),ысқыруға (с),қырылдауға (х) мәжбүр етеді.Біресе дыбысты құйрығымен ұрады (р) /айтып көріңізші,тіл діріл қағып тұр ма?/.Бұл дыбыстар ауыздан емін-еркін шыға алмайды.Сондықтан да олар мынадай көк көйлек киіп алған./көк карточка көрсету/
Дыбыстар
Дауысты дауыссыз
Дыбыс кедергіге ұшырамай еркін шығады дыбыс кедергіге ұшырып шығады
«Көйлек кигізіп шығар»ойыны./мен дыбыстарды атағанда,оқушылар соған сәйкес қызыл н/е көк жолақты көтереді/
2.Операционалдық-орындаушылық кезең.
Көркем жазу.
1. «Боранда» оқушылардың мәнерлеп оқуы.
2.-Боран қай кезде болады?
-Боранда адамдар қалай киінеді?
-Қарамен жазылған сөздердегі дыбыстардың қайсысы дауысты,қайсысы дауыссыз екенін табыңдар.
18-жаттығу
Қыс айлары: желтоқсан,қаңтар,ақпан.
19-жаттығу.Ауызша.
«Ойлан,тап»ойыны.Екі топқа бөлінген оқушылардың бірі дауысты дыбыстан басталатын,екіншісі дауыссыз дыбыстан басталатын сөз ойлап,содан кейін сөйлем құрап жарысады.
3.Рефлексиялық – бағалау кезеңі:
Шығармашылық тапсырма
Көп нүктенің орнына дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды қой: