15.450кг ?н бірдей 9 ?ап?а салынды. Осындай 3 ?апта неше кг ?н бар /150кг/
16. ?орапты? ?зынды?ы 9см, ені 5см, биіктігі 2 см. К?лемін тап.
Келесі кезекте ?пай сандары аз 2 о?ушыны ойыннан шы?арып саламыз.
1-ж?ргізуші
Ойнайы? та, ойлайы? та, ойнайы?!
?атардан артта ?алып ?оймайы?.
Белсенді болайы? ортада
Уа?ытты тектен – тек жоймайы?,
Ойнайы? та, ойлайы? та, ойнайы?!
Білімділік к?рсетейік, сынайы?
Же?се? де, же?бесе? де ренішсіз болайы?,
?аймы?пай к??ілді болып тарайы?! – дей отыра
№3-ші слайд «Сын са?аты» карточкамен ж?мыс
1. 3 - ті? кубы
2. ?орапты? ?зынды?ы 8см, ені 3см, биіктігі 2 см. К?лемін тап.
3. Квадратты? периметрі 20см, бір ?абыр?асы неше сантиметр?
4. О?ушыны? с?зіні? т?бірін тап.
5. Затты? санын білдіретін с?з табы
6. Барыс септігіні? жал?ауларын ата.
7. Абылайды? шын есімі.
8. ?я салмайтын ??с.
9. ?н?ранны? авторлары кімдер?
10. К?ндіз к?рмейтін ??с.
11. Жер бетінде неше материк бар?
12. Білімді с?зіні? т?бірін тап.
13. 81 саныны? квадраты.
14. Затты? ?имылын білдіретін с?з табы.
15 Ілік септігіні? жал?ауларын ата.
16. Адам денесіні? тірегі не?
17. Текшені? бір ?абыр?асы 3 см. К?лемін тап.
18. ?абанбай батырды? шын есімі.
Ойын тол?ын жат?анда асып, тасып,
Біреу мы?ым, біреулер шалыс басып.
Б?л ойыннан ?теді ??лама ойлар,
Же?се? де, же?ілсе? де ?алма жасып – дей келе ойыннан та?ы 2 о?ушыны ?ошеметпен шы?арып саламыз.
4- кезе? «ТІЛ ?НЕРІ»
- Мемлекеттік тілмен ?оса, балалар, сендер орыс тілін де ме?геріп ж?рсі?дер. Орыс тілі ?лтаралы? тіл, ?йренгенні? арты?ы жо?. ?азір ?р топ?а 4 ж?мба?тан о?имын, сендер сол ж?мба?ты? шешуін тауып, оны орыс тіліне аударулары? керек. Топта?ы м?шелер бір - бірі?е к?мектесіп отырасы?дар. ?р д?рыс жауап?а 2 ?пай беріледі.
1. Білімнен мол сый асы,
Бал?ындарды? ?ясы. ( мектеп - школа)
2. ?шып - ?онып тынбайды, Су?а салса? батпайды,
Жерге со?са? сынбайды Т?скен жерге жатпайды. (доп - мяч)
3. Алыстан ?араса? аппа?
Татып к?рсе? т?тті - а? (?ант - сахар)
4. Аузы бейне шал?ы - ора?,
Ш?п емес біра? мал орады. (?ас?ыр - волк)
5. ?зі тауды? б?ктерінде ?седі
Жа?а жылда ?й т?ріне к?шеді. (шырша - елка)
6. Б?дан кір ?ор?ады
Судан б?л ?ор?ады. (сабын - мыло)
7. Онсыз асты? д?мі жо?,
Ассыз оны? м?ні жо?. (т?з - соль)
8. М?ртымен туады,
М?ртын к?нде жуады. (мысы? - кошка)
Музыкалы? с?лем.
Осы кезе?нен кейін же?імпаз о?ушыны аны?таймыз.
Білімні? мініп алып т?лпарына,
?иналмай шы?ты? білім шы?дарына.
Б?гінгі сайысымыз ая?талды,
С?з кезегі ?діл?азы ал?асында.
- б?гін біздер балаларымызды? білімдерін сынап, ?нерлерін тамашалады?. Балаларды? барлы?ы да білімдерін к?рсете білді. ?діл?азылар ал?асына с?з кезегін беріп, же?імпаз о?ушыларды марапаттайды.
Ма?танамын ке?-байта? елім ?шін,
??нарлы мол шырынды жерім ?шін.
?р?ашан биік шы?нан к?рінсін деп,
деп т?уелсіз елімізге лайы? еркін де, ізденгіш, білімді ?рпа? болып ?сі?дер. Т?уелсіздігіміз баянды болсын!
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық кабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге кызығулышыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Слайд
Барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу сығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсек де, жеңілсек те қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз. Сондықтан да бүгінгі «Ойлы болсаң, озып көр»» атты үздіктер сайысына қош келіпсіздер. Сайысқа келіп отырған оқушыларымыздың жолы ақ мол болсын. Құрметті оқушылар, ұстаздар! Мұхтар Әуезов айтқандай «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім». Балалар, еліміздің үміт артқан болашағы сендерсіңдер. Өз білімдеріңді көрсететін сәт келді. Ендігі кезек өздерінде. Ендеше бүгінгі сайысқа қатысушы 4 сынып үздіктерімен таныс болыңыздар:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Үздіктерді шақырайық ортаға.
4 «А» сынып оқушысы –
4 «Ә» сынып оқушысы –
4 «Б» сынып оқушысы –
4 «В» сынып оқушысы –
4 «Г» сынып оқушысы –
Қарап тұрмай бәйгемізге еріңіз,
Шәкірттерге әділ баға беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бүгінгі міне сайыс төріне келіңіз, - дей отыра сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
4.
Әділқазы алқасымен танысып алдық.
Оянды армандарым әлде менің,
Елесін іздедім бе әлде менің?!
Шуақ құяр көңілге жанды тербеп,
Сиқырлы құдірет – ау ән дегенің! – дей отыра біз сайысымызды бастамас бұрын сіздерге ___ « » сынып оқушысы _________________________________ орындауында бір әсем әнді қабыл алыңыздар.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
Ойынның шартымен таныс болыңыздар:
Таныстыру
1. «Бәйге» ауызша сұрақтар.
2. «Жорға» математика пәнінен ауызша логикалық есептер
3. «Сын сағаты» әр пәннен сұрақ
4. «ТІЛ ӨНЕРІ»жұмбақ
1-ші кезеңнің шарты бойынша 3 минут уақыт ішінде өздеріңізді таныстыр /1 бетке оқушы туралы мәлімет /
1-жүргізуші
Сайысқа түссін жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма.
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім – тәрбие алар ма.
2-жүргізуші
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін «Бәйгеге» біз берейік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрейік
. 1-ші кезең «Бәйге» ауызша сұрақтар.
Әр оқушыға 1 сұрақтан беріледі, әрбір жауапқа 1ұпай\
Бәріңізге сәттілік тілеймін!
№1слайд
Сұрақтар:
1. Бойы 2 қарыс, сыйып тұр 25 арыс? (сызғыш)
2. 31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (1)
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
4. Ең кіші натурал сан? (1)
5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (квадрат)
6. Бір жазықтықтықта қиылыспайтын екі түзу? (параллель түзулер)
7. Қатар тұрған үш санның қосындысы да. Көбейтіндісі де 6-ға тең. Олар қандай сандар? (1, 2, 3)
8. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш қалады? (бесбұрыш)
9. Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)
10. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш? (тіктөртбұрыш)
Ұпай саны аз жиналған екі оқушымен қош айтысамыз, сендерге көп рахмет!
1-жүргізуші:
Жарыс толқып жатқандай асып – тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Осы турда байқалар терең ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып
2-жүргізуші
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
№2 слайд «Жорға» кезеңін бастаймыз .
2-ші кезеңді бастайық. Бұл кезеңде пәндер бойынша сұрақтарға жауап беру. Шарты: ұяшықтан таңдап алған сұрақтарға жауап беру. Бұл тур бойынша ұпай санын 10, 20, 30, 40 таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны беріледі. Әр тақырып 10, 20, 30, 40, санды ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі. Ұпай сандары аз 2 оқушы ойыннан шығады.
№2 слайд ұяшықтарда
1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
(3 кг)
2.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3.Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4.Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
5. 1 жұмыртқа 3 минутта піседі, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 мин).
6. 1 т мақта ауырма, 10 ц темір ауырма? (тең).
7. 70-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір).
8.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл).
9.Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар).
10.Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас).
11. Бір елі ауызға – (үш елі қақпақ).
12.Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын).
13.Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды).
14.Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
15.450кг ұн бірдей 9 қапқа салынды. Осындай 3 қапта неше кг ұн бар /150кг/
16. Қораптың ұзындығы 9см, ені 5см, биіктігі 2 см. Көлемін тап.
Келесі кезекте ұпай сандары аз 2 оқушыны ойыннан шығарып саламыз.
1-жүргізуші
Ойнайық та, ойлайық та, ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық.
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен – тек жоймайық,
Ойнайық та, ойлайық та, ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді болып тарайық! – дей отыра
№3-ші слайд «Сын сағаты» карточкамен жұмыс
1. 3 - тің кубы
2. Қораптың ұзындығы 8см, ені 3см, биіктігі 2 см. Көлемін тап.
3. Квадраттың периметрі 20см, бір қабырғасы неше сантиметр?
4. Оқушының сөзінің түбірін тап.
5. Заттың санын білдіретін сөз табы
6. Барыс септігінің жалғауларын ата.
7. Абылайдың шын есімі.
8. Ұя салмайтын құс.
9. Әнұранның авторлары кімдер?
10. Күндіз көрмейтін құс.
11. Жер бетінде неше материк бар?
12. Білімді сөзінің түбірін тап.
13. 81 санының квадраты.
14. Заттың қимылын білдіретін сөз табы.
15 Ілік септігінің жалғауларын ата.
16. Адам денесінің тірегі не?
17. Текшенің бір қабырғасы 3 см. Көлемін тап.
18. Қабанбай батырдың шын есімі.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – дей келе ойыннан тағы 2 оқушыны қошеметпен шығарып саламыз.
4- кезең «ТІЛ ӨНЕРІ»
- Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер орыс тілін де меңгеріп жүрсіңдер. Орыс тілі ұлтаралық тіл, үйренгеннің артығы жоқ. қазір әр топқа 4 жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтың шешуін тауып, оны орыс тіліне аударуларың керек. Топтағы мүшелер бір - біріңе көмектесіп отырасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
1. Білімнен мол сый асы,
Балғындардың ұясы. ( мектеп - школа)
2. Ұшып - қонып тынбайды, Суға салсаң батпайды,
Жерге соқсаң сынбайды Түскен жерге жатпайды. (доп - мяч)
3. Алыстан қарасаң аппақ
Татып көрсең тәтті - ақ (қант - сахар)
4. Аузы бейне шалғы - орақ,
Шөп емес бірақ мал орады. (қасқыр - волк)
5. Өзі таудың бөктерінде өседі
Жаңа жылда үй төріне көшеді. (шырша - елка)
6. Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын - мыло)
7. Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ. (тұз - соль)
8. Мұртымен туады,
Мұртын күнде жуады. (мысық - кошка)
Музыкалық сәлем.
Осы кезеңнен кейін жеңімпаз оқушыны анықтаймыз.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықтық білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасында.
- бүгін біздер балаларымыздың білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық. Балалардың барлығы да білімдерін көрсете білді. Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз оқушыларды марапаттайды.
Мақтанамын кең-байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,
деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Бүгінгі «Ойлы болсаң озып көр» атты үздіктер сайысын аяқтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет!