Ж?ргізуші: С?леметсіздер ме ?она?тар, балалар, ?ріптестер. Б?гінгі мерекелік «Біз болаша? жас ?лан» атты эстафеталы? жарыс?а ?ош келді?іздер! Барша?ыз?а да зор денсаулы?, ашы? аспан тілейміз.
Просмотр содержимого документа
«"Біз болаша? жас ?лан"»
«Біз болашақ жас ұлан»
( Эстафеталық жарыс)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар, әріптестер. Бүгінгі мерекелік «Біз болашақ жас ұлан» атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер! Баршаңызға да зор денсаулық, ашық аспан тілейміз.
Ал, қанекей, қонақтар,
Ортаға назар салайық.
Ойыншылар келеді,
Қол соғып, қарсы алайық.
(Ортаға ойыншылар шығып, бір қатарға тұрады.)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Жүргізуші: Балалар, сендердің естеріңде ме, ең алғаш балабақша табалдырығын аттағанда кіп-кішкентай едіңдер. Ал қазірде мектеп табалдырығында өсіп денелеріңді шынықтырдыңдар, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа үйрендіңдер. Ендеше, бүгінгі мерекеге келген ата-аналарымызға өзіміздің қандай мықты, алғыр, күшті екенімізді көрсетейік.
Командалардың сәлемдесуі.
Бірінші команданың аты «Жас ұлан»
Ұраны: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Тал бесігім туған жер,
Біз баламыз-Жас ұлан.
Екінші команданың аты «Жұлдыздар»
Ұраны: Отан таңның арайы,
Күн нұрынан жаралған.
Отан бақыт сарайы,
Біз боламыз баласы.
Биіктерде тұрамыз,
Жұлдыз болып жанамыз!
Жүргізуші: Келіңіздер, көріңіздер,
Жарысты біз бастайық
1-сайыс.Көктемгі көлшіктерден секіру.
Жүргізуші:Кітаптың бірінші бетін ашайық. Балалар, суретте не бейнеленген.
-Қазақстан әскерлері.
-7-мамыр 1992 жылы құрылған. Бұл күн-Отан қорғаушылар күні. Сендер де өсіп, Отанымызды қорғайтын сарбаздар болыңдар.
2-сайыс.Біз болашақ жас ұлан.
Жүргізуші: Қандай қызықты кітап, келесі бетін ашып көрейік.
9-мамыр-Жеңіс күні.
Бұл күні балалар Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы,Талғат Бигелдинов т.б ағаларымыз бен апаларымыз мәңгі есімізде қалады.
3-сайыс.Жылдам жүретін велосипед.
Жүргізуші: Балалар, кітабымыздың соңғы бетінде не бейнеленген? Біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
-Дұрыс айтасыңдар, кең байтақ, бай өлке Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.
-Қандай рәміздерді білесіңдер?
-Елтаңба, әнұран, ту.
-Қазақстан туралы тақпақ айтып берейік.
Қазақстан -күн елі,
Қазақстан- гүл елі.
Бақыт құшқан ұл-қызы,
Күндей болып күледі.
Қазақстан- тау елі,
Қазақстан- бау елі.
Әуеніне бұлбұлдың,
Қосылады әуені.
-Балалар, Сендер ең бақытты балаларсыңдар. Себебі, Отан сендерге бар қамқорлығын жасап отыр. Сол үшін Қазақстанымыз гүлдей, жайнай берсін делік.