Ма?саты: Ата - аналар мен балаларды сайыс?а ?атыстыра отырып, оларды?
бір - біріне деген ?арым - ?атынастарын бай?ау. Салт - д?ст?рді
д?ріптеу.
Барысы
Кіріспе:
?азіргі отбасында?ы т?рбиесіндегі басты нысана баламен рухани
?ндестік пен ?йлесімділікке ?мтылу, ата - баба м?расын са?тау?а к??іл б?лу. Халы?ты? т?лімдік м?расын б?гінгі к?нмен саба?тастыру болып табылады
Алфавитті? А т?рады басында,
?р?ашанда ? т?рады ?асында
Бай?ады? ба, Б т?рады ?шінші
Ал, осыны? сыры неде т?сінші:
«А»деген ол – аналар ?ой арда?ты
«?»деген ол — ?келер ?ой салма?ты
«Б» деген ол- балалар ?ой ?демі
Бізді? елде ?шеуі де к?делі.
Алша? кетпей сонды?тан да расында
Т?рады олар алфавитті? басында.
Расында да ?аза?та мынадай жа?сы с?з бар: «?ке –ас?ар тау, ана – бауырында?ы б?ла?, бала – жа?асында?ы ??ра?» деген. С?би ?шін е? жа?ын, е? жылы ?я — ата-ананы? ала?аны, мейірімі, ?айырымдылы?ы.
Просмотр содержимого документа
«Бірлігіміз жарас?ан отбасымыз »
№2 мектеп-гимназия
Бірлігіміз жарасқан отбасымыз
Дүйісова А.
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан отбасымыз
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың
бір - біріне деген қарым - қатынастарын байқау. Салт - дәстүрді
дәріптеу.
Барысы
Кіріспе:
Қазіргі отбасындағы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани
үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата - баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу. Халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба, Б тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде түсінші:
«А»деген ол – аналар ғой ардақты
«Ә»деген ол — әкелер ғой салмақты
«Б» деген ол- балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында
Тұрады олар алфавиттің басында.
Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар: «Әке –асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жақын, ең жылы ұя — ата-ананың алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Сайыстың барысы:
1. «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер» (Өзін - өзі таныстыру) 2. «Ата мұра – асыл қазына» (салт - дәстүр сұрақ)
Ата-аналарға:
Малдың 12 мүшесін атаңыз.
Ұлттық ойындарды атаңыз.
Нанға байланысты ырым-тиымдарды білесіз бе?
Еттен табақ тартқанда оның қандай түрлеріне сүйеніп тартады? Қойдың қадірлі мүшесін, жылқының қадірлі мүшесін атай аласыз ба?
Оқушыларға:
Жеті ата деген не? Жеті атаңды ата.
Төрт түліктің түрлерін, пірлерін ата.
Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата
Жылқы туралы мақал-мәтел айта аласың ба?(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы – малдың патшасы.Алып анадан туады, тұлпар биеден туады.)
3. «Ата көрген оқ жонар Ана көрген тон пішер» (баламен бірге іс істеу) 4. Мақал - мәтел сайысы (балалар отбасы туралы мақал айтады) 5. «Ұяда не көрсең, Ұшқанда соны ілерсің» (отбасындағы әдетке айналған іс - шаралар) 6. «Халық тәлімі - тәрбие бастауы»(ситуациялық сұрақтар)
Қорытынды:
Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттау.