-Армысыздар,құрметті қонақтар!Бүгін 1 сыныпта өтетін «Алтын күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Баршаларыңызды жомарт күз мерекесімен құттықтаймыз!
-Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жинап-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Мол өнімді жинаймыз,
Елге бәрін сыйлаймыз.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.
-Олай болса,ортамызға алтын күздің ханшайымдары мен ханзадалары болғысы келетін өнерлі өнерпаздарызды шақырайық.
1-топ «Ақбидай »
2-топ «Жеміс-көкөніс»
3-топ «Табиғат»
Әділқазылар алқасын тағайындау.
-Енді,бүгінгі ханшайым мен ханзада болатын өнерпаздарымыздың жарыс бағдарламасымен таныстырайық.
1. «Алтын күз» сән үлгісі (күздік киім үлгісін көрсету)
2. Өнер сайысы
3. «Күзгі дастархан мәзірі»
1 сайыс.
«Ақ бидай» тобы
-Қараңдаршы,қандай сұлу,
Бидай басқан мына дала.
Әрбір адыр,әрбір жота,
Алтын жайып тастағандай.
(Күздік киім үлгісін көрсетеді)
«Жеміс-көкөніс» тобы
-Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
( Жеміс-көкөніс киім үлгісін көрсетеді)
«Табиғат» тобы
-Күз келді де,ауа райы салқындап,
Жапырақтар ұшып жатыр қалқылдап.
Жердің беті сары кілем секілді,
Шашу шашып жатқандай-ақ алтын бақ.
( Жапырақтар биі)
Көрермендерге жұмбақтар жасыру
1. Іші толған шәрбәт, 2.Сырты қандай қатты,
Дәмі сондай әйбат, Дәні сондай тәтті.
Үзесің бірден жүзін, Шағып қара таңдап,оның аты?(жаңғақ)
Оның аты? (жүзім)
3.Әрі қызыл,әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. Бұл не?(алма)
4. Өзі шалғы,өзі орақ,
Өзі қырман,өзі арба,
Өзі күрек,өзі қап. Бұл не?(комбайын)
2 сайыс.
Өнер сайысы . Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
«Ақбидай» тобы:
1. «Қолшатыр» биі 2. Көрініс «Бауырсақ»
«Жеміс-көкөніс» тобы:
1. Тақпақтар
2. «Қызыл өрік» биі
«Табиғат» тобы:
1. «Алтын күз» биі
2. «Қамажай» биі
3сайыс.
-Күз дегеніміз жазира даланың дарқан дастарханы.Күз дегеніміз-байлық,молшылық,қауырт еңбек кезеңі.Олай дейтін себебіміз,күзде-егін,шөп,астық,көкөніс,жеміс-жидектер піседі.Күзде қыста қамдану басталады,сондықтан адам да,жануарлар да,құстар да қысқа әзірлік жасайды.
«Күздік дастархан мәзірін жасау»
Әділқазылар алқасына сөз беру.Марапаттау. Құттықтау сөзі қонақтарға беріледі.