Ш?мшіні ?аза? 20-шы ?асырды? екінші жартысында?ы е? ?здік композитор деп біледі,?ндерін ты?дай да,айта да бермек.
Ш?мші ?ндерін ал?аш орындап ба?ын аш?ан – Жамал Омарова, Ришад Абдуллин, Р.Ба?ланова, Б.Т?легенова, Н.Н?сіпжанов, Ба?ыт ?шімова, М.Н?ркенова т?різді ?нді таныту шеберлігі ?р алуан ?ншілерді? е?бектері ерекше. ?рбір ?нге, оны? ішінде дариядай шал?ып, те?іздей тол?ып жататын Ш?мші туындыларына аса бір сезімталды?пен ?арау керек. Ш?мші ?ндеріні? ?ай ?рпа??а да берері мол. Тек оны білу керек.
Сабақтың мақсаты: «Вальстің королі» атанған композитордың өмірі мен
шығармашылығы туралы баяндау.
Жаңа ән үйрету.Әнді мәнерлі айтуға баулу.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Дауыс жаттығуы
3.Үй тапсырмасын сұрау.
а) Бақытжан Байқадамов
ә) Сыдық Мұхамеджанов
б) «Ана»
-әнді хормен орындау.
-әр қатармен орындау
-оқушылардан жеке сұрау.
4.Жаңа сабақ
Шәмші Қалдаяқов (1930-1992)
Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген.Шәмші 1956-62ж.ж. Алматы консерваториясында оқиды.
Қазақстанның халық артисі Шәмші Қалдаяқов-ән жанрында аты шыққан әйгілі композитор.Оның әндері республиканың барлық өңіріне кең тараған.Оның «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Менің Қазақстаным», «Қайықта», «Ана туралы жыр», «Ақ ерке-ақ Жайық», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Сыр сұлуы» т.б. әндері бар.
Оның «Менің Қазақстаным» әні 1986 жылғы желтоқсаншыларды рухтандырған бірден-бір ән болды.Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы дүниеден өтті.
Шәмшіні қазақ 20-шы ғасырдың екінші жартысындағы ең үздік композитор деп біледі,әндерін тыңдай да,айта да бермек.
Шәмші әндерін алғаш орындап бағын ашқан – Жамал Омарова, Ришад Абдуллин, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Н.Нүсіпжанов, Бақыт Әшімова, М.Нұркенова тәрізді әнді таныту шеберлігі әр алуан әншілердің еңбектері ерекше. Әрбір әнге, оның ішінде дариядай шалқып, теңіздей толқып жататын Шәмші туындыларына аса бір сезімталдықпен қарау керек. Шәмші әндерінің қай ұрпаққа да берері мол. Тек оны білу керек.
5.Жаңа ән «Ана туралы жыр»
Сөзі:Ғ.Қайырбеков,әні:Ш.Қалдаяқов
Әннің шығу тарихы
-әнді фраза бойынша үйрету
-әндегі жартылық және нүктелі ноталардың айтылуын түсіндіру.
-әннің қайталанатын тұстарын үйрету
-әнді акапелла орындап көрсету.
6.Бекіту сұрақтары
-Қазақстандағы хор өнерінің негізін салушы кім?
-Қазақтың күйлерін тұңғыш хорға өңдеп лайықтаған композитор кім еді?
- «Айсұлу», «Жұмбақ қыз» операларының авторын ата
-“Ана туралы жыр” қай жылы шықты ?
-Ш.Қалдаяқовтың қандай әндерін білесіңдер ?
-“Ана туралы жыр” әнінің мағынасынан не түсіндің ?
-Басқа қандай композиторлардың ана туралы жазылған әндерін білесіңдер ?
-Ш.Қалдаяқов қай облыста дүниеге келген?
-Оның қандай әндері бар?
7.Бағалау
8.Үй тапсырмасын түсіндіру
-Шәмші Қалдаяқов
- «Ана туралы жыр»-әннің сөзін жаттау
-Кітапханадан О.Бодықовтың «Шәмші Қалдаяқов.Хикаяттар» атты кітабын алып оқу.