4.Б?лім «Тап?ыр» ( б?нда ?р топ?а 5-с?ра? ?ойылады ж?не оны? т?рт жауабы айтылады, ?атысушы сол т?рт жауапты? ішінен д?рыс жауапты табу керек, д?рыс жауап берген 1- с?ра??а 5- ?пай беріледі)
І- топ;
1.«?анеки, тілім, с?йлеші» термесіні? авторы кім?
а. Базар жырау
?. Т?рма?анбет жырау
б. Н?рту?ан а?ын
в. Нартай а?ын
2. К?й дегеніміз не?
а. к?йшіні? домбырада шебер ойнауы
? жетіген аспабында орындалатын шы?арма
б орындаушылы? м?мкіндікті дамыту?а арнал?ан шы?арма
в домбыра ж?не т.б. ?аза?ты? халы? аспаптарында орындалатын музыкалы? шы?арма
3. К?п ішекті музыкалы? аспапты тап?
а ?ыл?обыз
? шертер
б жетіген
в прима ?обыз
4.Домбыраны? дыбыс шы?аратын ойы?ы ?ай жерде орналас?ан?
Просмотр содержимого документа
«"Е? ал?ыр" интеллектуалды сайыс »
«Ең алғыр» интеллектуалды сайысы
Қызылорда облысы
Арал ауданы
Сапақ елді мекені
№ 69 орта мектебі
«Өнерім өмірімнің- өрнегі» атты көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі: Сарсембаев Ержан
Мақсаты:
Көркемөнерпаздар үйірмесіндегі үйірме мүшелерінің алған білімдерін толықтырып, таным белсенділігін арттыру. Үйірмеге деген қызығушылығын арттыра отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Елінің тарихын, салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін ояту. Көрнекіліктері: Жазылған сөздер, кесте, 1,2,3,4 сандары,көрмелер мен плактткр және оқулықтар т.б қолдан жасалған бұйымдар
Ойын барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар мен ата- аналар және оқушылар! Оқушылардың ой- өрістерін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге, өнерге қызығушылықтарын арттыратын «Ең алғыр» интеллектуалды сайысына қош келіпсіздер! Алдымен, ойын шарттарымен таныстырмас бұрын үйірме мүшелерін 3- топқа бөліп алайық. (әдіс- тәсіл б/ша бөліп болған соң, әділқазымен алқасымен таныстыру)
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба әлде алыспа.
Әділқазымен алқасымен таныстыру
Сайыстың шарттары:
Сайыс 4- бөлімнен тұрады.
1.Бөлім «Кім көп біледі» (әр топқа 5- сұрақтан беріледі, егер кез- келген топ бір сұраққа дұрыс жауап берсе, 5-ұпай беріледі).
( әр топқа 5- сұрақтан беріледі, дұрыс жауап берсе, 5-ұпай беріледі) 3.Бөлім «Әуенді сайыс» (бұнда оқушыларға тосынан музыкальный апаратурадан, домбыра, сырнай аспабынан әуен жасырылады, әр топқа 5- әуен жасырылады, дұрыс жауап берсе, 5-ұпай беріледі) 4.Бөлім «Тапқыр» ( бұнда әр топқа 5-сұрақ қойылады және оның төрт жауабы айтылады, қатысушы сол төрт жауаптың ішінен дұрыс жауапты табу керек, дұрыс жауап берген 1- сұраққа 5- ұпай беріледі) Ескерту: кезектен тыс жауап берген топтың ұпайы шегеріледі және сайысқа йынға 18- оқушы қатысады. Ал енді сайысымызды бастаймыз. Сонымен оқушылар іске сәт! Жұлдыздарың жансын!
1.Бөлім «Кім көп біледі» (3- топқа 5- сұрақтан 15-сұрақ беріледі, тақтада көрсетілген сандардан қалағанын таңдайды, кез- келген топтың дұрыс айтқан бір жауабына
5-ұпай беріледі).
1. Музыкада фермата белгісі не үшін қажет? (дыбысты созып айту үшін)
2. Итальянша пианессимо белгісінің қазақша мағынасы қалай аталады? (дыбысты өте жәй)
5. Ер еңбегімен озады...........(еріншек езілумен тозады)
ІІІ-топ;
1. Өнер жастан шығар.........(асыл тастан шығар)
2. Өнерлі өлмес...................(өнерсіз күн көрмес)
3. Оқу- білім азығы.............(білім ырыс қазығы)
4. Ақыл дария......................(ой теңіз)
5. Еңбексіз құрған дәулет....(емсіз жабысқан дертпен тең)
3.Бөлім «Әуенді сайыс» (бұнда оқушыларға тосынан музыкальный апаратурадан, домбыра, сырнай аспабынан әуен жасырылады, әр топқа 5- әуен жасырылады, дұрыс жауап берсе, 5-ұпай беріледі) І- топ;
1. Үш қоңыр (ай Үшқоңырым)
2. «Ұстазым» Тұлғаңды (ғажайып дүниенің сырын жайып)
3. «Сағындым Алматымды»
4. «Анашым» (бәйгеге өзің қосқан)
5 Муз.апаратурадан
ІІ- топ;
1. «Күрең күз»
2. «Анаға сәлем»
3. «Саржайлау» (туған жерге дәриға)
4. «Ұстазым» (ғалымда шахтерде бас иетін)
5. Муз.апаратурадан
ІІІ- топ;
1. «Алатау» әні
2. «Қамажай» (қамажайдан айрылып)
3. «Армандастар»
4. «Әке туралы жыр»
5. Муз.апаратурадан
4.Бөлім «Тапқыр» ( бұнда әр топқа 5-сұрақ қойылады және оның төрт жауабы айтылады, қатысушы сол төрт жауаптың ішінен дұрыс жауапты табу керек, дұрыс жауап берген 1- сұраққа 5- ұпай беріледі) І- топ;
1.«Қанеки, тілім, сөйлеші» термесінің авторы кім?
а. Базар жырау
ә. Тұрмағанбет жырау
б. Нұртуған ақын
в. Нартай ақын
2. Күй дегеніміз не?
а. күйшінің домбырада шебер ойнауы
ә жетіген аспабында орындалатын шығарма
б орындаушылық мүмкіндікті дамытуға арналған шығарма
в домбыра және т.б. қазақтың халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма
3. Көп ішекті музыкалық аспапты тап?
а қылқобыз
ә шертер
б жетіген
в прима қобыз
4.Домбыраның дыбыс шығаратын ойығы қай жерде орналасқан?
а шанағында
ә домбыраның бетінде
б сағасында
в түймесінің жанында
5. ІІ- октаваның соль нотасы қай сызықта орналасқан?
а 5 сызықтың үстінде ә 4- сызықта
б 5 сызықтың үстіндегі қосымшада
в 3-4 сызықта
ІІ- топ;
1.«Жыр алыбы- Жамбыл» қай ақынның шәкірті болып, бата алған?
а. Түктібай
ә. Сүйінбай
б. Сарыбай
в. Қайназар
2. «Реприза» белгісінің қазақша мағынасын тап?
а. аяқтау
ә бастау
б тоқтау
в қайталау
3. Симфониялық оркестрдің құрамына кіретін ішекті аспапты тап?
Ортада 9- сынып оқушысы аудандық күй жарысының жеңімпазы Кенжебек Азаматтың орындауында Құрманғазының күйі «Балбыраун» қабыл алыңыздар. Сайыс жеңімпаздары анықталып, «Ең алғыр» атағын иеленеді. Топтар марапатталады және сыйлық табыс етіледі.