Бұл шығарманы талдамас бұрын, автордың өмірбаянын қысқаша баяндау.
Сыдық Мұхамеджанов (1924-1991)
Сыдық Мұхамеджанов - (1924 жылы, Қарағанды облысындағы Шет ауданының Үлкенбұлақ - 1991). композитор, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, КСРО халық әртісі.
Оның балалық шағы дарынды адамдардың ортасында өтті, туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақанның, Естайдың әндері мен күйлерінің әсем үндері балаға үлкен әсер қалдырды. Оның музыкаға деген әуестігі өзінің анасынан дарыған. 1947 жылы ол киноактерлер мектебін бітіріп, музыка училищесінің тарихи – теориялық бөліміне оқуға түсті. Денсаулығына байланысты училищедегі оқуын тоқтатып, мектептерде, музыкалық үйірмелерде жұмыс істейді.Тек Алматы консерваториясына түскеннен кейін композициямен шұғылданып, профессор Е. Брусиловскийдің класында оқиды.
Консерваторияны бітірмей-ақ, талай шығармалар жазды: скрипка, мен фортепианоға арналған соната, қобызға, фортепианоға арналған пьесалар, хорлар, драмалы қойылымдарға музыка, әндер мен романстар.Бұл жылдары қазақтың халық оркестріне арналған музыкасы мен осы ұжыммен тығыз байланысының шығармашылығында мәні зор болды. Оркестрге арнап «Балқадиша» әніне Вариациялар, «Қыз қуу» симфониялық суреттемесін және «Домбыра туралы баллада» поэмасын жазды. Сонымен қатар, осы кезеңдегі тамаша шығармаларының бірі- «Қуаныш Отаны» атты симфониялық поэмасы. Бұл туынды жастар мен студенттерінің Бухаресте өткен Бүкіл әлемдік фестивалінде орындалып, Қазақ КСР-інің Жамбыл атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл шығарма С. Мұхамеджановтың есімін тыңдаушы қауымға әйгілі етті.