Просмотр содержимого документа
«Та?балары ?р т?рлі сандарды ?осу »
Бекітемін:
Уақыты: 28.11.2012ж
Сыныбы: 6а
Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың таңбалары әр түрлі екі санды қосу тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуальдық қалыптастыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндіктерге сенуге, үлкен жетістікке ұмытылуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс-сабақ
Сабақ әдісі: Танымдық ойын, тест, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:сөзжұмбақ, тест тапсырмалары, семантикалық карта.
Сабақ жүрісі:
Ұйымдастыру
«Алғашқы қадам» (үй тапсырмасын тексеру)
«Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ-жауап, әр сұраққа 10 ұпай)
«Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
«Сергіту сәті» (сөзжұмбақ шешу)
«Шешуші сәт» (семантикалық карта мен тест тапсырмалары)
Үйге тапсырма
Қорытындылау, мадақтау, бағалау.
І бөлім «Алғашқы қадам»(үй тапсырмасын орындап келген әр оқушыға 10 ұпайдан беру)
№456. Температураның өзгерісі бойынша кестені толтырыңдар:
Алғашқы температура
Температура өзгеруі
+20С
-30С
+40С
-50С
-60С
-40С
-90С
-20С
-110С
№460. Сөйлемдердегі көп нүктелердің орындарына тиісті сөз тіркестерін қойып жазыңдар:
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Кез келген санның нөлмен қосындысы сол санның өзіне тең.
Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең.
Қарама-қары сандардың модульдері өзара тең.
ІІ бөлім «Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ-жауап, әр сұрақ 10 ұпай)
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
Теріс сандарды қосу.
Қосудың терімділік қасиеті.
Қарама-қарсы сандардың қосындысы.
ІІІ бөлім «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)