б) Топтастыру(геометриялы? фигураларды та?дау ар?ылы топ?а б?лінеді), топ басшыларын сайлау . Топ басшыларын та?айындау ?шін, «Кім тез?» ойыны ойнатылады . Екі топ?а бір тапсырмадан беріледі. : 2-слайд Тез, д?рыс жауап берген о?ушы топ басшылы?ына сайланады. Топтар?а жауаптарды ба?алау пара?шасы беріледі в)Топ?а ат беру: «Парабола», «Интервал»
Просмотр содержимого документа
«Математика п?ні бойынша саба?ты? та?ырыбы:Интервалдар ?дісі »
Интервалдар әдісі
Гайсина Рима Займоллақызы
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Дина Нұрпейісова атындағы
орта мектептің математика
пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Квадрат және рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу жайлы теориялық білім беріп, білімдерін есеп шығару барысында жетілдіру.
Дамытушылық:Өз бетімен ойлау қабілеттерін арттыру, өз білімін тексеріп бағалауға дағдыландыру , ойын нақты жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, жүйелі түрде ойлауға, шапшаңдық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап ,түсіндіру, топтық жұмыс, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі:Сызба, бағалау парақшасы, түсті қағаздар, интерактивті тақта. Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қызығушылығын ояту. , «Кім тез?» ойыны
ІІІ . Мағынаны ажырату. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV.Ой қозғау. Жаңа сабақты бекіту
V. Қортындылау. Сыни ойлау
VІ.Үйге тапсырмаберу
VІІ.Бағалау
VІІІ.Рефлексия
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу
ә) Сабаққа психологиялық дайындық: Кәне, бәріміз дөңгелене тұрып, бір-бірімізге жақсы тілек, лебізімізді білдірейік.(оқушылар орындарынан тұрып, бір-біріне және мұғалімге лебіздерін білдіреді).
б) Топтастыру(геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлінеді), топ басшыларын сайлау . Топ басшыларын тағайындау үшін, «Кім тез?» ойыны ойнатылады . Екі топқа бір тапсырмадан беріледі. : 2-слайд Тез, дұрыс жауап берген оқушы топ басшылығына сайланады. Топтарға жауаптарды бағалау парақшасы беріледі в)Топқа ат беру: «Парабола», «Интервал»
ІІ. Қызығушылығын ояту. Оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: Графикке қарап теңсіздіктің түрін және шешімдерін анықта. (Постер)
Постерге төмендегіше орындап , жауаптарын түсіндіріп береді.
(Жауаптарын 3-4 слайдпен тексереді)
ax2+bx+c 0 a0 , D0 , x1 2
x1 x x2 аралығында функция оң мәндерді қабылдайды
ax2+bx+c 0 , D0, x12
x1 2аралығында теріс мәндерді қабылдайды
ax2+bx+c 0,x1 2
x1 x x2 аралығында теріс
мәндерді қабылдайды
ax2+bx+c 1 2 , a 0
x12 оң мәндерді қабылдайды
Сұрақ:Біз теңсіздікті шешудің қандай әдісін білеміз? Жауап: Парабола әдісі
3.1-мысалға қарай отырып, оқушыларға интервалдар әдісінің ретін өз бетімен құрастырту және тақтада теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін көрсету (6-слайд)
4. 2-мысал 7-слайд
y=x2 y=x+3 y=x-4
x2=0 x+3=0 x-4=0 + - - +
x1=x2=0 x3=-3 x4=4 -3 0 4 Х
x=0 (екі рет қайталанады
IV.Ой қозғау8-слайд
Жаңа сабақты бекіту. Топтық тапсырмалар
«Парабола» тобына №296(1,3), №304(3) №312(1)
«Интервал» тобына №296(2,4), №304(4) №312(2)
V. Қортындылау. Сыни ойлау. 9-слайд
Эйлер-Венн диаграммасы: теңсіздікті шешудің екі әдісінің ұқсастығы, айырмашылығы, артықшылығы
VІ.Үйге тапсырма § 16 №307-308
VІІ.Бағалау (Топ басшылары сабақтың әр кезеңі бойынша қойған бағаларды хабарлайды, мұғалім қортынды баға қояды).
VІІІ.Рефлексия - кері байланыс: Енді«Көңіл-күй ағашын» отырғызайық.
Тақтаға ағаштың суреті ілінеді. Ағаш діңі жаңа сабақта өтілгентақырып, ал ағаштың жемісі-сіздің алған білімдеріңіз. «Жасыл алма»: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім. «Сары алма»: Тақырыптың негізі түсінікті, есептеулерде қиналатын тұстарым бар . «Қызыл алма»: Сабақ маған түсініксіз. (оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).