Білімділік: бірліктерді толы? онды?тар?а дейін толы?тыру (толы? онды?тан азайту) ж?не онды?тарды ?осу ж?не азайту?а негізделген ауызша есептеу т?сілдерімен таныстыру; ?тілген есептеу т?сілдерін, оларды есеп шы?аруда ?олдана білу да?дыларын пысы?тау.
Дамытушылы?: Математикалы? ??ымдарды ме?герту: о?ушыларды? ережелерді ??ынып, шы?армашылы? ойын дамыту.
Т?рбиелік: ?з ?рекетіне саналы к?з?арас?а ?жымда ?з бетінше ж?мыс жасай білуге, есептеу ?дістерін к?нделікті ?мірде ?олдана білуге т?рбиелеу.
Саба?ты? типі: Жа?а саба?ты ме?герту.
Саба?ты? т?рі: «Танымды? ойын» саба?.
Саба?ты? ?тілу ?дістері: с?ра? – жауап, т?сіндіру, ?зіндік ж?мыс, ойын, к?рнекілік, «Алтын ?а?па» ойын элементтері.
- Балалар, б?гінгі бізді? саба?ымыз ?згеше болма?, ?йткені бізге ?она?тар келіп отыр. Сонды?тан біз ?зімізді? білімімізді к?рсетіп, бір - бірімізге табыс, с?ттілік тілейміз.
Ой сананы арттыру,
Б?гінгі к?н талабы.
Біле білсе? б?л д?уір,
Математика заманы.
Балалар саба?та д?рыс отыру ережелеріне назар аударалы?. Ендеше ?она?тарымызбен амандасып алалы?:
?лкенге ізет
Кішіге ??рмет.
Сіздерге бізден
??рметпен с?лем.
Саба?та топтарды? ережелерін еске салу.
1 - ереже: Саба?та бір - бірімізді ты?даймыз!
2 - ереже: Математика п?ні на?ты ?ылымдар бол?анды?тан на?ты, д?л жауап береміз!
Просмотр содержимого документа
«35 + 15, 50 - 15 т?ріндегі ауызша есептеу т?сілдері »
Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: 35 + 15, 50 - 15 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: бірліктерді толық ондықтарға дейін толықтыру (толық ондықтан азайту) және ондықтарды қосу және азайтуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін, оларды есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын пысықтау.
Дамытушылық: Математикалық ұғымдарды меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамыту.
Тәрбиелік: Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: «Танымдық ойын» сабақ.
Сабақтың өтілу әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын, көрнекілік, «Алтын қақпа» ойын элементтері.
Пәнаралық байланыс: ән, ана тілі, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырма жазылған слайдтар, тест, қақпа есіктері, бағалау түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа бағыттау.
- Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Психологиялық дайынды
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір - бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.
Ой сананы арттыру,
Бүгінгі күн талабы.
Біле білсең бұл дәуір,
Математика заманы.
Балалар сабақта дұрыс отыру ережелеріне назар аударалық. Ендеше қонақтарымызбен амандасып алалық:
Үлкенге ізет
Кішіге құрмет.
Сіздерге бізден
Құрметпен сәлем.
Сабақта топтардың ережелерін еске салу.
1 - ереже: Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!
2 - ереже: Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан нақты, дәл жауап береміз!
Балалар, бүгін біз «Алтын сандық» ойынын ойнаймыз.
«Алтын сандық» ойынының шартында бірнеше қақпалар берілген. Әр қақпаның тапсырмалары дұрыс орындалған жағдайда сандықтан математикалық керемет нақыл сөздерді оқитын боламыз.
Ендеше, «Алтын сандық» ойынына қош келдіңдер!
-Сандық-көнеден келе жатқан жиһаздың бірі.Оның бірнеше түрі болады. Шай сандық, мата сандық,т.б
Қыздардың жасауымен бірге берген.
-Бүгін сендер қақпадағы тапсырмаларды орындау арқылы сандықтың ішіндегі математикалық керемет нақыл сөзбен танысасыңдар.
Ол үшін бірінші қақпаның тапсырмасын орындаймыз.
«Мыс қақпа» тапсырмасы.Ауызша есеп.
№1
24+6=30 57+3=60 47см+3см=50см
55+5=60 93+7=100 51см+9см=60см
30-6=24 100-4=96 80см-4см=76см
Тапсырмалар орындалып, «Мыс қақпа» ашылады. Қақпадан нақыл сөз шығады.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызықты тоймайтұғын.
«Күміс қақпа» тапсырмасы
№3 Тақтамен жұмыс.Үш қатардан оқушылар шығып тақтаға шығарады.
55+25 75
+20 +5
75
«Күміс қақпа» ашылады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сендерді
Математика сырына.
Сергіту сәті
Көлбең-көлбең етеді,
Қалай ұшады?
Көлбең-көлбең етеді,
Аю қалай жүреді?
Көлбең-көлбең етеді,
Қоян қалай секіреді?
«Алтын қақпа» тапсырмасы
№4
I-25 б.
ІІ-?,15-і артық
ІІІ-?,5-еуі кем
25+15=40-5=35
«Алтын қақпа» ашылады.
Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың болар табылатын қасыңнан.
«Алтын сандық» тапсырмасы
№6
15+в=20
В=20-15
В=5
15+5=20
20=20
«Алтын сандықтан» – «Білім – байлық» деген сөз шығады.
Жалынды жастық желкені,
Егеменді елдің ертеңі – Біз боламыз!
Бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз. Ендеше білімді болуға тырысайық!
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
3. 40 та неше ондық бар?
а) 3 онд ә) 6 онд б) 4 онд
4. 56 да неше ондық, неше бірлік бар?
ә) 5 онд 6 бірл
5. Таба нан – 8, тоқаш – 12, барлығы – ?
б) 20
Екітаңбалы санға екітаңбалы санды қалай қосамыз.
25+25, 15+15,55+35
Екітаңбалы саннан екітаңбалы санды қалай азайтамыз.