Мақсаты : Оқушыларға ата бабамыз ертеде қолданған өлшем бірліктерін үйрету, олардың мағынасын түсіндіру. Алгебра , геометрия пәндерінен алған білімдерін пысықтау.
Керекті құралдар: қоржын , асықтар , ойын әріптері жазылған кеспе-карточкалар , магниттік тақта.
Ойын шарты: ойыншылар кезекпен қоржыннан асық алады, сондағы нөмір бойынша ұпай жинайды.
«+»- қалаған бір әріпті ашу.
«+2»-.қалаған екі әріпті ашу.
«көк»-ұпайы екі еселенеді.
«қызыл»-сыйлық алады.
«0»- жүріс басқа адамға ауысады.
І- топ ойыншыларын іріктеу үшін сұрақтар беріледі, бірінші жауап берген адам ойынға шығады.
Қабырғалары 6см және 8 см ауданы неге тең?
Трапецияның табандары 10 см және 8 см... Орта сызығы нешеге тең?
Ромб қабырғалары 9 см ... Периметрі неге тең?
І топ ойыншыларына тапсырма : тақтайшада ата – бабамыз ертеде қолданған масса өлшемі.
Б
А
Т
П
А
Н
Көрермендерге сұрақ:Осы өлшем бірлігі қаншаға тең?(8пұт)
ІІ топ ойыншыларын іріктеу үшін берілетін сұрақтар.
Жазықтықтағы қиылыспайтын түзу қалай аталады?(параллель)
Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу қалай аталады?
(перпендикуляр)
Үшбұрыш ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?(1800)
ІІ топ ойыншыларына тапсырма.
Тақтайшада ертеде ата бабамыз қолданған ұзындық өлшем бірлігі.
А
Р
Ш
Ы
Н
Көрермендерге сұрақ:Бұл өлшем бірлігі қаншаға тең?( 70-80 см)
ІІІ топ ойыншыларын іріктеу үшін берілетін сұрақтар.