а) ж?мба?тарды тез шешуге, ма?ал м?тінін т?сіне білуге баулу, ма?ал – м?тел, ж?мба?тарды математика п?ніне де ?олдана білуге ?йрету, математика п?ніне деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.
?) О?ушыларды? ой – ?рісін дамыту. Шы?армашылы??а, шапша?ды??а баулу.
Просмотр содержимого документа
«"1001 ма?ал, 101 ж?мба? "»
Сабақтың тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»
Мақсаты:
а) жұмбақтарды тез шешуге, мақал мәтінін түсіне білуге баулу, мақал – мәтел, жұмбақтарды математика пәніне де қолдана білуге үйрету, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
ә) Оқушылардың ой – өрісін дамыту. Шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу.
б) Салт – дәстүрді өмірмен байланыстыру. Сөз мәйегін түсіне білуге, өмірде қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: бағдарлама, нақыл сөздер, түрлі – түсті шарлар.
Түрі: ойын - сайыс
Өту барысы:
Ұйымдастыру
а) бағдарламамен таныстыру.
ә) ойынға қатысатын оқушыларды таныстыру.
Бағдарлама:
Мақалшылар сайысы
Көрермендер сайысы
Жұмбақшылар сайысы
Көрермендер сайысы
Шешуші сайыс
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз математика апталығына орай «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты математикалық сайыс өткізгелі отырмыз. Ендеше, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Бұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың патшасы,
Математика жайында
Ойын – сайыс бастаймыз.
Шын жүйрік шабысынан танылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда.
Сіздерге құрметпенен қол соғылады, - дей келе әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Қазанатов Е.Т. – директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.
Иманбаева Р.С. – математика пән мұғалімі
Мұсабекова А.Б. – физика – математика пән мұғалімі
Ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Мақалшылар сайысын бастаймыз.
Ойынға қатысушы үш оқушы ортаға шығады.
Мен қазір мақалдардың бір бөлігін айтамын, сіздер оны әрі қарай жалғастыруларыңыз керек. Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.
Екі жақсы қос болмас, (екі жаман дос болмас)
Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына)
Алып – алтау, (жеп жетеу болмас)
Шындық – сегіз, (бақыт - егіз)
Бес бармақ жиылса, (Жұдырық болады)
Шын – бір сөз, (өтірік – мың сөз)
Алдыңа бір қарасаң, (артыңа он қара)
Алты аға бірігіп әке болмас, (жеті жеңге бірігіп ана болмас)
Бермегенге бесеу де көп, (алғанға алтау болса да аз)
Досыңның мың болғанына мақтан, (дұшпаның жалғыз болса да сақтан)
І.Қалған екі мақалшының біреуі екіншісіне мақал айтады. Екінші сол мақалдың ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Бірақ сан есімдер болуы қажет.
ІІ. Көрермендер сайысы.
Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)
Қырық кісі бір жақ, (қыңыр кісі мың жақ)
Жалқаудың екі досы бар, (бірі – ұйқы, бірі - күлкі)
Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
Жұмбақшылар сайысы.
Ойынға үш оқушы қатысады.
Бес ін, бес іннің ауызы бір ін (қолғап)
Екі желім күйдің көрігі, әннің көлігі (домбыра)
Мекені көкте екі ару, бір – бірін көруге зәру (күн мен ай)
Екі доп ауысты, бір шеңберді тауысты (күн, ай, тәулік)
Екі семсер айқасқан, оқта – текте шайқасқан. (қайшы)
42 жауынгер, сабын түзеп тұрады,
Бүлдіршіндер, қауымды ел,
Сырын терең ұғады. (алфавит)
Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр (бағдаршам)
Бір бұтақта – бес тармақ, бәрінде бар мүйіз қалпақ (5 саусақ)
Үстінде жазық, астында тау көтерген төрт қазық (үстел)
Екі бас дөңгелек, екі ұшы сүйір, қиғанға сүйір (қайшы)
ә) Ойын соңында қалған екі жұмбақшы бір – біріне жұмбақ жасырады. Бірақ олардың ішінде сан есімдер болуы шарт.
1. Торы тай, табанында төрт ай (таға)
2. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді.
Қара шапаны үстінен, алты ай бойы түспейді (қыс пен жаз)
3.Санасаң, бір үйде төртеу бар,
Қаласаң, ауызды өртейтін нәр (бұрыш)
4.Бес айналы туыс, тапқаны бір қуыс (етік пен тырнақ)
5.Төрт қырлы, өзі аппақ, тақтадағы ізі аппақ (бор)
6. Аузы біреу, бес құдық
Қыстыгүні бойлатам, бесеуіне бес құрық (қолғап)
7.Жүз төрт түйме, он бір ине (есепшот)
Шешуші сайысқа кезек берейік. Бұл сайыста жеңген мақалшы мен жеңген жұмбақшы жарысады.