Білімділік ма?саты: баланы? ?ткен ?ріптер жайлы білімін тере?дету.
Дамытушылы? ма?саты: Баланы? ауыз екі с?йлеу тілін саба?та о?ылатын та?па? ар?ылы, с?ра?тар?а жауап беру ар?ылы дамыту, суретті с?зж?мба? ар?ылы есте са?тау, ойлау ?абілетін арттыру, ?са? сауса? моторикасын ?ріптерді ауада, д?птерде жазу ар?ылы дамыту.
Т?рбиелік ма?саты: баланы жазу барысында ??ыптылы??а, сауаттылы??а, саба? барысында тапсырмаларды орындау барысында ?стамдылы??а, ?з ойын толы? жеткізе білуге т?рбиелеу.
«Ақсу ауданының №6 психологиялық – педагогикалық коррекциялық кабинеті» мемлекеттік мекемесі
Сабақ жоспары
Маман: арнайы педагог – Аргынбаева Л. Е.
Тақырыбы: Әріптер әлемі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: баланың өткен әріптер жайлы білімін тереңдету.
Дамытушылық мақсаты: Баланың ауыз екі сөйлеу тілін сабақта оқылатын тақпақ арқылы, сұрақтарға жауап беру арқылы дамыту, суретті сөзжұмбақ арқылы есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, ұсақ саусақ моторикасын әріптерді ауада, дәптерде жазу арқылы дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: баланы жазу барысында ұқыптылыққа, сауаттылыққа, сабақ барысында тапсырмаларды орындау барысында ұстамдылыққа, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, жазу.
Көрнекілігі: суреттер, дауысты және дауыссыз әріптер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу
баланың көңіл – күйін сұрау
ауа райы, жыл мезгілі туралы сұрау
баланы ыңғайлы отырғызу
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
Қане, бүгін біз екеуіміз өткен сабақтарда өткен әріптерді қайталаймыз. Ол үшін түрлі тапсырмаларды орындаймыз.
1-тапсырма
Суретпен жұмыс:
Оқушының алдына
Шар суреті
Ай суреті
Аю суреті
Алма суреті
Суреттері бейнеленген суреттерді ұсынып, А дыбысынан басталатын суреттерді тауып, олардың атауларын атату.
Аа дыбысын атау және Аа әріпін алдымен ауада содан соң дәптерге көркем жазу
2 – тапсырма
Ойын: «Ойлан тап»
Балаға тақпақты мәнерлеп оқып беру, балаға қай сөзде Л дыбысының орналасқанын тапқызу.
Құлақта бар,
Ойда жоқ,
Лақта бар,
Қойда жоқ
Бұл тақпақта қай әріп және дыбыс жайлы айтылған?
3 – тапсырма
Тақтамен жұмыс:
Автокөлікті сызылған жолмен гаражға енгізу.
- Жүрілген жолымыз қандай әріпке ұқсайды?
Енді осы М әріпін тақтаға жазып көрейік.
Сергіту сәті:
Бойды бүкпей тік ұста,
Еркін тұрып тыныста.
Жай оң қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа
Қолды айналдыр жақсылап,
Екі шеңберді сызғандай,
Сәл тынығып байқа да,
Бірнеше рет қайтала.
4 – тапсырма
«Әріптермен жұмыс»
Әріптер жапсырылған кубиктерді балаға ұсынып, сол әріптерден сөздер құрату, соны оқыту.
Қолданылатын әріптер: а,ә,б,г,ғ,л,м, п,р,с,ш, о,у,и
5 – тапсырма
Сөзжұмбақпен жұмыс
Суреттегі бейненің атауын атап, астына жауабын жазу.
ІІІ. Бекіту
6 – тапсырма
Сурет салу
Балаға жасырылған әріптердің бірін ұсынып, сол әріпке байланысты сурет салуын ұсыну.
ІV Үйге тапсырма.М дыбысына байланысты суреті салып келу.