Тыныш б?лмеде педагог бала ?зі ести ал?ан (терезе сыртында?ы шуылдар, форточканы? сы?ыры ж?не т.б.) дыбыстар?а келтіруді с?райды. Бала бала барлы? естіген дыбыстарын айтып шы?ады.
?сыныстар: егер бала тапрсыманы орындай алмаса, онда педагог шуылда? жа?дай туындатады, мысалы, алдын ала дайындал?ан ?а?азды, целлофанды шы?ырлатады.
Просмотр содержимого документа
«Конспект по теме "Г?лдер"»
Сабақтың тақырыбы:Гүлдер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік.Балаға гүлдер туралы жалпы түсінік беру, олардың түрлерімен таныстыру.
2. Түзете-дамытушылық.Баланың байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру, саусақтардың қимыл-қозғалысын, белсенді және енжар сөздік қорын дамыту, сөйлеу барысында дұрыс тыныстауды қалыптастыру
- Ал, енді, балалар бүгінгі сабағымызды бастайық. Сабағымызды әдеттегідей артикуляциялық жаттығумен бастайық.
«Терезе» - «бір» дегенде ауызды бірақ ашу (терезе ашылды), «екі» дегенде ауыз жабылды (терезе жабық).
«Тұмсық» - ерін мен тістер жұмылған. Күшпен ерінді түтікшенің көмегімен тарту. Осылай 5 секунд ұстап тұру.
«Тәтті тосап» - Күлеміз, аузымызды ашамыз. Жалпақ тілмен жоғары және
астыңғы ерінді жалаймыз.
«Ашуланған мысық» - Аузымыз ашық, тілдің ұшы алдыңғы, төменгі
тістерге тірелген.
Тыныс алу жаттығулары.
«Кімнің добы алысқа ұшады?»
Жұмырланған мақтадан доп тәрізді жасап, үстел үстінде үрлеу.
III. Жаңа сабақ
Гүлдер – табиғаттың ең әсем жарытылысы. Гүдердің бірнеше түрлері кездеседі.
Бәйшешек - бұл көктем мезгілінде ең бірінші пайда болатын өсімдік. Бұл гүл қардың астынан шығады.
Қызғалдақ – түсі қызыл, сары болады. Бұл гүл көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі.
Сөйлеу кезіндегі тыныс алуды дамыту.
«Ұлпа» - Қолды алдыға созамыз, алақанды бір-біріне қарсы қоямыз. Дем алғанда 3-7 рет «фу» буынын айтамыз, әр буынды айтқанда диафрагманы ұстау арқылы өз-өзіне көмектеседі.
Тыныш бөлмеде педагог бала өзі ести алған (терезе сыртындағы шуылдар, форточканың сықыры және т.б.) дыбыстарға келтіруді сұрайды. Бала бала барлық естіген дыбыстарын айтып шығады.
Ұсыныстар: егер бала тапрсыманы орындай алмаса, онда педагог шуылдақ жағдай туындатады, мысалы, алдын ала дайындалған қағазды, целлофанды шықырлатады.