| № р/с | Сабақтың   кезеңдері | Логопедтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ескерту | 
  | І. Ұйымдастыру – дайындық кезеңі | 
  | 1 | Ұйымдастыру кезеңі  
  
 Мимикалық жаттығулар  
  
  
  
  
  
 
 | Бүгін қандай тамаша күн! Қонақтармен сәлемдесейік! 
 Мына заттарды жедік деп елестетейік: Қышқыл лимон Тәтті конфет Ащы бұрыш Тәтті, шырынды алма Біз сенімен қай дыбысты дұрыс және әдемі етіп айтып үйреніп жүрміз? | 
 Салеметсіздер ме!!! Аталған заттарды жеген кезде түрінің қалай өзгеретіндігін көрсетеді. 
 З дыбысын | 
 | 
  | ІІ. Негізгі кезең | 
  | 2 | Артикуляциялық жаттығулар  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 
 | «Дуал» жаттығуы  Жоғарғы және астыңғы тістерді көрсетіп қиналмай жымию «Жалпақ тіл» жаттығуы Ауызды кішкене ашып, жымиып,жалпақ тілді астыңғы ерінге қою керек. Бірден беске – оңға дейін санап осы қалыпта ұстау керек. «Сағат» жаттығуы Тілді ауыз қуысынан шығарып, оңға, солға қимылдату керек. «Жоғары - төмен» жаттығуы «Пя – пя - пя» жаттығуы Ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып, «пя – пя – пя.....» деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден беске – оңға дейін санап, ұстап тұру. «Тісімізді тазалайық» жаттығуы.Ауызды кішкене ашып, жымиіп тістерді көрсету керек. Тілдің ұшын оңға – солға, жоғары – төмен жылжытып «астыңғы тістерді тазалаймыз». | Бала артикуляциялық жаттығуларды орындайды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 | 
 | 
  | 3 | Тыныс алу жаттығуы 
 | Орман сондай әдемі. Мыналар нелер? Оған не қонып түр? «Көбелекті ұшыр» жаттығуы «Гүл» жаттығуы | Гүлдер   Көбелектер   Тыныс алу жаттығуларын орындайды. | 
 | 
  | 4 | Дыбысқа артикуляциялық сипаттама  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 
 Дыбысты жеке айтуға машықтандыру | Осы кезде Диего тембіршекті таппай қалады. Диегоға тембіршекті табуға көмектесеміз бе? Орманда келе жатқан кезде Диегоның алдынан сынып қалған бұтақ кездеседі. Оны орнына қоюға көмектесейік.   Маса қалай дыбыс шығарады? З дыбысын айтқан кезде ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады? Айнаға қарап айтып көрейік. —Еріндір күлкіге тән, сәл керіледі.   —Тістер жақындасқан қалыпта болады,   —Тілдің ұшы төменгі тістердің артында тұрады; —дауыс перделері бірігеді және тербеліске түседі; —Ауа ағыны жылы. З дыбысы қандай дыбыс? Ол қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны Қа ... з Жа ...з Пия ...з Ұста ..з Қора ...з Сәбі ...з | 
 
 
 
 
 
 
 
 З – з – з – з – з З дыбысын айнаның алдындда айтып, тілінің, тісінің, ернінің қайда орналасқандығын айтып береді. 
 
 
 
 
 
 Бала З дыбысына сипаттама береді. 
 Бала З дыбысын қосып, сөзді аяқтайды. 
 | 
 | 
  | 5 | Дыбысты буындарда айтуға машықтандыру 
 | Көлшіктен өту үшін мына буындарды оқып, қайталайық. За – зо – зу – зұ Аз – оз – уз – ұз За – за – за Зо – зо – зо Зу – зу – зу Аз – аз – аз Уз – уз – уз Із – із – із Аза – озо   Узу – ыза | Бала буындарды қайталайды. 
 | 
 | 
  | 6 | Сергіту сәті | Орманда жел тұрды. Қане екеуміз бірге тұрып, көрсетейік. Жел уледі у - у - у Құйын келіп биледі зу - зу - зу Қатты, қатты жел соқты гу - гу Жапырақтар қол соқты ду - ду Билеп кетті қалтырап пах - пах | Бала мұғаліммен бірге орындайды. | 
 | 
  | 7 | Дыбысты сөздерде айтуға машықтандыру 
 | Көпірден өту үшін суреттерді атап, з дыбысының бар жоғын анықтайық.   | Суреттерді дұрыс атап, З дыбысының бар жоғын анықтайды. | 
 | 
  | 8 | Дыбысты сөз тіркесінде айтуға машықтандыру | Осы сөздерге сипаттама бер. Мысалы: терезе қандай? – таза терезе     | Бала сөздерге сипаттама бере отырып, сөз тіркесін құрайды. | 
 | 
  | 9 | Дыбыстық талдау жасау | Орманнан қайту үшін поездға міну керек. Суреттерді атап, дыбыстық талдау жасау.   | Қарбыз Зымыран Қазан сөздеріне дыбыстық талдау жасап, сәйкес вагондарға орналастырады. | 
 | 
  | ІІІ. Қорытынды кезең | 
  | 10 | Қорытынды   | Бүгінгі сабақта қай дыбысты дұрыс айтып үйрендік? З дыбысын айтқан кезде ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады? З дыбысы қандай дыбыс? Жарайсың! Сен бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстың!   | Бала сұрақтарға өздігімен жауап береді. | 
 | 
  | 11 | Жұмысты бағалау Үйге тапсырма | Саған Диего тембіршекті табуға көмектескенін үшін сыйлық қалдырды. Сонымен қатар, үй тапсырмасын берді.   Суреттерді атап, З дыбысының орнын белгілеу керек. | Сау болыңыз! | 
 |