Т?рбиелік:О?ушылар?а ?лтты? ?асиетімізді балаларды? бойына ?алыптастыру, о?ушыларды инабаттылы??а, ?дептілікке т?рбиелеу.
Дамытушылы?:Шешендік с?здер,ма?ал-м?телдерді к?п білу ар?ылы ш?кірттерді адамгершілікке,имандылы??а,?ділдікке т?рбиелеу ж?не бала лексикасыны? ?орын одан ?рі молайту,ма??лмат ар?ылы рухани байлы?ын, ойлау ?абілетін дамыту.
-Бая?ы ?ткен заманда бір ?діл хан ?зіні? ханды?ын ?ш ?лыны? ?айсысына м?рагерлікке берерін білмей ?атты ?ынжылыпты. ?лдарын жинап алып халы?ты? алдына барады. М?нда?ы ханны? айт?аны :
-О, білгені мен к?ргені дарияны? суындай сар?ылмас хал?ым, ?зім бір елді бас?арып, неше дауды шешсем де, б?л к?нде т?йіні жо?. Ты?ыры??а тірелдім. Сол себепті ?здері?ізден а?ыл с?рап келдім. М?рагерлік та?ымы халы?ты билеп, ел бас?ару?а ?лдарымны? ?айсысын ?оярымды білмей ?иналудамын. ?лкен ?лым – ер ж?рек, батыр, ?зі?е сенімді. Ортаншы ?лым – елші боларлы?тай ?улы?ы бар жан. Ал е? кіші ?лым сабырлы, ісімен с?зін ойлап істейді, -деп сипаттапты.
Біріншіден,с?лем берген кісіні? дауысыны? шы?уын,с?лем беру ыр?а?ын бай?айды.
Екіншіден,с?лем бергенде ?зі?ді ?алай ?стайсы?,?алай т?расы?.?лкендер алдында?ы с?лемі?,басшымен амандасу, ?ол ?ысысы? да,бірталай н?рсені а??артады:егде кісіні? не жас баланы? ?олын ?аттыры? ?ысып жіберсе?із, д?рекілігі?із бірден к?зге к?рінеді.
Сіз амандасып бол?анша, с?лем алушы ?сті-басы?ыз?а ?арап та ?лгереді,киімі?ізді? ?зі?ізді? жас м?лшері?ізге жарасымды,жарасымсыз екенін де бай?айды.Осыларды? б?рін ой елегінен ?ткізе келіп,сен туралы белгілі пікір т?йеді.
Жалпы с?лемдесу м?дениетті? сырт к?рінісі болып к?рінгенмен,адамны? ішкі м?дениетін де біраз к?теріп тастайды.”С?лемі?нен жа?ылма”,”С?лемі? д?рыс болсын” деген талапты? ?зі-а? с?лемдесу м?дениетіні?,адамгершілікті? белгісі екендігін аны?тап т?р?андай.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: С?лем беру ?лкенге»
Сынып:1
Сабақ:3
Пән:Ана тілі
Тақырып:Сабақтың тақырыбы: «Сәлем берем үлкенге».
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға сөйлеу мәдениеті жайында түсінік беру,әдепті сөйлеуге машықтандыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:Оқушыларды сөздің төркінін түсініп,орынды сөйлеуге,өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету,ізгілік негіздерін бойларына дарыту.
Тәрбиелік:Оқушыларға ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру, оқушыларды инабаттылыққа , әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:Шешендік сөздер,мақал-мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке,имандылыққа,әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту,мағұлмат арқылы рухани байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
-Баяғы өткен заманда бір әділ хан өзінің хандығын үш ұлының қайсысына мұрагерлікке берерін білмей қатты қынжылыпты. Ұлдарын жинап алып халықтың алдына барады. Мұндағы ханның айтқаны :
-О, білгені мен көргені дарияның суындай сарқылмас халқым, өзім бір елді басқарып , неше дауды шешсем де , бұл күнде түйіні жоқ. Тығырыққа тірелдім. Сол себепті өздеріңізден ақыл сұрап келдім. Мұрагерлік тағымы халықты билеп , ел басқаруға ұлдарымның қайсысын қоярымды білмей қиналудамын. Үлкен ұлым – ер жүрек, батыр, өзіңе сенімді. Ортаншы ұлым – елші боларлықтай қулығы бар жан. Ал ең кіші ұлым сабырлы, ісімен сөзін ойлап істейді, -деп сипаттапты.
Сонда хан ойланып кіші ұлын мұрагер етіпті деседі. Себебі жылы, сәлемі жақсы ел тату болады, бірліктегі ел батыр болады.
Ой тұжырымдамасы :
-Балалар, хан қандай қасиеті үшін кіші ұлын хан тағына отырқызыпты?
-Қалай ойлайсыңдар жылы сәлемдесу әдептілікке жата ма?
Сәлем беру үлкенге
Көшелерден біз өткен
Ата көрсем,
Жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен:
“Ассалаумағалейкум!”, - деп.
Алдан әже жолықса,
Бөгелем де әдейілеп
Сәлемдесем сол тұста:
“Есенсіз бе, әжей!”, - деп.
Кім кезіксе көшеде,
Таныс емес демеймін.
Аға, тәте, көкеге,
“Сәлеметсіз бе!”, - деймін.
Өтепберген Ақыпбекұлы
Сәлемдесу түрлері: Амансыз ба,Сәлем,Сәлеметсіз бе, Ассалаумағалейкум,Қайырлы таң,Қайырлы күн,Мал-жаныңыз аман ба.
Қазақ тәрбиені амандасудан,есен-сау сұрасудан бастаған.Кейбір егде адамдар Ассалаумағалейкум дегенінен-ақ кім екеніңді білдім деп жатады.Бұл
кездейсоқ айтыла салған сөз емес,олай болса,мәнісіне үңіліп көрейік
Біріншіден,сәлем берген кісінің дауысының шығуын,сәлем беру ырғағын байқайды.
Екіншіден,сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың,қалай тұрасың.Үлкендер алдындағы сәлемің,басшымен амандасу, қол қысысың да,бірталай нәрсені аңғартады:егде кісінің не жас баланың қолын қаттырық қысып жіберсеңіз, дөрекілігіңіз бірден көзге көрінеді.
Сіз амандасып болғанша, сәлем алушы үсті-басыңызға қарап та үлгереді,киіміңіздің өзіңіздің жас мөлшеріңізге жарасымды,жарасымсыз екенін де байқайды.Осылардың бәрін ой елегінен өткізе келіп,сен туралы белгілі пікір түйеді.
Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенмен,адамның ішкі мәдениетін де біраз көтеріп тастайды.”Сәлеміңнен жаңылма”,”Сәлемің дұрыс болсын” деген талаптың өзі-ақ сәлемдесу мәдениетінің,адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай.
Көрініс: Әр елдің сәлемдесу түрлерін,салтын көрсету.
Өлеңді оқушылардың дауыстап, дұрыс оқуы.
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
- Өлең не жайлы?
- Өзін үлкендермен қалай сәлемдесесің?
- Сәлемдесуге қатысты қандай сөздерді білесің?
3-тапсырма
Сөздік жұмысы: Дәптерге жазу.
Бөгелем – тоқтаймын
Кезіксе – кездессе
Есенсіз бе? – амансыз ба?
“Ассалаумағалейкүм” – Аланың нұры жаусын.
117-жаттығу.
Сергіту сәті:
Үлкенге Сіз!
Кішіге де Сіз!
Бар әлемнің баласын,
Құрметтейміз Біз!
118-жаттығу.
Оқушыларға өлеңдер оқыту
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп қол берем.
Анам маған-үлкенді сыйла- деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Сыйлап сәлем береміз,
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп біліміз,
Үйге қонақ келгенде
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
Ойын
Не істеуге болмайды?
Не істеу керек?
Сиқырлы сөздер.Ізгі сөздер.
III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.
Сәйкестіндіру тесті:(карточка)
Екі бағандағы сөздерді қолданылуына қарай сәйкестендіруді толықтыр: