Просмотр содержимого документа
«?.Т?жібаев "Тола?ай"»
Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай»
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік
Шығарманың мазмұнын меңгереді, тақырыбын ұғынады, кейіпкер бейнесін ашады, өз пікірлерін қорғайды, пысықтайды, пікіралысады, талдайды, қорытынды жасайды.
2) дамытушылық
Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы мысалдар келтіріп, қосымша мәліметтер іздестіреді, танымдық қабілеттерін дамытады, ойлану нәтижесінде өз ойын тиянақтайды, оны дәлелді түрде жеткізеді, басқалардың пікірін сыйлап, онымен санасады, бірнеше ойды салыстырады, қарама-қарсы қояды.
3)тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдауға, өз елін сүюге баулу
Сабақтың түрі: практикалық оқуға негізделген ізденіс сабағы
Сабақтың типі: іскерлік пен біліктілік дағдыларын қалыптастыру
Көрнекілігі: слайд
Пәнаралық байланыс: география
Құрал-жабдығы: парақшалар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Ол үшін оқушыларға геометриялық фигуралар-ұшбұрыш пен төртбұрыштар таратылады, сол бойынша топқа бөлінеді.
I Қызығушылықты ояту
Қызықты сөзтізбе шешу
Мақсаты:сабаққа қызығушылықтарын арттыру
Сөзтізбе
1.Ертегі кейіпкері
2.Ертегідегі перінің қызы
3.Төстіктің аты
4. “Аяз би” ертегісінің басты кейіпкері
5. Кендебайдың әкесі
6. “Қырық өтірік” ертегісінің басты кейіпкері
7. “Керқұла атты Кендебай” ертегісіндегі басты кейіпкер
Оқушылар топпен сөзтізбені шешеді.
Ойландыру стратегиясы
Осы сөзтізбеден қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
Жауап: барлығы ертегі кейіпкерлері
Мұғалім сөзі
Ендеше бүгінгі сабақта қатысып отарған топтардың біріне әХалық ертегісі», екіншісіне «Әдеби ертегі» атауларын берейік.Әр топ өз атауларын қорғау керек.
Әр топ өз атауларын қорғайды.
Сөзтізбедегі қызыл сызықтың ішінен қандай сөз шықты?
Оқушылар жауабы: Толағай
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.
II Мағынаны ажырату
Еркін жауап стратегиясы қолданылады.
Сұрақ.
1. «Толағай» ертегісінің авторы кім?
2. Ертегідегі басты кейіпкер
3. Толағайдың ата-анасы туралы не білеміз?
4. Толағайдың дүниеге келуін,өсуін ертегіде қалай береді?
Түсіну стратегиясы
Мақсаты: шығарма мазмұнын қандай деңгейде меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген тапсырмалар беру.
Мысалдар:
1. Алып болар...
2. Ұйықта қозым ...
3. “Өлдім, балам, Толағайжан!”
4.- Бұл не деген үлкен мысық,
Салқындады – ау суға түсіп...
5. – Деген сөз бар: “Тауда тандыр”
Қарлы, шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде
Үзілмейді жылда жаңбыр...
Концептуальды кесте
Мақсаты: Толағайға баға беру
Кейіпкер
Өмірге қызығушылығы
Адамгершілік қасиеті
Кейіпкерге берілетін баға
Толағай
Бес жолды өлең
Мақсаты: Толағайға бес жолды өлең шығару
1. Зат есім Толағай
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
Ойландыру стратегиясы
Мақсаты: Көтерілген мәселеге көзқарастарын білу.
Кейіпкер
Кейіпкер бойындағы сен ұнатқан қасиет
Бұл қасиет бүгінгі жастарда бар ма?
Қазіргі жас ұрпақтан қандай кемшілікті көресің?
Толағай
Суреттер галлереясы Оқушылар мәтін бойынша үйден салып келген суреттері мен Толағай бейнесінің моделін қорғайды
Мақсаты:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
« Ортада қаламсап» стратегиясы
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту
Егер сіз автор болсаңыз, бұл әдеби ертегіні қалай аяқтар едіңіз?
ІІІ Ойтолғаныс
Толағайға хат
Әркім өз бетімен хат жазып, топта оқып талдайды, ең үздік жазылған хатты сыныпқа оқиды.
Автор орындығы стратегиясы. Оқушы автор орындығына келіп, өз жазғанын оқиды.