Білімділік: О?ушылар?а ?аза? поэзиясында ?зіндік із ?алдыр?ан а?иы? а?ын М.Ма?атаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы жан-жа?ты м?лімет беру. Шы?армаларына талдау жасау.
?азіргі заманда ?мір с?рсе, ?ай та?ырыптар?а ?ле? жаз?ан болар еді? Неліктен?
А?ынмен кездессе?, ?андай с?ра? ?ояр еді??
ІІІ Ой тол?аныс.
І топ: «Автор?а хат» жазу
ІІ топ: А?ынны? бір ?ле?і бойынша «Екі т?рлі т?сіндірме» к?нделігін ж?ргізу.
ІІІ топ: ?й?ас ??ру. О?ушы ?зіні? немесе досыны? есімін ?атыстырып ?й?ас ??рауы ?ажет.
-Бірде ?аза?ты? к?п а?ындары жиналып, ?рбір а?ынны? атына ?й?астырып ?ле? шы?арады. Мысалы: «Абай, ?ле?і? ?алай?» деген сия?ты. Содан М??а?али?а ?ле? шы?арайын десе ?й?ас таппайды. Орталарына кейіннен келген М??а?али : «Сол да с?з болып па?»
-М??а?али, М??а?али
Аш бала, ауру ?йел жата?ан ?й, -деген екен. Сол сия?ты болмаса? да ??сап ба?, демекші, ?р о?ушы ?зіні? немесе досыны? атын ?атыстырып ?й?ас ??рап к?рсін.
Саба?ты ?орытыдылау. «Т?йін с?з»
-??рметті о?ушылар, ?аза? хал?ында «то?сан ауыз с?зді? тобы?тай т?йіні бар» деген с?з бар, олай болса, б?гінгі саба?тан ал?ан ?серімізді бір-екі ауыз с?збен т?йіндейік:
Мысалы.
-М??а?али-хал?ына ?лмейт??ын с?з,?шпейт??ын із ?алдыр?ан а?ын.
-М??а?али жырла?андай. Хал?ым ма?ан не береді деп емес, мен халы??а не беремін деп ?мір с?ру керек.
?йге тапсыма беру:
А?ын ?ле?дерін м?нерлеп жат?а о?у. Афоризм, на?ыл с?з ретінде ?олдану?а болатын ?ле? жолдарын теріп жазу
Просмотр содержимого документа
«М??а?али поэзиясы –?аза? поэзиясыны? жауhары »
11-сынып
Пәні: Қазақ әдебиеті
І Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ поэзиясы
Мұқағали поэзиясы –қазақ поэзиясының жауhары
ІІ Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ поэзиясында өзіндік із қалдырған ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет беру. Шығармаларына талдау жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру, көркемсөз оқу шеберлгін, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ақын шығармаларын сүйіп оқуға қызықтыру.
Тәрбиелілік: Ақынның адамгершілік қасиеті мен парасаттылығын елін, жерін сүюін үлгі ету. Өмірді, өлеңді, өнерді, сезімді бағалай білуге тәрбиелеу
ІІІ. Типі: жаңа білімді меңгерту
ІҮ.Түрі: Поэзия (сыр-толғау) сабағы
V. Әдісі: «Топтастыру» «Блумның сұрақ қою өлшемі» «Авторға хат», « Екі түрлі түсіндірме күнделік», «Ұйқас құрау», «Түйін сөз» т.б
VI Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, баспасөз материадары М.Мақатаев «Аманат» Атамұра 2002, «Жүрек арызы», «Жырлайды жүрек» жинақтары
VII Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқуылырды 3 топқа бөлу.
І. Қызығушылығын ояту
Ой шақыру мақсатында 3 топқа сұрақ қойылады:
-Ақын деп кімді айтамыз?
Үш топтың жауаптары тыңдалып, ақын сөзімен қорытындыланады:
Айтамыз біздер ақын деп,
Адамды шоқ боп маздаған.
Ақынға керек ақыл көп,
Асаулық керек аздаған.... Қадыр Мырзалиев.
(Әр топтың оқушыларына жеке-жеке тапсырма беріледі)
І топ «Өлең» сөзіне балама сөздерді топтастыр
ІІ топ Өлең түрлерін ата
ІІІ топ. Өлеңнің адамға әсері, пайдасы туралы пікір айт.
Жаңа сабақ.
(Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы төменгі сыныптарда біршама таныс)
Электрондық оқулықтан М.Мақатаев жайлы бейнемәтін тыңдалады. Оқушылар электронды оқулыққа қосымша өздерінің білетін мәліметтерімен толықтырады.
Оқушылардың сөзін мұғалім жалғастырады, толықтырады,жинақтайды.
1960-70 жылдары қазақ поэзиясын биік шыңға көтерген сырлы жырларының көзінің тірісінде 11 жинағы , 1 таңдамалысы жарық көрсе, өзі дүниеден озғаннан кейін 17 жинағы басылып шықты. Ғасырлар тоғысында Қазақстан Жазушылар одағының шешімімен «Ғасыр ақыны » атанса, XXI ғасыр табалдырығынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығынаң иегері болып аттады.
Мұқағали атындағы көше , мектеп, ауыл, Қазақстан жазушылар одағы тағайындаған мемлекеттік сыйлық бар.
ІІ. Мағынаны ашу
«Блумның сұрақ қою өлшемі» әдісі бойынша топтар жұмыс жасайды.
І топ: Білу. Түсіну.
Ақын өлеңдері қандай тақырыптарды қамтыған, (дәлелде)? (Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, тақырыбын табу)
Қандай жыр жинақтары бар?
Шығармашылығы туралы не білесің? (поэмалары, аудармалары, прозасы, мақалалары, әндері т.б)
Оқушылар жауаптарынан кейін, қамтылмай қалған тұстарын кесте арқылы салыстырып, толықтырдым. 1-кесте
Ақын өлеңдерінің тақырыптары
Туған жер, Отан туралы
Поэзия тақырыбында
Өмір жайлы толғаулар
Ұлы Отан соғысы тақырыбы
Ана мен бала, әйелдер тақырыбы
Достық, махаббат, адамгершілік тақырыбында
2-кесте
Жыр жинақтары
Армысыңдар, достар Алматы 1966ж
Қарлығашым келдің бе? А 1968
Мавр 1970
Дариға – жүрек 1972
Аққулар ұйқтағанда 1974
Шуағым менің 1975
Өмір – дастан 1976
Өмір-өзен 1979
Бәсіре 1981
Соғады жүрек 2 том 1982
Шолпан 1984
Шекарашы1985
Жырлайды жүрек 1989
Жылап қайттым өмірдің базарынан 1994
Қарасаздан ұшқан қарлығаш
3-кесте
Поэмалары
Аудармалары
Әндері
Райымбек, Райымбек!
Аққулар ұйықтағанда
Алтай-Атырау
Бала шақтан-болашаққа
Чили-шуағым менің
Отаным, саған айтам
Досыма хат
У.Уитмен «Шөп жапырақтары» 1969
У.Шекспир «Соннеттер» 1970ж
Д.Алигерьи «Құдіретті комедия» «Тамұқ» бөлімі Моцарт «Жан азасы»
Сәби болғым келеді
Тоқта балам
Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан
Сөнбейді, әже, шырағың!
Армысыңдар, адамдар!
Болмасын, соғыс, болмасын
Дариға, домбырамды берші маған.
Наурыз айы туғанда
Өмір сүрейік алмасып т.б
ІІ топ : Қолдану, Талдау
1 Ақын өлеңдерін мәнереп оқып, өлең құрылысына, ұйқас түріне талдау жасау.
2. Өзіңе ұнаған бір өлеңін мәнерлеп оқып, көркемдегіш және суреттеме құралдарын табу
3. Қай өлеңін әлемдік антологияға ұсынар едің? Неліктен?
ІІІ топ: Жинақтау, Бағалау
Ақын өлеңдерінің қайсысын өз досыңа оқуға кеңес берер едің? Неліктен?
Қазіргі заманда өмір сүрсе, қай тақырыптарға өлең жазған болар еді? Неліктен?
Ақынмен кездессең, қандай сұрақ қояр едің?
ІІІ Ой толғаныс.
І топ: «Авторға хат» жазу
ІІ топ: Ақынның бір өлеңі бойынша «Екі түрлі түсіндірме» күнделігін жүргізу.
ІІІ топ: Ұйқас құру. Оқушы өзінің немесе досының есімін қатыстырып ұйқас құрауы қажет.
-Бірде қазақтың көп ақындары жиналып, әрбір ақынның атына ұйқастырып өлең шығарады. Мысалы: «Абай, өлеңің қалай?» деген сияқты. Содан Мұқағалиға өлең шығарайын десе ұйқас таппайды. Орталарына кейіннен келген Мұқағали : «Сол да сөз болып па?»
-Мұқағали, Мұқағали
Аш бала, ауру әйел жатаған үй, -деген екен. Сол сияқты болмасаң да ұқсап бақ, демекші, әр оқушы өзінің немесе досының атын қатыстырып ұйқас құрап көрсін.
Сабақты қорытыдылау. «Түйін сөз»
-Құрметті оқушылар, қазақ халқында «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деген сөз бар, олай болса, бүгінгі сабақтан алған әсерімізді бір-екі ауыз сөзбен түйіндейік:
Мысалы.
-Мұқағали-халқына өлмейтұғын сөз,өшпейтұғын із қалдырған ақын.
-Мұқағали жырлағандай. Халқым маған не береді деп емес, мен халыққа не беремін деп өмір сүру керек.
Үйге тапсыма беру:
Ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу. Афоризм, нақыл сөз ретінде қолдануға болатын өлең жолдарын теріп жазу
Ақын туралы естеліктер оқу, әңгімелеу
«Қазақ поэзиясының Хантәңірі» тақырыбында эссе жазу.
Оқушылардың білімін бағалау.
Қазыбаева Нұржамал Ерханқызы , Қызылорда облысы Шиелі ауданы