К?рнекті а?ындарымызды? бірі ?асым Аманжоловты? ?лкен бір ?асиеті сол, ыл?и ж?регіні? ?алауымен ?ана жазады. Сонды?тан да оны? шы?армалары отаншыл болды. Шамалап айт?анда, Аманжоловты? ?деби м?расы к?лемі жа?ынан 75 баспа таба?.
Арн?р:
Оны? «Балалы? ша?тан бір елес» деп аталатын ?за? ?ле?ін бар болмыс- бітімі?мен егіліп-езілмей, ал?ымы?а ж?дыры?тай тас т?рып ?ал?андай ты?ылып, кеуде?е ?ксік кептелгендей демікпей о?и алмайсы?.
Жанс?уле:
?айтыс бол?аннан кейін жариялан?ан «?зім туралы» атты дастанында а?ын:
Көрнекті ақындарымыздың бірі Қасым Аманжоловтың үлкен бір қасиеті сол, ылғи жүрегінің қалауымен ғана жазады. Сондықтан да оның шығармалары отаншыл болды. Шамалап айтқанда, Аманжоловтың әдеби мұрасы көлемі жағынан 75 баспа табақ.
Арнұр:
Оның «Балалық шақтан бір елес» деп аталатын ұзақ өлеңін бар болмыс- бітіміңмен егіліп-езілмей, алқымыңа жұдырықтай тас тұрып қалғандай тығылып, кеудеңе өксік кептелгендей демікпей оқи алмайсың.
Жансәуле:
Қайтыс болғаннан кейін жарияланған «Өзім туралы» атты дастанында ақын:
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толағанам,
Өзіңмен бірге өлмесін өлеңім деп,- дейді.
«Өзім туралы». орындайтын Бауыржан Ниязов
Арнұр:
Ақынның өлең өңіріне қалам тербеген шығармаларын және өлеңді өнерлеген өнер иелері ақындарға арнау өлеңдерін тыңдап көрелік: «Ақын» (Маяковский туралы) – Олжас; «Руставели Шотаға» - Динара, «Өлді деуге болар ма» (Сулейман Стальский қайтыс болғанда) – Тастайбек, «Мұхтар аға» - Арнұр.
Жансәуле: Қасымның «Ақындар бесжылдығы» атты достық әзілі көптеген ақын-жазушыларға арналған ода жанрында терең қалам тербеген шығармасы болып саналады.
- Ақын біткен көңіл-күй лирикасын айналып өтпеген. Қасым да өлең туралы, өмір туралы өлеңмен сыр шерте білген. «Ей, Қасым, адасуға хақың бар ма?» - Жандарбек, «Өлең туралы» - Динара, «Домбырамда бір күй бар тартылмаған» - Әлия, «Қыз –қызыл гүл бақшадағы» - Әдемі.