?асым Аманжолов ?мірі мен ?ызметі. «?зім туралы» ?ле?і
?асым Аманжолов ?мірі мен ?ызметі. «?зім туралы» ?ле?і
Саба?ты? та?ырыбы: ?асым Аманжолов ?мірі мен ?ызметі. «?зім туралы» ?ле?і
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: ?асым Аманжоловты? ?мірі мен шы?армашылы?ы жайында т?сінік беру, а?ын тіліні? ерекшелігін танып, ?ле?ні? та?ырыбы мен идеясын аны?тау.
Дамытушылы?: СТО стратегияларын пайдалана отырып о?ушыларды? ?з бетімен ж?мыс істей білуіне, ?з ойын еркін айта білуге, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыта т?суге да?дыландыру;
Т?рбиелік: А?ынны? ?ле?і ар?ылы о?ушыларды? ту?ан жерін, ту?ан тілі ана тілін ?астерлеуге, адамгершілікке шыдамдылы??а, ?айраттылы??а т?рбиелеу;
Саба?ты? т?рі: Жа?а та?ырыпты ме?герту
Саба?ты? тегі : кіріктірілген саба?
Саба?ты? ?дісі: Т?сіндіру, сын т?р?ысынан ойлау, талдау жасау, ?з пікірін ?ор?ау, «Екі жа?ты к?нделік», « Бортты журнал» ?дісі
Саба?ты? к?рнекілігі: ?. Аманжолов ?мірі жайлы видео, а?ынны? суреті.
Саба?ты? барысы:
?йымдастыру кезе?і
О?ушылармен амандасу
О?ушыларды т?гендеу
Психологиялы? дайынды?
?й тапсырмасын с?рау
?й тапсырмасын «Кубизм» ?дісін пайдалана отырып с?раймын, я?ни о?ушылар кубикті? ?ай ?ыры т?седі,сол с?ра??а жауап береді. Иса Байза?ов кім?
Ал?ан білімі : Орал педагогикалы? институтында, Семейді? малд?рігерлік техникумында о?иды. Ленинградты? орман шаруашылы?ы институтында о?ып, оны денсаулы?ына байланысты бітіре алмайды.
ІІ Ма?ынаны тану
?асым Аманжоловты? ?мірі мен шы?армашылы?ы жайлы видео к?рсетіледі.
О?улы?пен ж?мыс. 3 топ ?ле?дегі негізгі ойларды топтастыру
А)А?ынны? ?зін таныстыруы
?) ?ле? туралы тол?аныс
Б) ?мір мен ?ле? туралы тол?аныс
В) ту?ан ел,жері туралы тол?аныс
Керуен -с?ра?. ?ле? ?андай лирика т?ріне жатады?
К??іл-к?й лирикасы
Та?ырыбы : Лирикалы? кейіпкерді? ?зі туралы тол?анысы.
Просмотр содержимого документа
«?асым Аманжолов ?мірі мен ?ызметі. «?зім туралы» ?ле?і »
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов өмірі мен қызметі. «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, ақын тілінің ерекшелігін танып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
Дамытушылық: СТО стратегияларын пайдалана отырып оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуіне, өз ойын еркін айта білуге, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың туған жерін, туған тілі ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке шыдамдылыққа, қайраттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың тегі : кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, талдау жасау, өз пікірін қорғау, «Екі жақты күнделік», « Бортты журнал» әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Аманжолов өмірі жайлы видео, ақынның суреті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын «Кубизм» әдісін пайдалана отырып сұраймын, яғни оқушылар кубиктің қай қыры түседі ,сол сұраққа жауап береді. Иса Байзақов кім?
Иса Байзақовтың туған жері?
«Құралай сұлу» поэмасының авторы кім?
Құралай сұлуды ұнатқан жігіттің есімі?
Поэмада қандай бидің есімі кездеседі?
Поэма қалай аяқталады? Өзің қалай аяқталғанды қалар едің ?
Жаңа сабақ. Өз өмірін өлеңмен өрген қазақтың талантты ақыны, адалдық пен ақындықты тұмар етіп дауылды поэзиясымен ХХІ ғасыр ұрпақтарының жүрегінде терең із қалдырған Қасым Аманжоловтың өмірі мен өлеңіне тоқталамыз.
Сабақ эпиграфы : « Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» Т.Ахтанов
Қызыңушылықты ояту Топтық тапсырма ретінде ақын туралы алдын ала тапсырма берілген болатын, сол бойынша
әр топқа сөз беріледі.
Слайд арқылы ақын өмірі кезеңдері көрсетіледі, топтастырылады
Аты: Қасым Аманжолов
Туған жылы : 1911жыл
Туған жері : Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы
Өскен ортасы : Жастай жетім қалып ,Семей қаласындағы интернатта тәрбиеленеді.
Алған білімі : Орал педагогикалық институтында, Семейдің малдәрігерлік техникумында оқиды. Ленинградтың орман шаруашылығы институтында оқып, оны денсаулығына байланысты бітіре алмайды.
ІІ Мағынаны тану
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы видео көрсетіледі.
Оқулықпен жұмыс. 3 топ Өлеңдегі негізгі ойларды топтастыру
А)Ақынның өзін таныстыруы
Ә) Өлең туралы толғаныс
Б) өмір мен өлең туралы толғаныс
В) туған ел ,жері туралы толғаныс
Керуен -сұрақ. Өлең қандай лирика түріне жатады?
Көңіл-күй лирикасы
Тақырыбы : Лирикалық кейіпкердің өзі туралы толғанысы.
Идеясы : Ақынның өз өлеңі арқылы болашақ ұрпаққа сенім артуы,өз тағдырын өлең құдіретімен оқушыларға жеткізуі
Тақтамен жұмыс Лирикалық кейіпкерге мінездеме беру.
Оқулықпен жұмыс. Топтық тапсырмалар беру.Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау.
Теңеу : торқадай, өртке тиген дауылдай
Метафора : сезім -жыр, лебізім -күй
Эпитет : алтын сарай, ақ көңіл қап -қара түнек
11топ буын , бунақ түрлеріне талдау
ІІ топ «Бес жолды өлең» құрайды.
1. Қасым
2. Кең пейіл, дауылпаз
3. Жазады, армандайды
4. Елінің дауылпаз ақыны - Қасым аға!
5. Ақын
І « Екі жақты күнделік» Оқушылар бірінші жекелей орындайды, екінші жұппен, сосын топпен ақылдасып ортақ бір кестені ортаға шығып оқиды.
Өлеңнен үзінді
Менің көзқарасым
Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға, Көп күттім, көп тіледім құмарлана. Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім, Алыстан көрінгенмен құмарлана Ақын арманы шексіз, бірақ сол арманын жүзеге асыруға уақыт жетпейтіндігін, өзінің өмірінің қысқа болатындығын сезгендігі көрініп тұр. Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның. Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын. Ақынның кең пейіл, жайдары мінезін байқаймыз. Ақтықты, адалдықты сүйетін өзі де пәк ақын деп білеміз.
Сабақты «Борт журналы « әдісімен қорытындылау.
Болжам
Жаңа ақпарат
Тақырып бойынша не білемін? Бұл туралы не білуім керек?
Бұл туралы не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?
Қасым Аманжолов – өзі айтқандай елінің ерке ақыны. Қанша ғасыр, қанша жыл өтсе де солай болып қала бермек! Аз ғана ғұмыр кешіп әдебиетімізге зор үлесін қосып кеткен дауылпаз ақынды ұрпағы мәңгі жадында сақтап, мәңгі мақтан тұтпақ!
Үй тапсырмасы: «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.