9. «К?й», «К?йші»,«??лагер» поэмаларын жаз?ан ж?не 1926 жылы «Балар?а тарту» атты ?ле? кітабы жарык корді.
10.Республикамызда бірнеше мектеп, к?ше, Талды?ор?ан ?аласында?ы Жетісу Мемлекеттік университетіне оны? есімі. берілген.Талды?ор?ан ?аласында а?ынны? ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан м?ражай ж?мыс істейді.
2.Суретпен ж?мыс.
Балара мына суретте не бейнеленген?
Сендер жайлауда болды?дар ма?
Онда ?андай жануарларды кездестіруге болады?
?й жануарларыны? ішінен сиырды? ?андай пайдасы бар?
С?ттен ?андай та?амдар дайындалады?
Ал енді балалар малта деген не, осы с?зді естігенде сендерді? к?з алдары?а не елестейді? /жауаптарын ты?дау/
Малта
Малта к?дімгі езілген ??ртты? ?са? т?рі. Ол ?аза? хал?ыны? б?ріне белгілі д?мді асы.?за? сапарларда, мал ба??ан кісілер ауыз?а салып суын ж?т?ан кезде ?рі сусын, ?рі тама?, я?ни ?орек болып саналады. Ертеде батырлар елді, жерді ?ор?ап аттан т?спей ж?рген кездерде малтаны ауыздарына салып та?ам еткен.
3.Сергіту с?ті.
Нан ?и?ымын шашпа?дар,
Жерде жатса баспа?дар.
Теріп алып ?астерлеп,
Тор?айлар?а таста?дар.
4.Кітаппен ж?мыс.
?ле?ні? ш?ма?тары б?лініп-б?лініп о?ылады. Бір ш?ма? о?ылып бол?ан со? о?ушылар келесі ш?ма?та не болатынын болжайды.
5.?ле?ді м?нерлеп о?у./автор,бала,малта/
Ал, енді балалар ?ле?ді о?ы?анда ?андай т?сініксіз с?здер кездесті?
6. а/ С?здерді о?ып, ма?ынасымен танысу.
Ж?мырша?-кедір-б?дыры жо?, ж?п-ж?мыр
С?ре-бірнеше ?атардан т?ратын ??рт жаятын орын
?ре-??рт, ірімшік,жеміс-жидектерді кептіруге
арнал?ан шиден то?ыл?ан с?ре.
Шым-шым су-ысты? су
Сыбану-же?ін т?ру
?/к?ру диктанты
Томпайтып ?ртты,
Сорамыз ??ртты.
Жасайтын оны,
Тек ?аза? ?лты!
ІІІ.Н?с?алау сатысы.
1/ Бала неге ?уанды ? Ол туралы ?ле?ні? ?ай шума?ында айтыл?ан?
2/ Бала нені білгісі келді?
3/ Малта ?алай жасалады екен? балалар карточкаларды рет-ретімен жинайды
4/ С?ттен жасалатын бас?а та?амдарды ата? /айран, ?аты?, май, ірімшік/
5/А?ар?ан туралы тыйым с?здерді айт. / «А?ты баспа», «а?ты т?кпе»/
ІІІ. Ой тол?аныс сатысы. «?дебиет ?йірмесі» (о?ушыларды бес ж?п?а б?ліп, с?ра?тар ?ойылады)
1.Баяндап беруші:?ле?ні? мазм?нын айту.
2.Зерттеуші: Малта ?алай жасалады?
3.С?з тап?ыш: М?тін мазм?нына байланысты ма?ал – м?тел айтып, д?лелде. 4.С?ра? ?оюшы: М?тінге ?атысты с?ра?тар дайында.
5.Бейнелеуші: М?тін мазм?нына байланысты та?та?а сурет салу.
Топ пікірі ты?далады. Б?гінгі саба?та мен нені білдім?
Просмотр содержимого документа
«Ілияс Жанс?гіров "Малта"»
Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Сапарбай Г.Т.
Күні: 13.10.2015ж
Сыныбы: 3-сынып
Пәні: әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Малта» Ілияс Жансүгіров Мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығымен тереңірек танысу, малта өлеңінің мазмұнын ұғындыру. Сабақтың мазмұнына байланысты міндет: 1.Ұлттық тағамы «Малта» сөзінің мағынасын түсінеді. 2. Мәтіннің мазмұнын айта алады. 3. Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең айтып, ой бөлісе алады. 4. Ұғымталдылыққа, ұйымшылдыққа, зейін қоя білуге, өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді. СТО - ға байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады. Стратегиялары: «Болжау», «Әдебиет үйірмесі» Көрнекілігі: Ақын-жазушылардың портреті, суреттер,сөзжұмбақ,малта. Пән аралық байланыс: тарих, еңбек, сурет. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау. 2. Психологиялық дайындық. Балалар, біздің өмірімізде таңғалатын жайттар жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Ал қанеки, күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан - жағым. - Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
І.Итермелеу сатысы ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Василий Александрович Сухомлинскийдің «Қатқан нан» мәтінін әңгімелеу. 2. «Нансыз өмір жоқ» тақырыбында шағын шығарма. 3. Нан туралы тыйым сөз.
-Нанды бір қолмен үзбе.
-Нан үзіндісін аяқпен таптама.
- Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. ------
-Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды.
- Дастарқанға алдымен нан қойылады.
- Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
-Нанмен ойнауға болмайды.
Қызығушылықты ояту.
а/сөзжұмбақ шешу. 1.Сережа қайда оқиды? /мектеп/
2.Сережаның әкесі кім болып істейді?/наубайшы/
3.Асханаға кімдер келеді?/балалар/
4.Үстел үстінде қандай нан тұрды?/қатқан/
5.Балалар нені сақтықпен жеп отырды?/нанды/
М
е
к
т
е
п
н
А
у
б
а
й
ш
Ы
Б
а
Л
а
л
а
р
Қ
а
Т
т
ы
н
А
н
д
ы
ІІ. Конструкциялау сатысы
Жаңа сабақ. 1.Ендеше бүгінгі сабақта «Малта» өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңнің авторы Ілияс Жансүгіров. Ілияс Жансүгіров жайлы не білесіңдер? /балалар қысқа өмірбаянынан айтады/
1.1894 жылы 5 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген.
2. Ақын, жазушы, қоғам қайраткері, драмашы, прозашы.
3.Білімді, өнерлі, әңгімешіл әрі домбырашы.
4.Қарағаш ауылында бастауыш мектепті бітіреді.
5.Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған.
6.1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
7.1925 -1928 жылдары Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсті.
8.Қазақ халқының асыл перзенттері Сакен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегі».
9. «Күй», «Күйші»,«Құлагер» поэмаларын жазған және 1926 жылы «Баларға тарту» атты өлең кітабы жарык корді.
10.Республикамызда бірнеше мектеп, көше, Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университетіне оның есімі. берілген.Талдықорған қаласында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған мұражай жұмыс істейді.
2.Суретпен жұмыс.
Балара мына суретте не бейнеленген?
Сендер жайлауда болдыңдар ма?
Онда қандай жануарларды кездестіруге болады?
Үй жануарларының ішінен сиырдың қандай пайдасы бар?
Сүттен қандай тағамдар дайындалады?
Ал енді балалар малта деген не, осы сөзді естігенде сендердің көз алдарыңа не елестейді? /жауаптарын тыңдау/
Малта
Малта кәдімгі езілген құрттың ұсақ түрі. Ол қазақ халқының бәріне белгілі дәмді асы.Ұзақ сапарларда, мал баққан кісілер ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі тамақ, яғни қорек болып саналады. Ертеде батырлар елді, жерді қорғап аттан түспей жүрген кездерде малтаны ауыздарына салып тағам еткен.
3.Сергіту сәті.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар. 4.Кітаппен жұмыс.
Өлеңнің шұмақтары бөлініп-бөлініп оқылады. Бір шұмақ оқылып болған соң оқушылар келесі шұмақта не болатынын болжайды.
5.Өлеңді мәнерлеп оқу./автор,бала,малта/
Ал, енді балалар өлеңді оқығанда қандай түсініксіз сөздер кездесті?
6. а/ Сөздерді оқып, мағынасымен танысу.
Жұмыршақ-кедір-бұдыры жоқ, жұп-жұмыр
Сөре-бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын
Өре-құрт, ірімшік,жеміс-жидектерді кептіруге
арналған шиден тоқылған сөре.
Шым-шым су-ыстық су
Сыбану-жеңін түру
ә/көру диктанты
Томпайтып ұртты,
Сорамыз құртты.
Жасайтын оны,
Тек қазақ ұлты!
ІІІ.Нұсқалау сатысы. 1/ Бала неге қуанды ? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған?
2/ Бала нені білгісі келді?
3/ Малта қалай жасалады екен? балалар карточкаларды рет-ретімен жинайды
4/ Сүттен жасалатын басқа тағамдарды ата? /айран, қатық, май, ірімшік/
5/Ағарған туралы тыйым сөздерді айт. / «Ақты баспа», «ақты төкпе»/
ІІІ. Ой толғаныс сатысы. «Әдебиет үйірмесі» (оқушыларды бес жұпқа бөліп, сұрақтар қойылады)
1.Баяндап беруші:Өлеңнің мазмұнын айту. 2.Зерттеуші: Малта қалай жасалады? 3.Сөз тапқыш: Мәтін мазмұнына байланысты мақал – мәтел айтып, дәлелде. 4.Сұрақ қоюшы: Мәтінге қатысты сұрақтар дайында. 5.Бейнелеуші: Мәтін мазмұнына байланысты тақтаға сурет салу. Топ пікірі тыңдалады. Бүгінгі сабақта мен нені білдім?
6. Суретпен жұмыс:
-Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
-Суреттегі адамдарға ат қой.
-Суретте малта жасаудың қай кезеңі бейнеленген?
-Өлеңге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құра
7. Бекіту. 1.Ілияс Жансүгіров кім? 2.І.Жансүгіров қай жерде дүниеге келді? 3.Малта қалай жасалады? 4.І.Жансүгіровтің қай қалада ескерткіші орналасқан? 5.Сөре дегеніміз не? 6.Малта қай төлдің сүтінен жасалады? 7.Өре неден тоқылады?
Оқушы білімі бағаланады. Үйге тапсырма: Малта өлеңі мәнерлеп оқу.