?йге берілген тапсырманы с?раймын. О?ушылар?а бірнеше с?ра?тар ?оямын
б) Жа?а саба?ты т?сіндіру.
?л-Фараби 870 ж. Арыс ?зеніні? Сырдария?а келіп ??ятын жа?асына орналас?ан Фараб ?аласында д?ниеге келген. Толы? аты-ж?ні ?л-Фараби ?бу Насыр М?хаммед ибн М?хаммед ибн ?зла? ибн Тархан, я?ни ?кесіні? аты — ?зла?, ал ар?ы атасыны? аты — Тархан. Оны? ту?ан жері - ежелгі ?аза? ?аласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп ата?ан, есімі осыдан келіп, Фарабтан шы??ан ?бу Насыр болып аударылады. ?азіргі орны О?т?стік ?аза?стан облысы, Ш?уілдір ауданыны? аума?ы.
?л-Фарабиді неміс шы?ыстанушылары ?лы, бірегей т?л?а деп атап к?рсетеді. ?алым-энциклопедист, Ренессанс д?уіріні? ?айнар бастауында т?р?ан ??лама к?зі тірі кезде-а?, Аристотельден кейінгі "Екінші ?стаз" атан?ан. Ол он алты жасында о?у іздеп Ба?дат?а барады. Жаратылыстану ?ылымын, білімін Ба?датта, Халебте (Алепода) ал?ан. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, ???ы? ?ызы?тырды. Білімні? ?р т?рлі салаларын ?амтитын 160 трактат жаз?ан.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Әл-Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты — Ұзлағ, ал арғы атасының аты — Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.
Әл-Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезде-ақ, Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанған. Ол он алты жасында оқу іздеп Бағдатқа барады. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алепода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған.
Әл-Фарабидің «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы», «Логика», т.б. еңбектері бар
Кітаппен жұмыс: Әл-Фараби шығармаларын оқиды
Музыка математика
Әбунасыр айналысқан ғылым салалары
логика
философия
астрономия әдебиеттану
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : «Екінші ұстаз» деген тақырыпқа шығарма жазады.