Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Оқулықтан 21-26-беттерді оқу, үзінді жаттау.
2. «Екінші ұстаз» тақырыбына шығарма жазу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қожа Ахмет Йассауй –сопылық поэзияның негізін салушы ақын, күллі Күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ойшыл, діні қайраткер тұлға.
Қожа Ахмет Йасауи – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы).
Йасауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал. Йасауидің әкесі – Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары - Сайрамда. Ұстазы – Арыстанбаб (Арыстан баба) пен Йасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір құрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Йасауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің «Хикметтер» («Диуани хикмет») кітабында баяндайды.
«Диуан» - жинақ, «хикмет» - Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді. Йасауидің жүзге жуық хикметтері бар. Кітапта бес жасынан дін жолына түскенін, жеті жасында Арыстанбабты іздеп тапқанын айтады. Өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану жолдарын баяндап береді. Аузымен «Аллалаған», бірақ көңілі таза емес пенделерден жоғары болғанын медет етеді. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақырады.
Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұстазының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы-Түркияға дейін таратып алып кеткен.
Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына – қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуға, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған.
Исламның сопылық бұтағы 5-8 ғғ. пайда болды. Ал «Диуани хикмет» мұсылмандық жолының негізгі ережелері мен қағидаларын көрсетіп берді. Ұлы кітапта ақын исламдық төрт ұстынға – шариғат, тарихат,хақиқат, мағрипат мәселесіне назар аударады. Шариғат –ислам дінінің заңдары, дәстүр- салттары. Тарихат –сопылық ілім.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Оқулықтан 21-26-беттерді оқу, үзінді жаттау.
2. «Екінші ұстаз» тақырыбына шығарма жазу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қожа Ахмет Йассауй –сопылық поэзияның негізін салушы ақын, күллі Күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ойшыл, діні қайраткер тұлға.
Қожа Ахмет Йасауи – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы).
Йасауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал. Йасауидің әкесі – Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары - Сайрамда. Ұстазы – Арыстанбаб (Арыстан баба) пен Йасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір құрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Йасауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің «Хикметтер» («Диуани хикмет») кітабында баяндайды.
«Диуан» - жинақ, «хикмет» - Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді. Йасауидің жүзге жуық хикметтері бар. Кітапта бес жасынан дін жолына түскенін, жеті жасында Арыстанбабты іздеп тапқанын айтады. Өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану жолдарын баяндап береді. Аузымен «Аллалаған», бірақ көңілі таза емес пенделерден жоғары болғанын медет етеді. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақырады.
Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұстазының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы-Түркияға дейін таратып алып кеткен.
Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына – қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуға, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған.
Исламның сопылық бұтағы 5-8 ғғ. пайда болды. Ал «Диуани хикмет» мұсылмандық жолының негізгі ережелері мен қағидаларын көрсетіп берді. Ұлы кітапта ақын исламдық төрт ұстынға – шариғат, тарихат ,хақиқат, мағрипат мәселесіне назар аударады. Шариғат –ислам дінінің заңдары, дәстүр- салттары. Тарихат –сопылық ілім.