| Әдебиет | 6-сынып |
| Сабақ тақырыбы: | Абайдың қарасөздері. Отыз бірінші қарасөз |
| Жалпы мақсат: | Ұлы ақынның қарасөздерінің адам өмірінде алатын орнын ұғынады. Естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге тәрбиеленеді. 3. Абай қарасөзіндегі ой оралымдарын оқушы бойына сіңіре отырып, сөйлеу тілі, ойлау қабілеті дамиды. |
| Сілтеме: | Электронды оқулық,оқулық, әдебиетті оқыту әдістемесі |
| Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | Қарасөздердің адам өміріндегі маңызын таниды. Сөйлеу тілі, ойлау қабілеті дамиды. |
| Негізгі идеялар: | Ұлы ақынның ұрпағына жазған өсиетнамасы. Абай өнегесінің маңызы. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Оқулық, АКТ,электрондық оқулық |
| Оқыту әдістері: | Блум таксаномиясы ,диалогтік әңгіме,автор орындығы,ойтолғау |
| Дерек көздері: | Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар. Абайдың қарасөздері. |
| Тапсырмалар: |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 минут) | Абайдың әндері бойынша топқа бөледі, сергіту сәтін ұйымдастырады. | Оқушылар ән бойынша топқа бөлінеді, сергиді |
| Білу (3 минут) | І.Абайдың қарасөзі туралы оқуға 5 топқа бөліп тапсырма береді. | 1.Оқушылар тапсырманы оқиды. 2. Тыңдайды. |
| Түсіну (5 минут) | «Автор орындығы » стратегиясы бойынша оқушылардан түсінгенін айтуды сұрайды. | Жұптық жұмыс: «Автор орындығы » стратегиясы бойынша әр топтан бір оқушы ортадағы ерекше орындықта отырып, түсінгенін мәнерлеп айтады. |
| Қолдану (10 минут) | 1.Абайдың отыз бірінші қарасөзін эл.оқулықтан тыңдатады. 2.Оқушыларды диалогтік әңгімеге қатыстырады. | Топтық жұмыс. 1.Оқушылар тыңдайды 2.Бір- бірімен диалогктік әңгімеге қатысу арқылы арқылы отыз бірінші қарасөзді қолданады. |
| Талдау (3 минут) | Түсініксіз сөздердің мағынасын меңгертеді: Ғибірәтләну,уайымсыздық, салғырттық.т.б. | Жеке жұмыс. Түсіндірме сөздіктен іздеп табады. |
| Жинақтау (6минут) | Шығармашылық жұмыс: «Мен естіген нәрсемді ұмытпас үшін...» | Топтық жұмыс: постер қорғау. - Мен естіген нәрсемді ұмытпас үшін… |
| Бағалау (10минут) | Түйінді ой | Жеке жұмыс «Атаның сөзі ақылдың көзі» оқушылардың ой-пікірі |
| Үйге тапсырма 1 минут | Абайдың қарасөздерін оқуға, жаттауға береді. | Абайдың қарасөздерін оқу,отыз бірінші қарасөзін жаттау. |
| Өзін -өзі бағалау (2 минут) | Формативті бағалау. | Оқушылар топта бірін-бірі бағалайды. |
| V. Кері байланыс (2 минут) | Сабақ бойынша кері байланыс алады. | Оқушылар сабақтың ұнамды, ұнамсыз жағы мен ұсыныстарын стикерге жазады. |