2.Үй жұмысын сұрау:үйге берілген тапсырманы тексеру,өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнын сұрау
А.Құнанбаев кім?
А.Құнанбаевтың өмірі туралы кім әңгімелейді?
Абайдың «Қыс»өлеңін кім жатқа айтады?
3.Сабақты түсіндіру:
Оқулықпен жұмыс.Мәтінді мәнерлеп оқу.
Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»атты өлеңінде оқымаған адамның күні қараң екенін сөз етеді. «Бес нәрседен қашық болып,бес нәрсеге асық бол»деп айтады.Өсек,өтірік айтудан,жалқау,бекер мал шашудан аулақ бол,-деп ақылын айтады.
Әр нәрсеге қанағат қыла білсең,талаптансаң,еңбектенсең болашақта жолың ашық екендігін ұғындырады.
4.Тапсырмалармен жұмыс:
Сөздікпен жұмыс
нәфрәтлі-жиіркенішті
ғибрәтлі-үлгілі
Сұрақ-жауап.
Өлең қандай тақырыпқа жазылған?
Абай жастарды қандай болуға шақырады?
Өлеңнің қандай жолдары нақыл сөздерге айналған?
Ақынның өлеңіндегі бес асыл істі ата.
Бес дұшпанды жаз.
Өлең қандай ұйқаста құрылған?
Неше бунақтан,неше тармақтан тұрады?
Сенің ойыңша бес дұшпан мен бес асыл іс қайсылар?Сендер қандай ойлармен толықтырар едіңдер?