|   Ой қозғау    -Балалар, жақсылық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?   -«Жақсы адам» қандай болады?   «Жақсылық пен жамандық» атты аңыз әңгімені айта отырып, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.   2. Ақынның өмірі жайлы мәлімет   -1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданының «Қошалақ» ауылында туған.   -Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетінде оқыған.   -Мәскеудегі М. Горкий атындағы әдебиет институты жанындағы жоғары курсты бітірген.   -Еңбек жолын Қарағанды көмір шахтасында қара жұмыс істеуден бастаған.   -Оның «Менің Қазақстаным» өлеңін күллі қазақ даласы әнге қосыла айтады.   -«Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдары бар.   Жақсылық жасау дегенді қалай түсіндік?   ·Ақын тілегін қалай жеткізген?   ·Жақсы адам болу қиын ба?   Сергіту сәті. (Қимыл-қозғалыспен көрсетеді)   Мынау – менің жүрегім, бәрі осыдан басталған,   Мынау – басым ақылды, бар жақсыны басқарған.   Мынау – менің оң қолым, мынау – менің сол қолым,   Барлық істі басқарған.   Жақсы адам боп өскенде, жақсылықпен мақтанам!  .   |