|   Күні     |    29.01.2017   |  
  |   Кабинет     |     314   |  
  |   Сыныбы     |     8 «A»   |  
  |   Пәні     |     Қазақ тілі   |  
  |   Пән мұғалімі     |     Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі    Тайшаева Меруерт Жаксылыковна.   |  
  |   Тақырыбы   |    Талғаулы салалас.   |  
  |   Мақсаты   |    Білу: Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру. Ереже сұрау.  Түсіну: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру.  Қолдану: Талғаулы салалас туралы түсініктерін пайдалана отырып, оқулықтан жаттығулар орындату.   Талдау: Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу  жолдарын ұғындыру. Жинақтау: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы құрмалас сөйлемдерден не білгенін жөнінде топтастыру. Күрделі тапсырмалар беру, оқушыларды ойландыру.    |  
  |   Күтілетін нәтиже   |    Білу: Өткен тақырыпты білу.  Түсіну: Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ережесімен танысып түсінеді.   Қолдану: Талғаулы салалас туралы түсініктерін пайдалана отырып, оқулықтан жаттығулар орындайды.  Талдау: Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу  жолдарын ұғынады.. Жинақтау: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы құрмалас сөйлемдерден не білгенін жөнінде топтастыра алады. Күрделі тапсырмалар беру арқылы оқушылар ойланады.  Бағалау: Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді, жалпы салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратады.   |  
  |   Ресурстар   |    Оқулық, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.   |  
  |   Сабақтың құрылымы   |    І. Ақпарат блогы.  ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы.  ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы.  ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы.  V. Күтілетін нәтиже блогы.   |  
  |   Оқыту әдісі   |     «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».   |  
  |   Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі   |    Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.   |  
  |   Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы   |    Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тақырыптың идеясын түсіне отырып баға беру.   |  
  |   Танымдық тапсырмалар   |    Сабақтың ЖБЕА (жаттықтыру және жаңа білімді есепке алу) блогында беріледі.   |  
  |   Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру   |    Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін , суреттерді пайдаланып сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау.   |  
  |   Оқушыда дағды қалыптастыру   |    Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу   |  
  |   Негізгі ұғымдар мен терминдер   |    Талғаулы салалас сөйлем   |  
  |   Ақпарат көздері   |    Интернет желісі, Оқулық.   |  
  |   Сабақты бағалау   |    Оқушының оқу іс-әрекеті деңгейіне байланысты бағаланады.   |  
  |   Психологиялық дайындық       |    Оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлу.                  |  
  |   Топқа бөлу         |      І топ:     
      
       ІІ топ:        
       ІІІ топ:         |  
  |   І. Ақпарат блогы. 6 минут   |    Тақырып жоспары:   1. Талғаулы салалас   2.Жалғаулық шылаулары   3. Тыныс белгілері      |    1-слайд     |     |   Талғаулы салалас       |        |       
         |    2-слайд     |     |    
     Жалғаулықтары:   |        не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, әлде, не болмаса, я болмаса;   
     Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады.   |       
      
      |  
  |   ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы.  6 минут   
      |    І.Білу.Түсіну.    «Динамикалық әдіс» топ болып шеңбер құрып, бір-біріне кезектес салалас сөйлем туралы не білгенін, түсінгенін айтады.  1.Талғаулы салалас сөйлем дегеніміз не?  2.Талғаулы салалас сөйлемнің жасалуы ?  ІІ. Қолдану.Талдау.    Жаттығу жұмыстарын орындау.   Түсіндірмелі салалас пен талғаулы салаласты салыстыра отырып, Венн диаграммасын құру.    ІІІ. Жинақтау.   «Ротация» әдісі арқылы әр топ жаңа тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарды бір-біріне қойып талқылайды, жинақтайды.     |  
  |   ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы.  18 минут   
      |    І деңгей. 114-жаттығу  ІІ деңгей. 115-жаттығу  ІІІ деңгей. Талғаулы салаластың жалғаулықты шылау-ларын қатыстыра отырып, өз ойларынан қысқаша «Көктем» тақырыбына әңгіме құрап жазу.    |  
  |   ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы.  6 минут   
      |     І топ. «Менің бойымдағы құнды қасиеттер»   ІІ топ. «Менің ерекші қасиетім»   ІІІ топ. «Мен үлгі алатын қасиеттер»   |  
  |    V. Күтілетін нәтиже блогы.   |     Сабақты өздігінен бағалау. Сыныптың сабақты оқу қарқыны мен күтілетін нәтижеге қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жазу.   |