Әдебиеттік оқу  
 Сабақтың тақырыбы: Сақина (ертегі)  
 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ертегі мазмұнын ұғындыру, жаңа сөздермен таныстыру,  
 2. Сөздік қорларын , шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәнерін, сахналау дағдыларын дамыту  
 3. Адалдыққа, шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу  
 Түрі: Жаңа сабақ  
 Әдісі: сұрақ, жауап, талдау, пікірталас, әңгімелеу , сахналау, 5 жолдық өлең, фишмок
 Көрнекілігі: интерактивті тақта, ертегі суреттері, тірек сызба , топтық жұмыс, кейіпкерлер костюмдері.  
 І.Ұйымдастыру бөлімі:  
 Психологиялық дайындық: 2 слайд
 Қайырлы күн, досым,
 Сәтті сабақ болсын!
 Күнделігің бүгін  
 «4» пен «5»-ке толсын!  
 ІІІ. Сабақтың эпиграфын оқыту  
 Ертегі, мақал, жаңылтпаш -
 Қазынасы халқымның.
 Солардан алып өсермін.  
 Асылын ата-салтымның.  
 - Балалар, біз эпиграфта оқығандай халық мұрасы- ауыз әдебиеті үлгілеріне нелер жатады екен? Тағы бір нақтылап алайық.  
 Жауап: - Ертегі, аңыз, тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, мақал, жаңылтпаш, жұмбақ....  
 ІҮ.Ертегілердің неше түрі бар.? (3 слайд)
 
 
 
 
 

 Ертегілер
 
 
 Хайуанаттар туралы ертегі Қиял-ғажайып ертегі Шыншыл ертегі  
 Ү. Жұмбақ шешу. Тақырыпты ашу.  
 Қызығушылығын ояту.
 Әшекей бұйым болып табыламын,  
 Арудың саусағына салынамын (сақина)  
 ҮІ. Ертегіні үнтаспадан тыңдату. (4,5 слайд)
 ҮІІ. Оқулықпен жұмыс: «Түртіп алу» стратегиясы . Тізбектей оқу.  
 ҮІІІ.Сөздікпен жұмыс Пиғылы-ниеті, шұрайлы -құнарлы, тізе бүкпей -демалыссыз, бітік - мол,көп, мезгіл- уақыт, бейнет- азап. (6 слайд)
 Топтық тапсырма:(7слайд)
 1 топ:Егер осы сақина сенің қолыңа түскен болса, не тілер едің ?  
 2 топ: Шаруа мен зергерді салыстыра сипатта?(Венн диаграммасы)
 3 топ:Ертегінің соңғы сөйлемін оқы.Қалай түсінгеніңді айт.
 4 топ:Сақинаны сипатта.Сақина туралы жұмбақ құрастыр.  
 Сергіту сәті: "Шөжелерім" бейне роликтен
 Деңгейлік тапсырма: қызыл түс жоғары деңгей, көк түс орта деңгей, сары түс төменгі деңгей.  
 Жоғары деңгей: Мәтіннің мазмұнына байланысты адалдық сөзімен бес жолдық өлең құрастыр.(сэнквейн)  
 Орта деңгей:Адалдық туралы мақал -мәтел жаз.
 Төмен деңгей: Ертегі бойынша сурет сал.
 ІХ. Қорытынды: Ертегіні сахналау.
 Х. Үйге тапсырма: 1. «Адалдық - адам келбеті» тақырыбына эссе жазу.
2. Ертегіні оқу.
 ХІ.Бағалау:Мадақтау арқылы