
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Ақмаржан Сексенқызы Бақытова
 Жаңаөзен қаласы
 №18 орта мектептің
 қазақ тілі мен әдебиеті
 пәні мұғалімі
  
 Пәні: Қазақ әдебиеті (10-сынып)
 Сабақтың тақырыбы: Қ. Күржіманұлы «Атамекен» дастаны.
 Сабақтың мақсаты: «Атамекен» дастанының мазмұнын білу, мазмұнын талдау арқылы тұжырым жасау.
 Сілтеме: Оқулық, слайдтар, әдістемелік құралдар.
 Оқыту нәтижесі: Дастанды оқиды, мазмұнын түсінеді, идеясын ашады.
 Негізгі идеялар: Атамекенді сүю, қорғау.
 Тапсырма көздері: 1-тапсырма Ой қозғау.Тапсырма парақшалары.
 2-модуль. Сыни тұрғыдан ойлау.  
 2-тапсырма.”Шежіре”  
 1-топ Қазақ халқының тарихы туралы
 2-топ.Кіші жүз қазақтарының мекендеген жерлері туралы  
 3-топ. Адай руы туралы.
 4-топ. Ақпан батыр туралы 1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
 Сергіту. Ән шырқау.
 3-тапсырма. Талдау. ”Атам айтты” 2-модуль. Сыни тұрғыдан ойлау.6-модуль. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
 4-тапсырма. Деректі фильм жасау. 4-модуль. АКТ. 5-модуль. Талантты және дарынды балаларды анықтау. 7-модуль. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
 Кейінгі тапсырма.Үзінді жаттау.
 Бағалау: Топты бағалау, ОүБ, кері байланыс.
 Рефлексия “Ұнады-ұнамады”
 Ұйымдастыру. Сыныппен байланыс орнату. Амандасу.  
 -Балалар сабақты әнмен бастайық.
 “Атамекен” әнін орындайды
 -Осы ән туралы не айтасыз?
 -Тамаша ән. Көңіліңе шаттық ұялатады.
 -Шаттық сезіммен, көңілді күймен сабақты бастайық.
 Сіздерге шаттық өмір, бүгінгі ісіңізге сәттілік тілеймін.
 Топқа бөлу. Жасырылған атаулармен топқа бөлу
 №1 топ.Атамекен
 №2 топ.Атажұрт
 №3 топ. Туған жер
 №4 топ.Отан
 Оқушылар топқа бөлінеді.
 Өткен тақырыпқа шолу.
  -Өткен сабақта қандай тақырыпты сөз еттік?
 Тапсырма парақшыларын орындатып, өздеріне тексерту.
 Тапсырмаларды орындайды, өздерін бағалайды.
  Сабақ тақырыбын ашу.  
 - «Атамекен» дегенде ойыңа не келеді?
 -Ата-бабаларымыздың қоныс еткен жері, бабаларымыздың найзаның  
 ұшымен білектің күшімен қорғаған жері.
 
  Тұсаукеcер. Қызығушылығын ояту. Қазақстан туралы бейнежазба көрсету. «Бір сүйем жер» аңызын үнтаспадан естірту. Оқушыларды мәнерлеп оқытуға үйрету.
 - “Бір сүйем жер” аңызын қалай түсінесіңдер?
 -Отанның бір сүйем жерін ешкімге беруге болмайды, бұл біздің Отандық борышымыз.
 -Біздің атамекеніміздің тарихын білесіңдер ме?
 -Атамекеніміздің тарихы үлкен. Бұл тарих ежелден келе жатқан тарих.
 Түсіндірме жалпылама сұрақтар:
 Негізгі бөлім.Түсіну үшін тапсырма.Төрт топқа тапсырма беремін:
 1-топ.Қазақ халқының тарихы туралы.
 2-топ.Кіші жүз қазақтарының мекендеген жерлері туралы.
 3-топ. Адай руы туралы.
 4-топ. Ақпан батыр туралы.
 
 
 
 
 Топтар тапсырмаларын постермен қорғап, тақырып тұжырымын ашады.
  Сергіту сәті. Ән шырқау. Әр топқа кеспе қағаз таратамын. Кеспе қағаздағы әндерден бір шумақ қайырмасымен орындайды.
 №1 “Армандастар”.
 №2 “Ақ бантик”.
 №3 “Қызыл өрік”.
 №4 “Саржайлау”.
 3-тапсырма.Талдау  
 “Атам айтты...” сұрақтарға жауап айту.
 “Атам айтты...” деген сөзбен бастап, сұрақтарға жауап беру.
 
 Мысалы: Адай руы туралы не білесің? -Атам айтты , адай руы тарихта шежіреге бай ру...
 4-тапсырма . Әр топ “Атамекен” атты деректі фильм дайындау. Ноутбук арқылы фильм дайындайды.
 Қорытынды  
 Сабақтың басты сәттеріне тоқталу.
 -Біз бүгін қандай шығармамен таныстық?
 -Қашаған Күржіманұлы «Атамекен» дастаны
 -Балалар, бүгін не үйрендік?
 -Шежірені үйрендік, ата-бабаларымыздың тарихын үйрендік. Ақпан батыр туралы білдік.
 Рефлексия “Ұнады.ұнамады”
 Оқушылар сабақ туралы пікірін білдіреді.